Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Шыңғыс қаған және ДНК, моңғолдар мен қазақтар

29637

ШЫҢҒЫС ҚАҒАН ЖӘНЕ ДНК, МОҢҒОЛДАР МЕН ҚАЗАҚТАР

Батбаярын ХЭРЛЭН – АҚШ-та Биомедика инжнерия бағытында білім жетілдіреді. 2007 жылы өз жұмысын бастаған. Моңғол Туырлықтылардың Құрылтайы мемлекеттік емес мекемені құрған басқарушы комитеттің мүшелерінің бірі. 2007-2010 жылдар аралығында аталмыш мекеменің элоктрондық беттерін хаттау ісін жүргізген. 2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасының тарих, генетика зерттеуші ғалымдарымен байланыс орнатып, қазір адамзаттың генетикалық тегін анықтау бағытында зерттеу жүргізетін «Фамили Трий ДНК» компаниясында (httr://www.tamilytreedna.com/) «Монгол ДНК» жобасының көмекші ұйымдастырушысы болып қызмет жасауымен қатар өзі тұратын [АҚШ] штатының ауруханасында қатерлі ісікті микробиологиялық емдеу группасында зерттеу жүргізеді.

  Сондай-ақ, ол жастығына қарамастан, моңғолының тарихы мен мәдениетіне қатысты өз елі мен шет елдерде жарияланған түп нұсқаларды тұрақты қадағалап, зерттеп, сол арқылы арнайы зерттеу жүргізіп жүрген, мамандығының сыртында тарих, генетика ғылымы, археология, антрополгия деген сияқты көптеген салаларды қамтыған жан-жақты мол білімді адам екендігі сұхбат барысында анғарылып отыр. Сонымен, ғылымдағы күрделі мамандықтардың бірегей бір саласы  генетика бойынша жемісті еңбек етіп жүрген ғалым қызбен жүргізген қызықты сұхбатымыздың әуелгі бөлімін ұсынамыз.

   ШЫҢҒЫС ҚАҒАННЫҢ Ү-ДНК

Д. Цэрэндорж: Ең алдымен, біздің журналдың шақыруын қабыл алып, ғылыми зерттеу жұмысыңыздың нәтижесі туралы өзіңіздің қорытқан түйін, ой-пікіріңізді оқырмандарымызбен еркін бөлісуге келіскеніңізге және де мұндай мүмкіндікті тудырған Энкиге (Ш. Энхбаяр) үлкен алғыс айтамыз. Сіз қалайша осы бір зерттеу жұмысына ат салыса бастадыңыз? деген сұрақтан бастасақ...

Б. Хэрлэн: Жә, үлкен рахмет. Моңғол тарихы туралы кең білімді, оның үстіне бізбен бірге ғалым Спенсер Велзінің зерттеуіне қатысқан Ш. Энхбаяр аға, Ш. Батбаяр аға сіздермен сұхбат жүргізбек болғаныма өте қуаныштымын. Және де, бұл жолғы сұхбатымда өзіммен қоса, өзге де Моңғол туырлықтарды зерттеуші ғалымдардың және биология (генетиканың), антропологтардың бұған дейін жіберген ортақ қателіктерін түзетіп айтуға қол жеткізгеніме де қуаныштымын.

