«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Оспан батыр және қуыршақ үкімет-2

6533 0
Оспан батыр және қуыршақ үкімет-2
1944 жылы 12 қазанда Шіңгілдің Бұлғын өзені бойында «Алтай қазақтарының төңкерістік үкіметі» құрылады. Үкімет бастығы Оспан батыр болады

Жалғасы. Басы: Қан кешкен Өр Алтай-1

1944 жылы 12 қазанда Шіңгілдің Бұлғын өзені бойында «Алтай қазақтарының төңкерістік үкіметі» құрылады. Үкімет бастығы Оспан батыр болады. осы жылы көктемде Совет Одағынан Моңғолия арқылы оралған Дәлелхан Сүгірбайұлы әскери басшы болып тағайындалады. Үкіметте 12 тұрақты жора болады, олар : 1. Оспан 2. Дәлелхан 3. Әділхан 4. Көксеген 5. Момынбай 6. Уәтхан 7. Ләтіп 8. Сүлеймен 9. Асхат мәңкей 10. Кәріп зәңгі 11. Рамазан залың 12 . Молла сілам (ұйғыр).

Әр ауданның әкімі белгіленеді, қарулы күштер саны 2380 адамға жетеді.  Оларды 9 үлкен топқа бөледі, әр руда бірден әскербасы болады, мысалы Молқы жасағына Қапас, Жылқайдар басшы, Шақабай жасағына Қуанышбай, Нұрғожай басшы болады. Моңғолиядан келген ақылшыларға екі үй тігіледі, оларды «ақ үй», «көк үй» деп атайды, олардың ішінде Мәжік, Богданов, Қалқабай, Құрманхан сияқты жансыздар қызмет етеді. 

Жыл соңына таяғанда Моңғолия ақылшылар үйірмесі мен Дәлелхан Сүгірбайлар төменгі Алтайдың бес ауданындағы халықты бері көшіріп алу ұсынысын ортаға қояды. Нұрғожай бастаған топ Өрмегейті асуы арқылы Сарсүмбеге барып Бурылтоғай, Сарсүмбе елін Моңғолия арқылы көшіріп Щіңгілге әкеледі. Буыршынның жарым елі көшпей қалады да, Қаба мен Жеменей елі Совет жеріне жеткізіледі.

Төменгі алтайдан келген елге жер жетіспейді, Моңғолия жақ сөзінен танып жер бермегендіктен, ел қатты қиындыққаұшырайды, сол жылы қар қалың жауады, мал қырылады, көптеген адам аштан қырылады. Бұл  Совет үкіметінің Қазақ үкіметіне жасаған қастандығы болатын! Олар үшін Қазақстанмен іргелес жерде қазақ үкіметінің болуы аса тиімсіз деп есептелді, ендігі жерде есепті басқадан соғып, қазақ жерінен қазақсыз үкімет құрмақ болды.

Қос үкімет қатар өмір сүрген бір жыл

1944 жылы Шың Шысай Нанкин үкіметіне Орман минстрі болып ауысып, орнына У Жұңшин келеді. 1944 жылы тамыз айында Іленің Нылқы ауданында Әкбар бастаған қазақ партизандар көтерілісі шығады, екі айда 1300 адамға жетеді, 1944 жылы 11 айда осы партизандармен Советтен келген әскерлер қосылып Құлжа қаласын басып алып, 12 қарашада Шығыс Түркістан республикасы құрылды. Бұл онан бұрын Алматы қаласында құрылған болатын! 

Әлихан төре үкімет бастығы болады, Хакімбек қожа орынбасары болады. Үкіметте 16 мүше болады, олар: 1. Әлихан төре (өзбек), 2. Хакімбек Қожа (ұйғыр, Тұрпан бегінің баласы), 3. Бука Әмбал (моңғол) 4. Палинов (белорус) 5. Патеи Юанович Лескин (орыс) 6. Рақымжан Сабырқажы (ұйғыр) 7. Әбдікарым Аббас (ұйғыр), 8.Салжанбай Бабажан (өзбек), 9. Ғани Иолдаш (өзбек), 10 Абдұрұп Мақсұм (өзбек), 11. Әбілқайыр төре (қазақ) 12. Қайнам Әбдұлла (ұйғыр, Ғайни батыр аталады) 13. Әнуар Мұсабаев (ұйғыр) 14. Мұқамеджан Мақсұм (өзбек) 15. Қасымжан Қамбари (ұйғұр) 16. Сәйпиден Әзези (ұйғыр).

