Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Жылқаман батырдың өмірі мен ерлігі

29475

Жылқаман батыр 1712–1796 жылдары өмір сүрген тарихи тұлға, қазақтың майталман қолбасшыларының бірі. Оның бір ерекшілігі өз заманындағы батырлардың арасында алғаш мылтық ұстаған және өте мерген, шапшаң адам болған. Кіші жүздің алты Әлімнің ішінде Шекті руының Жақайым аталығының батыры Жылқаман Отыншыұлы 1712 жылы Қызылорда обылысы Арал ауданы, Бөген елді мекенінде дүниеге келген. 1796 жылы 84 жасында дүниеден озып, Қарақалпақ жерінде Нұрата өңірінде жерленген. Жылқаман батыр Жоңар-Қалмаққа, Сыр бойын мекендеген Кіші жүз қазақтарына Қоқан, Хиуа хандықтарының шапқыншылықтарында қайтпас батырлығымен, көзсіз мергендігімен, жауды жайпап, теңдессіз ерлік көрсеткен. 

Жылқаман батыр елінің азаттығы үшін Жоңғар шапқыншылығына және Ресейдің отарлау саясатына қарсы шыққан сол уақыттағы Батыр сұлтан, Сырым Датұлы,Құлбатыр, Сартай, Жанқожа, Толыбай, Есет Көтібар батырлармен тізе қосып, біріне, аға, біріне іні болып, талай шайқастарды басынан өткізген. Сонымен қатар Жылқаманның шығу тегіне келер болсақ, Кіші жүздің Шекті руының Жақайым аталығынан тарайды. Жылқаман батырдың шыққан тегі тікелей таратсақ, Аманжол Сақыпұлының «Жылқаман батыр» кітабында өзіне дейін былайша өрбиді: Кіші жүз — Әлім — Шекті(Жаманақ) — Шыңғыс — Жақайым — Көгіс — Торжымбай — Көшімбет — Қарабатыр — Байшаған — Нұралы — Отыншыұлы Жылқаман деліген [1]. Қазақ пен Жоңғар соғысы кезінде Сартай мен бірге Жылқаман, Жылқайдар батырлар 13–17 жас аралығындағы «Мың бала» жасағын құрып, жоңғарларға қарсы соғысқа аттанады. Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың қолына келіп қосылады. Жас балалар басқыншыларға қарсы жан аямай күрескен қазақ сарбаздарына үлкен көмек көрсетеді. Осы мың баланың жоңғарларға қарсы соғыста жасаған ғажап ерлігі туралы, ақын Нұрмағамбет Қосжанұлының «Сартай батыр» деген дастаны бар. Мың баланың ішінде ең жасы кішісі, ақшұбар мылтығы бар 13 жасар Жылқаман болатын. Сол соғыста атойлап, жауға шапқан батырларымыздың бірі. Жас батыр сол жоңғарлармен болған соғыстарда қолындағы, ақшұбар аталып кеткен орыс мылтығымен, қарсы келген жаудың жасағын бірінен соң бірін жусатып, сонымен қатар құралайды көзге атқан мергендігімен-де жалпақ елге танылған.1726 жылы Ордабасыдағы кеңеске қазақтың үш жүз өкілдерінің басы қосылады. Ордабасы жиында Әбілқайыр хан бас қолбасшы болып тағайындалады. Міне, осы кезде Кіші жүздің әскерінің құрамында, жасөспірімдерден құралған «Мың бала» жасағы болатын. Ұлы жүздің құрамындағы қырғыз биі Қырғауыл Кіші жүз сапындағы балаларды көріп, Кіші жүз олжа алу үшін он екі жасар балаға дейін жинаған, бұлар періште жарма жарын қайтару керек дейді. Бала-шағаны айдайтын Қалмақ қой емес, — деп билерге жүгінеді. Бұны естіген мың басы, жас Сартай батыр: «Мерген көз жанары таймай, қолы қалтырамай, белі аш күзендей иліп тұрғанда ғана мерген. Жылқаман садақпен қатар орыстың от қаруын да меңгерген. Сондықтан мерген жасаққа жасына қарамай алынған» — деп тілін тезеп тұрып алады. Қазыбек би: Ұлы жүз асығысыңдар, үш Арысты шақыртып, елім аз бен көптің арасын, ақылға салыңдар дейді. Қырғауылға өзіңді өзің көпсінбе аздың аты аз дейді. Осы кезде Қырғауыл ашуланып Сартайға жұлқынып ертең ұйқыңды ашпайсың, сен бала жауды жеңбек түгілі, сыға алмайсың битіңді деп жекиді. Осыны айтып Қырғауыл жақын тұрған Жылқаманға ұмтылады.