  Мен 2008 жылы ген зерттеу арқылы адамдардың тегі мен тарих саласына өте үлкен жетістіктер әкелуге болатынына көз жеткізе бастағаннан-ақ, сол кездегі Моңғол туырлықтылардың ата тегін тізімдеп алайын, бұдан өзге тағы қандай ұлттардың моңғолмен байланысты екендігін анықтайын деген мақсат қойғам. Жалпы, соңғы кезде ұлтшылдар, партия қоғамдар, ұлтшыл жастар өте көбейіп кетті ғой. Бұл бір жағынан жақсы нышан болғанымен, келесі бір жағынан өз қаныңды, өз сүйегіңді, тегіңді (ұлтыңды) дұрыс біліп алмасаң, мағынасыз да нәрсе. Сол жылдың күзінде мен Қазақстанда ру, тайпалардың тегін тізімдеп, ары қарай Шыңғыс қағанның Ү-ДНК-ын қызықтап жатқанын естіп қалдым. Сонан ести салысымен, Қазақстанның тарихшы, антрополгы Жақсылық Сабитовпен байланыс жасап, сол кісінің жұмысына көмектесетін болдым. Негізінен, Шыңғыс қағанның гендік кодына қатысты үлкен мәселені Ұлы Британ, Америка, Қытай дегендей кез-келген шет елдің мойнына жүктеуге болмайтындай сезіліп, моңғол адамы болғандықтан, өз үлесімді қосайын деп ойладым.

  Енді, сіздің сұрағыңызға жауап берсем, Сабитов және ол кісімен бірге жұмыстайтындардың ерекшелігі, олар Шыңғыс қағаннан тура тараған, аталас көптеген адамдарды зерттеулеріне енгізген. Зерттеуге қатысқан адамдарды атасақ; Жошы ханның Шайбани ұлынан тараған адамдар және қазақтың ақ сүйекті «төре»-лері; Батмөнке Даян ханның Мандухай хатынан шыққан Төрболат, Алчиболат және өзге де хатындарынан көрінген [туған] Гэрсэнз Хонтайжының Сайн тайж ұрпағы болып келетін жігітті тауып Ү-ДНК-ын тексерген. Сондай-ақ, Нирун тайпасынан тарағандарды да зерттеуге қатыстырған. Мұнда: Қатаған, Дулат, Маңғыт, Бесүт қатарлылар. Және «Фамли Трий ДНК» компанияда Жошының тағы бір тармағының адамының Ү-ДНК, Индиядан Барлас руының Ақсақ-Темір ханның тегінен 10-ға жуық адамның Ү-ДНК келуі зерттеу жұмысына үлкен үлес қосқан. Негізінен зерттеу жұмысы барысында қолбайлау болған қиындық  - адамдардың зерттеу қортындысының әртүрлі шығуы болды.

Ш. Энхбаяр: Батыстың элокторндык газеттерінде «Қазақтар Шыңғыс қағанның ұрпағымыз дегендерін дәлелдеу үшін күресуде» деген мақалалар көптеп кездеседі. Біздікілер де [моңғолдар] осыған қарсы жақтан біраз шуласып алған көрінеді. Жалпы, Қазақ  ғалымдары Моңғолдардың гендік зерттеуіне осыншама көңіл бөлуінің себебі неліктен? Және де, осы жөнінде әдейі жалған зерттеу ақпарат тарату мәселесі де шет елдік кейбір ғалымдардың тарапынан болатын сияқты?

Б.Хэрлэн: Ол жағдай былай екен. Қазақстанда жүргізіліп жатқан зерттеу өте кең көлемде, өте үлкен аумақты қамтып, көп жылдар бойы жалғасып келе жатқан қомақты шара. Зерттеушілері де моңғолдарға бүйректері бұратын, турашыл адамдар. Барлық тесті жауабын титтей де бұрмаламай жариялайтындықтан, көптеген сындар Орыстар, шет елдік газет-журналдар тарапынан, қарапайым Қазақ адамы мен Моңғолдардың тарапынан соларға жетіп жатады. Солардың барлығына кеңдік танытып, зерттеулерін шынайы түрде жалғастырып жатқандары құптарлық. Бірақ та, қалай ойлағанмен, 13 миллион Қазақ адамының әрқайсынының көңілін табу мүмкін емес, әсіресе, ақыл-ес тоқтатпаған жастардың көңілін табу. Соңғы буынның Қазақ жастары қыңыр еркелеп жүр деп үлкендері тарапынан айтылып жатады. Қазақтың әрбір тайпаларының Моңғолдар туралы көзқарасы әртүрлі. Негізінен, Алшындар онша жақсы емес болса, Ұлы жүздіктер тіптен ағайын-туыстай, Орта жүздіктер жай ғана достық сезіммен дегендей, солай.

