Қазақтар құлан, сайғақ және
жолбарыс терісін, сондай ақ су тышқан, бұлыңғыр, сусар және ақ кұс терісі мен күзен ішіктер бағаланған. Сусар мен бұлыңғыр
терісі, басқа жүндес аңдарға қарағанда қымбатырақ бағаланған. Теріден тондар
тігілген. Қазақ ішіктерінің жалпы атауы «тон». Жүндес аңдардың аң
терісінің тондары «ішік» деп аталынған. Жанат ішік – жанат терісінен жасалған
тон. Қара түлкі – қара сұр түлкінің терісінен қызыл алтай түлкісі – қызыл алтай
түлкісінің терісінен жасалған тондар. Жоғары түкті жібекпен көмкерілген, тон
терісі, қалыңдық жасауындағы ең қымбат заттың бірі болған, ол «бас тон» деп аталған.
Қазақтар аққу мамығы, гагар қауырсыны және құтан тонын әзірлеудің техникасын білген. Гагар қауырсынының тоны 1878 жылы Ақмоладағы қазақ қолөнер көрмесіне қойылды. Басқа – Қорғалжың көлінің жанындағы ауылда көкшіл –сұр, сопақ төртбұрышты, сопақша емес қара жолақтармен көмкерілген. Гагар қауырсынын жақсылап өңдеп және одан мамықты шығару үшін ерекше қәбілеттілік қажет. Аққу мамығынан жасалынатын шекпен мен күртешелерге мәніжат мағына берілген, оны бақсылар дәстүрлі түрде киген. Тері тондар шұғамен, жібекпен, зерделі жібек және т.б матамен көмкеріліп және олардың матасы немесе түсі бойынша ажыратылған. Тек ғана атақты адамдар көк шұғамен көркеріліп, құндыз терісімен әдептелген тондар киген. Кең және сәл ұзартылған жағасы бар тондар шала туған құлын терісінен тігіліп – «жарғақ тон» деп аталынған. Тондар ешкі терісінен де әзірленген. Олардан ұзын түктері жұлынып алынып, түгі қалдырылған. Мұндай теріден әзірленген тонда «қылқа жарғақ» деп аталынған. Ешкі терісінен қазақтар жұмсақ теріні жасап және одан шапандар, жеңіл жамылғы және шалбарлар тіккен. П.С.Палластың айтуынша, қазақ киімдері «ешкі терісінен әзірленген, олар жұмсақ және жаңбырдан бүлінбеген». ЕИ.П.Фальктың жазуынша «Сыртқы киімдер үшін ешкі терісі барлығынан жақсы» деп атап өткен. Сондай-ақ А.И.Левшиннің жазуынша халаттар ыңғайлы, ылғалдылықты өткізбейді, жел мен жаңбырдан жақсы қорғайды. Ешкі терісінен жасалынған шапандар жарғақ деп аталынған. Орталық және Солтүстік Қазақстан аудандарының келген отыз ескі күдері, жібекпен көмкерілген шапандар Петербордағы шығыстану конкресінде көрсетілген. Сондай-ақ, күдері халаттар Ақмоладағы көрмеде көрсетілген болатын.
С.Ж.Асанова, Алматы, «Сымбат» сән академиясы
«Ұлттық киім тарихын зерттеу» мақаласынан
Фото: www.centrasia.ru