Нұрмағанбет Қосжанұлының «Сартай батыр» жырында 13 жасар Жылқаманның өнері былайша суреттеледі: Ашуланып Жылқаман, Қалт, қалт, қалт етті. Қайтпаймын деген дауысы Ақ сұңқардай саңқ етті. Найзадан кетті бұлтарып «Атамын» — деп ант етті. Сүрініп бара жатқанда Жауына қарап жалт етті. Жалт еткенде, ақшұбар Мылтықтың дауысы саңқ етті. Қап-қара түтін ішінен Оқпанның аузы жарқ етті. Қырғауылдың басынан Құс телпегі жалп етті. Мұны көріп тұрғандар Қарқ, қарқ, қарқ етті. Қазыбек, Төле, Әйтеке Жылқаманның өнерін «Ойпырмалап» парқ етті, Күлкіге шыққан ілесе, Ақшұбар тағы дүрік етті. Қырғауылдың қолынан Қамшысы тағы бұлт етті. Жұрдай болып Қырғауыл Жүрегі енді зырқ етті. «Енді өзімді атар» — деп, Артқы жағы тырқ етті. Он үш жасар Жылқаман Қырғауылды күлкі етті [2]. Осы үш жүздің батыр-билерінің басы қосылған жиында, жұрттың бәрі Жылқаманның шапшаң мергендігін байқайды. Бірде-бір адам қалмай мақтап, баланың атын жаттап алады. Ертеңгі күні жоңғарлармен болған қанды майданда үлкен абыройға бөленеді. Жылқаманның сол кездегі жаужүректілігі мен мергендігі, жырда былайша суреттеледі. «Ақшұбар» мылтық білтелі, Білтенің ұшы қызыл шоқ. Дәрігі шоқты тіркеді, Жоңғардың қалың жеріне. Жылқаманды сілтеді, Түтінін қосып түтінге. Даусына даусын тіркеді, Қалың жерге келгенше, Шұбардың даусын іркеді. Оқ тиген жоңғар оқталып, Жан-жағына үркеді. Ақын Нұрмағанбет Қосжанұлының «Сартай батыр» дастанында Жылқаманның ұрыс даласындағы әрбір қимылы, ерлікке толы көркем бейнесі шебер суреттелген. Осы дастанды жазғаны үшін Нұрмағанбет 1937 жылы атылып, шығармаға тыйым салынды. «Тарихта болған оқиға өлеңге айналған соң, өзі ескінің тарихы болып жоғалмайтын болады» (Мұхтар Әуезов). Рас, жоғалған жоқ, қайта тірілді. Жылқаман батыр соғыс соңына дейін екі жауырыны қақпақтай, аптал азамат болып шығады. Жоңғарлармен болған соғыстан кейін, Батыр сұлтан мінезі бірбеткей, Жылқаманды өзінің жанына ұстауға бекінген. Батыр сұлтанға шынайы берілген батырлардың бірі. Сонымен қатар қарамағындағы жасақтарына басшылығына шақырып, әскер қолбасшысы болған. 