  Демек, Моңғолия қазақтарының арасында ру айтысып [бөлініп] шектелмей, есесіне Отанын сүйіп, оның гүлденуін біз сияқты армандайтын білімді, ақылды адамдардың көп екендігін Қазақ адамдарының өмірін жақыннан бағамдап көргеннен кейін білетін болдым. Моңғолдан Қазақстанға барған адамдар Өзбекстан, Орыс, Қытай елдерінен барған қазақтардан білім, мамандық деңгейі жағынан статистикалық зерттеу бойынша жоғарғы тұратындықтан, сондай білімі жоғары адамдарды қалайда Қазақстан ғой десек те, беруге сараңсып, қимайтын сезімде болады екенсің (күлді).

  Маған Моңғол Құрылтайында жұмыстаған кезден бастап Қазақ ұлтымен тату-тәтті болайық деген нақты ой пайда болды. Белгілі нәрсе, бұл қатаң ойым сол кезде бірге жұмыстап жүрген адамдармен түсінбестік жағдайға да апаратын. Бірақ, мен бұл ойымнан ешқашан қайтқан емеспін. Жалпы, Қазақ ұлты дәл қайдан шыға келді дегенді Қазақстанның тарихшылары да жақсы білмей жүрді ғой. Шарасыздан Сақ, Скит, Моңғол деген сияқты әртүрлі болжамдарға барды. Десе де, мен өз басым Қазақтың ру, тайпаларының таңбалары, моңғол жылқыларының таңбалары, Моңғол Хандығының теңгелері, сондай-ақ, ұлттық ырымдары, мәдениет, салт-дәстүрлерін салыстыра қортындылап, Қазақ пен Моңғолдың арасында аса ерекше байланыс бар деген түйінге келген едім. Осы генетика зерттеуі деген нәрсе алғаш пайда болысымен, Қазақтарда Моңғолдардікі деп аталатын Гаплогрупп С3 неліктен сонша жоғары болады дегенді анықтау үшін Қазақстанның бір топ биологшылары, тарихшылары бас қосады. Кеңес Одағы тарапынан Қазақ ұлтын ерте замандарда сары шашты, көк көзді, ұзын бойлы Еуропа тұрпатты болған, Моңғол шапқыншылығы кезінде зорланып қыз, келіншектері көптеп бала көтергендіктен, Азия тұрпатына ауысты деген үгіт жүргізетін. Бұны Қазақстан ұлысы тәуелсіздік алып, жеке шыға бастаған кезден Қазақ ұлтын құртып, ұлттық азаттық пен мақтаныш сезімін жоюға арналған қасақана ми тазарту екендігін мойындайтын болды.

  Менің ойымша, шет елдіктер Қазақ, Моңғолдың тарихи байланысын ұмыттыруды қалайтын сияқты. 2009 жылы Орыстың зерттеушісі Сергей Каржавин: «Еуропа текті Қазақ ұлты Гаплогрупп С3-ті болуы –  Жоңғар хандығына беріліп, зорланғаннан болған. Демек, бүгінгі күнгі Моңғолдар – ежелгі Моңғолдар емес, Мәнжі, Қытайлар болмақ» деген 56 беттік жалған зерттеу материалын жарыққа шығарды. Каржавин деген адамның басқыншылық көзқараспен мұндай нәрсе жасағаны анық еді. Неге десеңіз, әдеттегі зерттеу материалы 3-10, жоғарғысы 15-20 беттен тұрады. Және де, ешқандай биологиядан білімі жоқ адам болса да 12 бетті салыстыра қарауға өте оңай.

