«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев
Бұл күн тарих бетінде

Ағатанов Елебек Байғабылұлы

586

Ағатанов Елебек Байғабылұлы (23.11.1961, Амангелді ауд. Рахмет а. - 22.06.1982, Ауғаныстан) – Ауған соғысының қаhарманы, механик, танк жүргізушісі. М.Әуезов атын. орта  мектепті бітірген соң 1980ж. Амангелді ауд. соғыс комиссариатынан азаматтық борышын өтеуге аттанды. Қысқа мерзімді әскери курсты тамамдап, 1981 ж. мамыр айынан бастап үшінші танк батальонының құрамында (56997 д.п.) Ауған соғысына қатысқан. Дұшпандарға қарсы соғыс барысында ерлікпен қаза тапты. А. Жауынгерлік Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған. Жас батырдың мәйіті туған жерге жеткізіліп, 1982 ж. 30 маусымда Рахмет атындағы зиратқа жерленіп, қабірінің басына ескерткіш орнатылды.

ТОРҒАЙ ЕЛІ. Энциклопедия / Құраст.Т.Рсаев. –Алматы: «Арыс» баспасы, 2013.-456 бет+16 бет түрлі түсті суретті жапсырма.

ISBN 978-601-291-179-4