Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Стамбулда қазақ тарихшысы Ермұхан Бекмаханұлы туралы халықаралық симпозиум

29598
Стамбулда қазақ тарихшысы Ермұхан Бекмаханұлы туралы халықаралық симпозиум - e-history.kz

14.04.15

Мимар Синан көркем өнер университеті және Түркі әлемі муниципалитеттері қауымдастығы (ТДББ) 2015 жылы, 15-16 сәуір күндері қазақтың тұңғыш тарихшысы Ермұхан Бекмаханұлының 100 жылдығына орай «Кеңестік тарихнама және Қазақстан тарихының мәселелері» атты халықаралық симпозиум ұйымдастырып отыр. 

Оған Қазақстан, Түркия, Солтүстік Кипр Түрік Республикасынан тарихшылар қатысатын болады. АҚШ пен Жапониядан кейбір маман тарихшылар мақалаларымен симпозиум жұмысына үлес қоспақ. Симпозиумға ұсынылған баяндамалар кейін түрік, қазақ және ағылшын тілдерінде кітап болып жарық көреді. 

Кеңестік жүйе тек әлеуметтік және саяси салаларға қана бағыт-бағдар беріп отырған жоқ, ол сонымен қатар ғылым, мәдениет және өнер, әсіресе тарихнаманы да сомдауға күш жұмсады. Өзіндік қатаң ережелері болған Кеңестік тарихнама тарихшылардың өз беттерінше еркін зерттеу жасап еңбек жазуына мүмкіндік бермеді. Ал ол ережелерді елемеген немесе байқамай қалған қалған тарихшылар аяусыз жаншып тапталды. 

Міне осылайша, Сібірдегі еңбек лагерлеріне жіберілген тарихшылардың бірі Ермұхан Бекмаханұлы еді. Тарих ғылымының докторы атағын қазақта бірінші алған тарихшы ретінде дараланатын Бекмаханұлы, Патшалық Ресейге қарсы аса маңызды көтерілістік қозғалысытың көшбасшысы Кенесары хан (1802-1847) туралы 1947 жылы кітап жариялағаны үшін қудаланды. 

Бекмаханұлына қарсы сын "Правда" және басқа да газеттерде орын алды. Соның салдарынан ол 1952 жылы тұтқындалып, сотталды да 25 жылға Сібірге еңбек лагерлеріне айдауға жіберілді. Бекмаханов 1953 жылы Сталиннің өлімінен кейін 1954 жылы ақталды. Университетте қызметіне қайтарылды. Ол 1966 жылы 6 мамырда қайтыс болғанға дейін, ғылыми-зерттеу және ағарту жұмыстарын жалғастырды. 

Қазақ ұлттық тарихының жазылуына қомақты үлес қосқан Бекмаханов биыл туғанына 100 жыл толуына орай Қазақстанда түрлі ғылыми жиналыстар және басқа іс-шаралармен еске алынып мәдени мұралары талқылануда. 

Стамбулдағы симпозиум барысында Бекмаханұлының өмірі мен еңбектері сондай-ақ кеңестік тарихнаманың түрлі аспектілері талқыланады. Симпозиумға Қазақстаннан т.ғ.д. профессор Арайлым Мусағалиева, т.ғ.д. профессор Данагүл Махат, т.ғ.д. профессор Айталы Оразбаева, т.ғ.д. доцент Дәркен Құрманғали, т.ғ.д. доцент Роза Мұсабекова, Солтүстік Кипир түрік республикасынан т.ғ.д. доцент Елнұр Агаев, Түркияның өзінен т.ғ.д. профессор Әбдіуақап Қара, т.ғ.д. доцент Ілияс Камалоғлы, т.ғ.д. доцент Исмаил Тұркоглұ, т.ғ.д. доцент Эмин Өздемір, т.ғ.д. доцент Гүлнар Қара, с.ғ.д. доцент Мәриям Хаким Кырымлы, т.ғ.д. доцент Ибрахим Қалқан, т.ғ.д. доцент Лейсен Шахин сынды Кеңестік тарихнама және Қазақстан тарихы бойынша маман тарихшылар баяндама оқиды.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?