  Сөйткенде, бағыма қарай Жақсылық Сабитов жолдас Каржавиннің зерттеуіне жауап болдырып, екі бірдей зерттеу  қортындысын жариялап, сонымен қоса мынадай мәлімдеме жасады: «Сөзсіз, қазіргі Моңғол ұлтының арасында Қытай, солтүстік Азиялық делінетін Гаплогрупп 03 бары рас. Солай десек те, Гаплогрупп 03 Қазақ, Қырғыз, Қарақалпақ, Өзбек, Ұйғыр қатарлы ұлттарға да тарауымен бірге, ол Найман қатарлы ежелгі көшпенді тайпалардың негізгі Гаплогрупп-і себепті, Моңғол ұлтын Мәнжі, Қытай деуге ешқандай негіз жоқ.»

  Менің ойымша, бұл – Сабитов деген адамның шынайы жүрегінен шыққан мәлімдемесі. Жалпы, Моңғолдардың арасында да ұлттың бірлігін ойламай, «Ішкі моңғолдар – Қытай» немесе «Халхалар – Мәнжі-Қытайдың шаталары» деп менсімбей айтатын адамдар болады. Неліктен сол адамдардан Сабитовтан шығатын ыстық сезім шықпайды деп ойлаудың  өзі бір түрлі қызық нәрсе. Ең негізгісі, тек Қазақтардың арасына ғана емес, түгел Орыс тілділердің әлеміне осылайша Моңғолдар үшін зекіре дуыстап, Моңғолдарды қорғайтын, ниеті түзу тарихшы, антрополгтың [Ж. Сабитовтай] болғанына мен Моңғол адамы ретінде әрдайым шын жүректен ықлас танытып жүремін.

Д. Цэрэндорж: Сұхбатымыздың негізгі тақырыбы –  «Моңғол адамның [ұлтының] генетикалық тегі»-ін, оны анықтау, зерттеу жұмысынан басталып, арықарай кең ауқымды қамтып отырғандықтан, сіз ең әуелі, ДНК тест деп нені атайтыны жөнінде мамандық тұрғысынан оқырмандарымыз ұғатындай түсінік бере кетсеңіз?

Б. Хэрлэн: Жә, алдымен Ү-ДНК тест деп нені айтатыны жөнінде азырақ түсіндіріп берейін. Адамда барлығы қырық алты хромосом болады. Оның екеуі аналық жыныс жазушасынан, қалғаны аталық жыныс жазушасынан екендігін біз білеміз. Олай десек, әйел адамның жыныс жазушасы ХХ деген қос хромосом болатын болса, еркек адамдардікі ХУ болады. Сондықтан, негізінен Шыңғыс қағанның Ү-ДНК-н анықтау дегеніміз – сол У жыныстық хромосом-дағы нуклейдің қышқылын зерттеу деген сөз. Осы Ү-хромосом әкеден балаға ауысқанда еш өзгермейді. Десе де, генетикалық сараптаманың кез-келгені Ү-ДНК-ні анықтамайды. Мысалы: 2000 жылдан бұрынғы адам ұрпағына қатысты генетикалық зерттеулер көбінесе мтДНК немесе анадан ұрпаққа тура жалғасатын митохондри-ді зерттейтін.

  Моңғолдардың мтДНК-н анықтаған өте көп шетелдік зерттеу материалдары бар. Сол сияқты тектік ауырулар, арақ спирттің реакциясы деп көп нәрсені ДНК тест арқылы анықтауға болады. Әйтсе де, қазіргі біздің қызықтап отырған Ү-ДНК тестсін ғалымдар жетілдіріп, тест жауабын Ағылшын тілінің әліппесінің A-S дейінгі әріптерімен Гаплогрупп болдырып нөмірлеген. Әрбір Гаплогрупп өз ішінде тағы бөлінеді. Барлық адамзат Африка құрлығынан шықпаған Гаплогрупп А-дан тараған. Бірақ, А құрамы В және СТ деп бөлініп, СТ ары қарай C, F, D, E деп бөлінеді. Дүние жүзіндегі барлық адамның 90 пайызы Гаплогрупп F-дан бөлінеді. Ағылшын, Қытай, Корея, Араб адамдарын көрсеңіз, түр-түсі басқаша көрінгенімен, Гаплогрупп F оның төменгі бұтағы IJK-ден салаланған, олар 40,000 45,000 жыл бұрын өмір сүрген бір адамның ұрпағы дегенге сену қиын.