ШТР үкімет басшылары солдан оңға қарай: Әнуар Мұсабаев, Ахметжан Қасыми, Рақымжан Сабырқажы, Әбдікәрім Аббас

Іле аймағында 450 мың халық, оның 220 мыңы қазақ, 140 мыңы ұйғыр болатын, қалғаны моңғол, сібе, қытайлар, қалаларда аздаған өзбек, орыс, татарлар бар болатын. Совет Одағы қазақ ұлтының мүддесімен санаспай халық сайламаған «Шығыс Түркістан республикасын» заңсыз құрып шығады, құрамында жалғыз қазақ Әбілқайыр төре еді, ол Мал шаруашылығы министрі болады. Бұл, шынын айтқанда, үлкен қорлық болатын, Іледегі көтерілісті бастаған Әкбар мен Сейітті жасырын өлтіріп, үкіметке саны аз өзбекті басшы қылады, үкімет тілі ұйғыр тілі болып, іс қағаздар мен құжаттар осы тілде жүреді.

ШТР үкіметінің бір құжаты

Совет үкіметі Құлжадан үкімет құрумен бірге 14-15 мың ауыр қарумен қаруланған өз әскерін қоса кіргізді, мысалы Кеңсай атты полкі Қазақстанның қазақ-орыс жасақтарынан құралған болатын, командирі Лескин. Міндеті Алтай мен Тарбағатайды аралап сондағы үкімет орындарын қызылдандырып советтік адамдарды қою болатын. Ал Текес атты полкы Қырғызстан әскері де енеді, Торғаев, Мәуленов деген басшылары да қырғызстандықтар еді. Егер де осы тәжірибелі әскерлермен ауыр қарулар болмағанда үкімет әскерінің берік қорғандарын талқандау қиын еді.  Іленің қазақтарынан Тоғызтарау 5-атты полкі құрылады. 1944 жылы Алтайда 20 мыңнан астам қытай әскері соғысқанда Іледе 2,5 мыңдай ғана қытай әскері қалған болатын, қарулары да көнерген. Осыны ескерген Совет үкіметі Құлжадан ШТР құрып шығады. Үкімет советтік формада жасақталып совет консулының нұсқауымен әрекеттенеді, ШТР армиясы да совет киіміне ұқсас киім киді. Іленің 11 ауданында өзге ұлт өкілінен, тек Тоғызтарау мен Күнеске ғана қазақтан әкім қойды.

ШТР үкімет банкінің зайемы

Тарбағатай аймағында 1945 жылға дейін тыныштық орнады, 170 мың халықтың 100 мыңнан артығы қазақ болатын.  Толы ауданы көлемінде жыл басынан бастап қазақтар әрекеттене бастайды, шілдеде 700 адамдық партизандар пайда болады. Олардан Тарбағатай 6-атты полкі құрылып, оған тағыда советтік Қайса Дүйсенбеков командир болады. Тарбағатай аймағы алынып болған соң кезінде советке Герман соғысына 500 атты ер-тұрманымен берген жомарт, бай қазақ Басбай уәли болып тағайындалады, бірақ оның төңірегін ұйғыр, өзбекпен толтырады. Үрімжі аймағына қарасты Сауан ауданында Қалибек, Тәкімандар бастаған партизандар құрылып 1700-ден аса жауды жояды.

1945жылы Алтайдағы соғыс қимылдары баяулайды,  қарулы күштер саны 5000 адамнан асады, төменгі Алтайдың аудандары азат бола бастайды, Бурылтоғай Көктоғайдан бұрын алынған болатын. Ал Дәлелхан Советтің бұйрығы бойынша Сарсүмбені қоршап, Кеңсай атты полкінің Алтайға келуін тосады, одан бұрын Жеменей мен Қаба азат болады, осы кезде Алтай  қарулы күштері аймақтың 90%-ын  жерін иемденеді. Көп ұзамай Кеңсай атты полкі келіп, Алтай қарулы күштерімен бірге Буыршынды оңай алады.

Алтай қазақ қарулы күштері

Қыркүйекте олар Сарсүмбеге жетеді, 3000-нан аса қытай әскері тізе бүгеді. Кеңсай атты полкі Дәлелханмен бірге Алтайда үкімет құрады, Оспан келмеседе оны уәли сайлайды, советтік Әріпбай  орынбасары болады, ұйғыр Молла Сіләмді Сарсүмбеге әкім сайлайды, советтік адамдар мен басқа ұлттар үкімет пен сақшы, аудандағы мекемелердің жартысынан артығын иелеп кетеді, керісінше бұрынғы Алтай төңкерістік үкіметінің басым көп санды адамдарын жұмысынан алып, қарулы күштердің қаруы жиылып алынсын деген қаулы шығады. Оспанға советтік адамдар ақыл салып Алтайға әкеледі,  осылайша бір жылдық «Алтай қазақтарының төңкерістік үкіметі» үкімін жояды.