Жоңғарлаға қарсы соғыстарда Батыр сұлтан Әлім руларының жасағын бастап, жеке басының батырлығы мен сұлтандық қабілетімен көзге түседі.XVIII ғасырдың 20-шы жылдарының аяқ кезінен бастап Әбілқайыр ханның басты бақталастарының біріне айналады. Әлім тайпалары негізінен Кіші жүз ханының басты қарсыласы Батыр сұлтан жағында болған. Әбілқайыр ханның билігі тек Жетіру мен Байұлы руларына ғана жүрген. Жылқаман батыр туралы деректер баршылық, солардың бірі белгілі жазушы Зейнолла Шүкіровтың «Сыр бойы» тарихи романында баяндалады. Жылқаман ерлігінің бір парасын келтіріп өтеді. «Үш күнге созылған Құрым бидің асында ат бәйгесі, жорға сүресі өтті. Осы аста Жылқаманның мергендігі төрткүл дүниеге тарап еді. Алтын жамбы атуғақшұбармен шыққан Жылқаман күн көзінде қылтылдап тұрған бес бірдей күміс тиынды қолымен сыпырғандай бірінен соң бірін атып түсірді. Жас баланың өнері жиналып тұрған алты Әлімді таң-тамаша қалдырды. Байжан би Жылқаманды бауырына басты. Әйтеке би батасын берді. Сол жылғы елдің әңгімесі Отыншының Жылқаман атты баласының құралайды көзге атқан мергендігі жайлы еді»,- деп жазған. 

Қарақалпақтар Жылқаманның үзеңгілес досы Жылқайдар батырдың ауылын шауып, өзін өлтіріп кетеді. Батырдың кегін қайтаруға барған жорық кезінде, жас Жанқожа жекпе-жекте жеңіп көзге түседі. Жылқаман батыр жасы ұлғайған шағында Жанқожа батырға қан майданда батасын берген. Жылқаман батырдың соңғы жорығы жайында Зейнолла Шүкіров «Сыр бойы» романында былай делінген: Нұртай қашып құтыла алмасын біліп, ақ тұлпарды (Жылқайдарды өлтіріп алған тұлпар) ойнтатып алға шыға берді. — Жекпе-жек! — Жылқаманқасындаиірілгенжігіттердіңжүзінебір-бірқарапалды. Жекпе-жеккекімшығады? — Мен! — Меніжіберші! Дауыс бес-алтыжерденжамырайшықты. МынауқалыңқабақтыжігітқаракесекАқтан… Жасықырыққажақындапқалған. Әріқазаққарапжүреме, ертең «Жылқайдардыңкегіналатыншектітабылмады», — деген шығады .ылқаманныңкөзіТолыбайғатоқырады. Бір кезде Жанқожа торысын тебініп алға шықты. Қақпақ жауырын, апай төс… Нұрымбеттің найзалы баласы шын қайрат иесіне ұқсайды екен. — Жәке, жол менікі еді ғой… Омыраулап шыға берген Толыбайды Жылқаман тоқтатты. — Жылқаман екі сөйлеп көрген жоқ. Күшің бойыңа сыймай баражатса көрсететін жер табылар. Нұртайға Жанқожа барады? — Дұрыс! — Жолыңболсын, Жанқожа! Жанқожашоқытыпшығаберді. Осы кезде Нұртайқарсысалды. — Найзаласты! — Е, әруаққолдайгөр! Бір кезде, ақ шаңдақбұрқетіп, біреуішалқалайқұлап бара жатты. — Жанқожатүсірді! Дүйсенбайкүреңаттысауырғабіркөміп, тура шапты. — Бақтыбай, Бақтыбай! «Бақтыбай» бес Шектініңұраныеді. Осы кезде, Ақтан айтты: Нағыз батыр қасымызда жүр екен ғой! Мақтаныпайтты. Жанқожакаракесеккежиенеді. Жұртжауғақарайжаппайшапқанда, Жылқаман мен, Ақтанкейіндепқалаберді. Қарт батыр аузындағыбатырлардыалақанынасауылдатыптөгіптұр. — Біздіңбастантайғанбақты, соғанберсін, тәңірім… СоныайтқандаЖылқаманныңдаусыдірілдептұрды [3.43–44 б.]. Осы жорық Жылқаман батырдың соңғы жорық еді. Жылқаманның тарихи бейнесі жазушы Әбдісаттар Оспановтың «Жанқожа батыр» деген кітабында көрсетілген. 1731 жылы Кіші жүзге А. И. Тевкелев бастаған орыс елшілері келеді. Ондағы келген мақсаты Кіші жүздің құрамын Ресей ипмериясының қол астына өткізіп, ант қабылдату болатын. Ресейдің бодандығына қарсы, қазақ даласы тағы қарсылық көрсетеді. Қазақ халқының орысқа бағынуды қолдаған Әбілхайыр хан мен елшілік қолына қарсы, Сырлыбай би бастаған (Қыз-Жібектің әкесі) қозғалыста Сартай, Жылқаман, Ақша, Жылқайдар батырлар қарсылық көрсетеді. Қозғалыстың тарихы сол кезде-ақ Тевкелевтің күнделігінде, кейін ғылыми айналысқа түсіп, тарихи еңбектерде, Ә. Кекілбаевтың «Үркер», Ю. Сергеевтің «Петербургский посол» егжей-тегжейлі жазылды. Жылқаман мен Сартай батырлар жастайынан бірге өскен, Сартайдың ең сенімді қарулас серігі болған. Сартай батыр жөнінде зерттеп жүрген Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің аға оқытушысы Бауыржан Еңсепов өз баяндамасында атап өтеді. «Сол қозғалыс кезінде Сырлыбай, Баби би, Сартай бастаған шектілер тұтқында болып Тевкелев құн төлеп басын босатып алған башқұрт Таймас батыр екі жылдан соң 3000 әскермен Кіші жүзге жорыққа аттанып, екі қызының кегін қайтаруға келеді. Алғашында Торғай даласында жайбарақат отырған шекті елін біраз шығынға ұшыратады. Бірақ Сартай, Жылқаман батырлар дереу қол жинап жаудың бетін қайтарады. Бұл жайлы И. Крилов 1734 жылы 1-мамырдағы патшайым Аннаға жолдаған, ақпаратында жазады» [4].