 Бірақ, көптеген Моңғолдардың Ү-ДНК Гаплогрупп-і С3 болады. Бұл Гаплогрупп С-дан шыққан. С және F осыдан 60,000 жыл бұрын ажыраған. Олай болса, талай жылдар бойы көршілес өмір сүрген Моңғолдар Қытай, Корея, Тибет, Жапон сияқты Азия елдерінің адамдарынан уақыт ағымымен тектік тұрғыдан қаншалықты алыс болса, соған сәйкес дүние-таным, салт-дәстүр, мәдениеті жағынан соншалық алыс тұратыны қызықтырады. Бір жылдың алдында ма деймін, Моңғол мен Корея шығу тегі жағынан бір деген мақала жарық көрген-ді. Енді сол мақаланы мен генетикалық зерттеуім арқылы жоққа шығарып отырмын. Моңғолдарға ең жақын ұлт –  Қазақ ұлты. Жалпы дүниедегі адамдардың 90 пайызы Гаплогрупп Ғ-дан тарайды, біз қалған 10 пайызын еншілейміз десек, тіптен Қызыл Кітапқа жазылуға жақын тұрғанымыз жоқ па (күлді).

  Негізінен Ү-ДНК тестінің жауабы барлық 111-ң маркер соған қарасты жеке адамның тест жауабы ретімен құралған цифрлар көрсеткіші деп түсінуге болады.

Ш.Энхбаяр: Жуықта «Қытайдың Ауыл Шаруашылық лабораториясы Моңғолдардың генінің ретін алғашқы боп толық дәлелді» деген мақала жарық көріпті, осы туралы не айтасыз?

Б. Хэрлэн: Шынында менің де, асығыс Моңғолдарға түсінік беруді ойлағаным да –  дәл осы мақалаға қатысты. Бұл зерттеуде Ішкі Моңғолияның Сөнид аймағының тайжі текті адамынан зерттеу алынды депті. Әйтсе де, біздің жақсы білуімізше, біріншіден: бұл алғашқы боп Моңғолдардың гендік ретін анықтаған нәрсе емес, екіншіден: Шыңғыстың ұрпағын кірістірген алғашқы зерттеу емес, ең негізгісі, бір ғана адамның Ү-ДНК тест жауабымен Шыңғыс қағанның Ү-ДНК анықталды деп қортынды шығаруға болмайды. Адамдар қате жауаптарды салыстыру арқылы түсінбестікке жол беріп қоймасыншы, деген мақсатпен асығыс түсіндірме жасауды ұйғардым. Біз Ішкі Моңғолияның тайжі, ван текті адамдарынан жетерліктей зерттеу алдық деп ойлаймыз. Негізінен, менің ойымша Шыңғыстың ұрпағын жеткілікті зерттедік. Алай да, зерттеудің негізгі қортындысын шығаруда біраз қиындықтар болды.

Ш. Энхбаяр: 2003 жылы халықаралық атаудағы, үлкен ғалымдар адамзаттың генетикасын зерттеу барысында Моңғолдарға қатысты бір супер ген тапқаны бар. Олар осы жөнінде 3 болжам ұсынған екен. Соның ең қажет-ау дейтіндейі, Шыңғыс қағанның және оның тікелей ұрпақтарынан тараған хандардың генін қарастырғаны. Осы зерттеуге моңғол жағынан қатысқан ғалым Дашням ақсақал “Histori ChanneL”-дің деректі фильміне бірге жұмыстап жүріп бірталай ауқымды ақпарат берген. Бұл туралы не айтар едіңіз?

Б.Хэрлэн: Шыңғыс қағанның Ү-ДНК туралы сіздің айтып отырғаның бойынша негізінен Ұлы Британның зерттеушілерінен құралған халықаралық ғалымдар 2003 жылы алғашқы қортындыларын шығарған. 2003 жылы жүргізген зерттеу арқылы ол ғалымдар Моңғол ұлысын қоршаған Азияның 16 ұлыс, ұлтының 26 тайпасы құрамынан Ү-ДНК зерттеуін алып, соның арасында 15 маркер-де ең көп қайталанып тұрған 8% -ің Ү-ДНК кодын Шыңғыс қағандікі деп жариялаған болатын.

  Содан кейін сол 2003 жылдағы зерттеу группасының бір мүшесі болған Американың биологы Спенсер Велз АҚШ-та тұратын Моңғолдардан аталмыш зерттеуді 12-маркерлі тестімен алған. Сол кезде деректі фильм жасалып жатқан. Зерттеу беріп, фильмнің сурет түсіріліміне қатысқан адамдар десек, сіз үшеулеріңіз және Еңбек сіңірген әртіс, әнші Т.Ариунааның бауыры деген сияқты адамдар. Әйтсе де, біріншіден, қай-қай зерттеуді де Шыңғыс қағанмен туысқандығы анықталмаған адамдардан алған. Екіншіден, барлық 111 маркерден алғашқыда 15, екінші ретте 12 маркерде алған. Ал, біздің зерттеу нәтижеміз көрсеткендей, бір адамды Шыңғыс қағанның тікелей ұрпағы екендігін анықтау үшін ең бергісі 37 маркерлі тест арқылы зерттеу қажет екендігі анықталып отыр.

  Жауаптың қандайлық салыстырмалы болатыны туралы бір мысал айтайын: Егер,  Шыңғыс қағандікі делінетін Ү-ДНК кодын 12 маркерлік іздеу бойынша іздесе 116 адамнан табуға болады. Ал, 25 маркер болдырып қайталай іздесе не бәрі 14 адам ғана болып азаяды. Және де, 2003 жылғы зерттеу қортындысы, сол кезде шетел басылымдарында жарық көрген мақалалар Моңғол адамның көңілімен оқысаң, өте қолайсыз, Шыңғыс қағанның атына [айтуға болмайтын] жабық нәрсе боп сезілген. Бизнес пен сенсация таратуға көбірек көңіл бөлініп, тарихи мағынасын қалыс қалдырғаны байқалған. Енді сол қате қортындыны түзетіп шығайтындай болғаныма қуаныштымын. Жалпы, әлемде Шыңғыс қағанның тікелей ұрпағынан тараған адамдар өте аз деп айтуға болады.

  Зерттеуіміз негізінен төрт жылға жалғасып келеді. Расында, барлық адамның жауабы бірдей болуы мүмкін емес, және де, адасатындай жағдайлар да көп болды. Десек те, адамдар Шыңғыс қағанның 37, 67 немесе 111 маркеріндегі жауабы не болады деп сұрауы орынды болар. Бұл жауап Қазақстан Республикасының ғалымы Жақсылық Сабитов бастаған ғалымдар ғылыми жұмыстарының нәтижесін баспасөзге жариялағаннан кейін баршаға аян болмақ. Ол жария етілгеннен кейін адамдар Википедия қатарлы энциклопедиялар арқылы көруге мүмкіндік туады.

Ш. Энхбаяр: Сол бір супер геннің шығу тегі Шыңғыс қағаннның ұрпағы емес десе, өзгеше қалай болуы мүмкін. Ең негізгісі, неліктен соншалықты көп тараған екен? 13-ші ғасырда Шыңғыс Қаған деген керемет ақылды, турашыл басшысы болған. Моңғолдар ақыл-ойдың ең жоғарғы денгейіне жеткен болатын. Сондай адамдар зорлық-зомбылық арқылы бұл генді таратты дегенге сену қиын.