Жылқаман батыр туралы деректердің келесі тобына Гарбер бастаған орыс керуені жатады. 1732 жылы орыс патшасының жарлығымен Хиуаға Гарбер керуені ұйымдастырылады. Уфадан шыққан керуеннің басты мақсаты хиуалықтарға қару-жарақ жеткізу болатын. Әбілқайыр ханға еріп патшаға ант бермеген, Шекті руына қарсы жорық еді. Осы жайтқа хабардар болған, Жылқаман өзі көрген керуен ізіне түседі. Көз ұшында орыс керуенінің қарасы көрінгеннен кейін, керуенді айналып, Бабидың ауылына жолсызбен туралап тартады. Кеш қарая Баби бидің ауылына жеткен Жылқаман Байғараның құнын өндіріп, кеуілдері бірленген руластарының көңілді отырысының үстінен түседі. Жылқаман келген бойда орыс керуенінің теңіздің шығыс беті арқылы, Хиуаға қарай келе жатқанынан хабардар етеді. Орыс қаруымен Хиуа өзбектері қаруланса, ертеңгі күні шабуылдауын айтып, жиналғандарға ой тастайды. Сондықтан алдын алып, орыс керуенін Хиуаға жеткізбестен, оларды осы арадан керуендерін тонауға шешім қабылдайды. Орыс керуенінің алды тұзды сордан өте бергенде, шектілер садақ оғын жаудырады. Орыс полковнигі Гарбер не қыларын білмей, қатты сасады. Қасындағы жасақтары бірінен соң бірі өліп жатқанын көрген полковник Гарбер, ақ жалау көтеріп, келісімге келуге елші жібереді. Жіберген елшілері хабар жеткізеді. Өздері Кіші жүздің ішіндегі Шекті руынан көрінеді. Қарулары сойыл-шоқпар, садақ, найзалары бар. Бір жас жігіттің қолынан шұбар құндақты орыс берданкасын байқадым. Өз еріктеріңмен қаруларыңды тастап, тұзды сордан бері өткендеріңді өлтірмейміз деген талабын жеткізді. Олай болмаған жағдайда бәрінің де аман қалмайтынын ескертті — дейді. Гарбердің келіспеске амалы қалмайды. Өзі бастап барлығы беріледі. Керуенге артылған жүктің жерлерінен өткендігі үшін баж салығына және Тевкелевке қарсы қозғалыс кезіндегі шығының өтеміне алынады. Керуендегі мылтықдар мен оқ-дәрілер, азық-түлікке дейін түгелдей тәркіленеді. Бұл оқиға Анна патшайымға да жетеді. Бұл туралы Ресей патшайымы 1732-жылы, жетінші қазанда Әбілқайыр ханға төмендегідей мәтінде хат жазады: «…получены здесь извести, коим образом киргиз-кайсаки, противно своему обещанию и присяге быть в верном подданст¬ве, полк артиллерии нашей Гарбера и отправленной с ним в Хиву и Бухару купеческой караван разграбили и в нем людей и подданных наших до смерти побили» дейкеліпханға: «…все погребленные из каравана сыскать и возвратить, и участников того воровства наказать и вперед от таких противников поступков унимать и жить как добрым и верным подданным принадлежить»[5. 94 б.] — деп талап қояды. Мұны естіген Әбілхайыр хан Батыр сұлтан, Сартай, Жылқаман бастаған шекті руларының батырларына қатты ренішін білдіреді. Мұрағатта сақталған бір құжатта орыс үкіметі «Азия керуендерінің қауіпсіз жүруі үшін қазақтардың мықты руларының старшындары мен старшын балаларынан жылына төрт адамды, әсіресе, солардың ішінде шекті руынан ұстап қалу қажет» деп анық жазылған. Құжатта одан әрі «өйткені шектілер — бүкіл қазақ ордасындағы бірінші әрі ең мықты ру. Бүгінге дейін Орынборға тонауға ұшырамай келген керуендер болса, онда олар тек шектілердің қорғауымен келгендер» делінген [6].