Б. Хэрлэн: Мұны Шыңғыстікі емес деп айтып отырғаным жоқ. Бірақ, өте қарабайыр сұрақ. Негізі, далалық Моңғол адамының Ү-ДНК-і деген сөз. «Шыңғыс Моңғол адам болған» деп айту бір бөлек те, «Шыңғыс Нирун аймағының Қият тайпасының Боржұғұн руының Есүкейдің баласы болған» деп айту мүлде бөлек. Қазіргі Халха және Ішкі Моңғолдың ерлерінің 37%-ы бұл Шыңғыстікі деп аталған Ү-ДНК-ні жүктеп жүр. Бірақ, дәл Шыңғыстың ұрпағы саналатындары 0,01%-дан да аз. Мен де бір жыл, екі жылдың алдында мүмкін деп ойлап жүргемін. Енді оның мүмкін емес екендігіне көзім әбден жетті.

Мысалы: Қазақстанда осы Ү-ДНК Абақ, Ашамайлы, Уақ (онгут), Керей қатарлы дәстүрлі Керей текті тайпалардың көшімен тараған екен. Ары қарай, (Ұлы жүз) Дулат, Шанышқылы, Шапырашты қатарлы тайпалар да дәл сондай жауапты көрсетті. Қазақстанның Мақсат Жампейсов және Ақымбеков қатарлы ғалымдары да Ұлы жүз Моңғолдардан шыққандықтан (тарағандықтан) Қазақтың үш жүзіне аға саналып, төр билігін ұстайды деп жазады. Солай бола тұра, олар Шыңғыстан ба немесе оның ұрпақтарынан туған жоқ қой.

  Шыңғыс қағанның шығу тегі туралы, ұрық-ұрпақ жалғасы мәселесіне аса сақтық таныту керек. Сіз 13-ші ғасырдағы Моңғол әскерінің  дүниеге көзқарасы туралы тамаша тақырыпты қозғадыңыз. Ертерек кезде «Маңғатты  тырнасаң Моңғол шығады» деген тәмсіл болған. Осы жақында ғана Орыстың «Правда» газеті, Американың  «Таймс» журналдарында Владимир Нужный деген РФ-ың денсаулық министірлігінің қызметкері: «Орта есеппен Москава халқының 50% Моңғол генді болғандықтан, Орыстар арақкеш келеді»,- деп құсқың келетін сұхбат беріпті. Сөйте тұра, Орыстардың арасында Моңғол генді  адам болмайды.  Тіпті де нөл пайыз.

  Керісінше, Орыстар болғанда Беларус, Украина сияқты Славьяндарына қарағанда, Сибирдің Ненет сияқты Самоед адамдарымен 30%-ы бір Ү-ДНК  жүктейді. Сондықтан бұл жолғы зерттеудің нәтижесінде біз 13-ші ғасырдағы жаугершілік замандағы Моңғол хандары, Моңғол әскерлері жаулаған елінің қыз-қырқындарын күстәнәлап, жабайы жыртқыштар мінезін көрсетті деген шетел ғалымдарының тұжырымдарына күшті тойтарыс береміз дегенге сенімдіміз.

  Таралымы көлемінен бұл супер ген дегеннен кейін кіретін бірнеше маңызды Ү-ДНК бар. Бұған: Ойраттың Ү-ДНК-і Қалмақ, Дөрбет қатарлы Батыс-Моңғол халқының таралуын анықтайды. Және, Қазақтың Жаппас деп аталатын шағын руы Ойрат Ү-ДНК-мен анықталды. Икерестің Ү-ДНК-і Орыстың Эхирид-Булагад сияқты Буриаттардікі. Содай-ақ, Қазақтың кіші жүзінің Әлімұлы, Байұлы екеуінің 18 тайпа/ руы сол қалпымен бір тумалы Гаплогрупп С3 болғандығы да қызықтырды. Сабитов бастаған ғалымдар Алшындарды Алчи-Татарлар деп қарастыруда. Мұндағы Әлімұлы мен Байұлы екеуінің адам саны 3 миллионнан асады. Және, бүгінге дейін қай тайпадан екендігі анықталмаған көп таралымды бір Ү-ДНК бар.