 Одан әрі мұрағаттық деректерді саралап қарасақ, Жылқаман батырдың Сырым Датұлы бастаған ұлт азаттық көтерілісіне қатысқанын айғақтайды. Ол туралы мұрағатта былай жазылған. Әлімнің шектісінен, соның ішінде Жақайымнан жиналған 600 қарулы адамдар, Байбақтыдан 500 адам Жемнің жоғарғы, ағысына жиналды. Бұлардың саны күнен-күнге арта бастады [7]. Соған қарағанда Жылқаман батыр бұл кезде Сырым қасындағы топта болса керек. Патша үкіметінің отарлауына қарсы болған Сырым батыр көтерілісшілер жасағын күшейту үшін жер-жерге адамдар жіберді. Осы кезде Шекті руын басқарып отырған би-батырларға арнайы хат жолдап, көмек сұрайды. Сырым батырдың хатын алған Сартай би: «жаныңда Әлімнің туын көтеріп жүрген Сегізбай, Қаракөбек, Шүкірәлі батырларлар жүр. Жайықтың бойы қонысың болса, басыңа әлдеқандай күн туа қалған жағдайда келіп паналайтын Сырдың бойы өрісің. Бұл жақтан бәріміз атқа қонып бет алсақ, ойдан өзбек өргелі тұр. Сондықтан Сыр шектісінің екі мың қолына бас болып, Жылқаман батыр аттанады өзім іштей тілекші болып сыр бойында қаламын…», деген мазмұнда жауап хатын жолдайды. Хан мен патша әскеріне қарсы ұрыста Сыр шектісінің қолын басқарып барған Жылқаман қос жауырынан жарақат алады [8.31 б.]. Жылқаман батыр осы азаттық күрестерде-де, кейінде Сырым Датұлымен бірге қартайған шағына дейін қоян-қолтық арласқан.

Тағыда дерекке сүйенсек, Зейнолла Шүкіровтың «Сыр бойы» деген тарихи кітабында былай жазылған: «Хиуа ханы тұтқындаған қазақтың 500 жігітін бір өзі барып босатып алды. Қазақтың хас батырларының бірі, қоқандықтар қамауға алған Сырымды аман-есен алып шықты. Сексеннің сеңгіріне шығып отырған шағында атқа мініп, қол бастап, өші кеткен дұшпаннан кек қайтарды», — делінген. Осы оқиғаларды сараптай келе, ой түйгенде Жылқаман батырдың Ресейді шын мәнінде қолдамағаны белгілі. Жылқаманның ержүректі батырлығы жөнінде көптеген, аңыз әңгімелер ел арасында айтылып келеді. Жылқаман батыр жауға кездескенге дейін атының тартуы тартпасыз, ауыздығы салусыз, мылтығы оқтаусыз, ешқандай дайындықсыз келеді екен. Бірақ жау көрінген кезде, барлығы дайын болып, жауға қырғидай тиеді екен. Қартайған шағында келген, ағайындары одан: — Бұл дүниеде қандай арманыңыз бар? — деп сұрапты. Сонда қарт батыр: — Мылтықтың түтінін түтініне қостым, бірақ оғына оқ қоса алмадым, — деген екен. 1999 жылы Арал ауданы, Бөген елді мекенінің сыртында Тұяқты сордың басынан көне ескерткіш тапты. Араб алфавитімен жазылған белгі Жылқаман батырдікі екендігін анықтады. Сол суреттегі жазуды Қызылорда мемкелеттік унверситеті шығыс тілдерінің кафедрасының меңгерушісі Асқар Тұрғынбаев оқып, «Жақайым Жылқаман батыр» — деген сөзді анықтайды. Белгі қойған жерге Аманжол Сақыпұлы, Асқар Тұрғынбаев және Базарғали Ысқақов келіп, құлыптастан: «Шекті руы Жақайым тайпасы, Отыншы баласы Жылқаман батыр 84 жасында опат болды» — деген жазулар жазылған. Сайып келгенде, Жылқаман Отыншыұлы қазақ халқының біртуар ұлы. Жоғарыдағы мұрағат деректерді, естіген және оқыған дәлелдемелерді келтіре отырып, Жылқаман батырдың тарихта ерекше орны бар тұлға екенін танытқымыз келеді.

Дәулет ЕСЕНОВ БАҚЫТЖАНҰЛЫ, «Болашақ" университетінің Тарих факултетінің 3-курс студенті Ғылыми жетекшісі: Асқар ЕҢСЕПОВ ӘЛИҰЛЫ, тарих ғылымдарының кандидаты, «Болашақ" университеті.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Сақыпұлы А. Жылқаман батыр, -Қызылорда: Тұмар, 2006ж.

 2. Қосжанов Н. Сартай батыр дастаны / өңдеген Ө. Жолымбетов. — Алматы: «Қаржы-қаражат», 1997. -69 б. 3. Шүікров 

З. «Сыр бойы». Қызылорда, 1998ж. 

4. Еңсепов. Б. Сартай батыр туралы тарихи деректер не дейді? Ана тілі газеті, 13 маусым 2013ж. 5. Казахское-русское отношения в ХVI-ХVIII веках. Алматы 1961ж.

 6. РИССМ.122қ., 122/2т.,1763–1775, 16 іс, 29-30п.

 7. РФ. СПб., Тар. Инс. Бөл. Воронцов жинағы. 1185-ші 3 рет. 105-106-ші пп. 

8. Кеңесов Ж. Сартай батыр. — Алматы: «Дала», 2011ж.-248 б.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?