Д. Цэрэндорж: Моңғолдың құзырлы мекемелері, ҒА-ың тарапынан жекелей және біріккен түрде осы тақырыпта зерттеу жүргізген мысалдар бұдан бұрындары болған ба? Төр мемлекет тарапынан көңіл бөліп, қолға алған жоба жұмыстары дегендей нәрселер болған ба? Бұл туралы нендей ақпараттар бар?

Б. Хэрлэн: Мемлекет тарапынан нақты қолға алынған іс-шара жоқ деуге болады. Моңғолдарға қымбат болатын тест, бар болғаны 12 маркерлі бір тестер 100$-ға бағаланады. Маркер көбейген сайын бағасы да жоғарлай береді. 2005 жылдан бұрын шетелдіктер де алалмайтын бағада болды. Американың АйБиЭм корпорациясы Нэйшионоль Географикын жобасына қаражат салғандықтан, қазіргі таңда ФТДНК-н тестер бағасы арзандады. Біздің ғалымдар 2003, 2004 жылдары шетел ғалымдарының зерттеуіне көмектесіп жүрген. Жалпы, қазіргі күні ФТДНК компаниясында барлығы 700-ге жуық Моңғолия Республикасынан келген зерттеу анализдері сақталғанымен, берер пайдасы да тым шамалы. Биологшылар тарихты жетік білмегендіктен антрополгиялық зерттеуде жарамсыз боп жатады. Ал, біздің елдің жағадайында ататегін жазып, дұрыс таратпайтыны былай тұрсын,  қазіргі Нармай Моңғол көзқарасын ұстанатындардың айтып жүрген түп тектік мәселелерге осы Ү-ДНК зерттеуі үлкен қажет болады.

  Жуықта біздің бір ардагер дипломатшымыз, « Жалпы ғалымдардың гендік зерттеулері бойынша дүние жүзіндегі барлық адам баласының 70 пайызы қандай бір мөлшерде моңғол генін жүктеп жүреді-міс дейді» деуі - өте қате түсінік болған. Және сондай-ақ, «Якут пен сақа ұлты өздерін моңғолмыз деп жүрсе, біз оларға «емессің» деуге болмайды. Оңтүстік Кореяда бір мекеме бар. Атауын аударсақ, «Көк қалды моңғолдар» деген сөз. Өздерін көк қалды моңғолдармыз деп көретін адамдарға біз емессің деп қалай айтамыз.». – депті. Төрт-бес жылдың алдында менің өзімде осы шамалы романтикалык ойда болғанмын. Әйтсе де, ұлттың келешігі мен болашағы, ұлыс-мемлекеттің қауіпсіздігіне байланысты үлкен мәселеге мұндай аңқаулық танытуға болмайтындығын Пан-Монголистілерге жақсылап түсіндіру қажет.

  Көк қал дегеніміз, мысалы: үстіртін мағынада мақтанышты болғанымен, шын мәнінде еш нәрсені білдірмейді. Африкалықтар да көк қалды болады. Қазір біздің зерттеушілер Баонань, Донсиан, Монгур деген сияқты ұлттарды Моңғол деп қате тұжырым жасап жүр. Бір ұқсас тілмен сөйлеу дегеніміз -  бір тектен тарайды деген ұғымды білдірмейді. Анау Ұлы Моңғол мемлекеті кезінде топтастырылған  дархан (ұста), тариачин (егінші) адамдар түгелдей Қытай қатарлы жат ұлттың адамдарынан құралды емес пе. Дәлірек айтқанда, Түркі, Корея, Тибет, Еділ Татарлары бізге еш қатысы жоқ немесе өте болымсыз мөлшерде ғана қатысты. Жастық кезінде әнші Алсу моңғол қандымын деп өз деңгейінде біраз мақтанатын.

(Жалғасы бар)

Аударған Жүкел ХАМАЙ  


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?