ШТР-мен араздық

Алтай ШТР-дың бір аймағы болуы сондағы халыққа да, бұрынғы төңкерісшіл күштерге ұнамады. ШТР Алтай халқының мүддесімен есептеспей, Алтай қарулы күштерін қарусыздандырып, орнына басқа жақтан келген адамдардан 1000 адамдық Алтай атты аскер полкін құрады. Оспан үкімет орындарына өз адамдарын ұсынғанымен, оны ешкім тыңдамайды. Бұрынғы Алтайдағы соғыс қаһармандарының еңбегі жоққа шығарылады, Алтайда 83 мың халықтың 90%-ы қазақ бола тұра үкіметтің жартысынан артығы тағы басқа ұлттардан қойылады. Бұл Оспанға тіпті ұнамады, Көктоғайға Салық тәйжі, Шіңгілге Нәзір, Бурылтоғайға Мұхаметжан, Қабаға Көкенай, Жеменейге Мәмедолла әкім болады. 

1946 жылы ШТР күшінен қалдырылып «Шыңжаң біріккен үкіметі» құрылды. Оспан үкіметке жора, Алтай уәлиі болады. 25 мүшенің 8 ұйғыр, 3 қазақ болады, келісім дерлік ұйғыр мүддесіне шешіледі. ШТР-дің 30 мың адамдық армиясындағы 14-15 мың совет әскері еліне кетеді, советтің миссиясын орындаушы Әлихан төре де жасырын қайтарылады.

1946 жылы Совет Одағы ядролық атом бомбасын жасау үшін Көктоғайда үлкен уран қорын байқап соны ашады, 1946 жылы Қытайда екі үйектену басталып америкашыл Гомин үкіметі мен советке бейім компартия қатар өмір сүреді, Америка Советтің ядролық қаруды жасауына кедергі болу үшін Гомин арқылы Алтайдағы оспанмен жалғасады, Оспанмен Гомин үкіметінің байланысы қоюлайды.

Сол жылы Оспан батыр Көктоғай, Шіңгілдегі елбасыларын жинап жиын ашады. Осы жылы екі аудан халқы ШТР-ға алман төлемейді, бұл дербестік алудың белгісі еді. Дәлелхан (суретте) мен Ысқақбек барып ақыл айтқанмен, Оспан оны тыңдамайды. Сол жылы Гомин үкіметі 400 бесатармен Оспан тобын қаруландырады, Оспан тобы 350 адам Бурылтоғайды алып, Сарсүмбенің Сібеті деген жерінде ШТР қосынымен қақтығысады, Жылқайдар 200 адаммен көмекке келеді. Оспандарға қарсы 5000 мыңнан аса адам жұмылдырылады (қобық 2-атты полкі мен алтай атты полкі), оған Дәлелхан, Нүсіпхан Көнбай, Жағда Бабалықтар басшылық етеді.

Оспан тобы Бәйтікке шегінеді, 1947 жылдың ортасында Өр Алтайдан Бәйтікке 1000-нан артық отбасы көшіп барады, олардан 1000-нан аса адам қаруландырылады. Маусым айында Моңғолия әскері Бәйтікке шабуыл жасайды, Оспан олармен соғысып жеңіп шегіндіреді, осыдан соң атағы аспандап Америка газеттеріне басылады, Үрімжідегі Америка консулымен келісімдер басталады. ШТР-дың 5000 әскері Алтай еліне зорлық-зомбылықтар жасайды, соған байланысты қыркүйек айында Оспанның Қапас бастаған 1000-нан артық жасағы Алтайға лап қойып, ШТР әскерінің денін қырып тастап, Алтайды басып алады. Бір айдан кейін 10000-нан аса ауыр қарумен қаруланған ШТР мен Совет әскері Алтайға қайта шабуыл жасайды, жағдайдың тиімсіз екенін көрген Оспан тобы Алтайдан шегінеді, 19 мыңнан аса халық Оспанмен ере көшіп, Боғда бетіне қоныстанады. Сонымен бір уақытта Қалибек Сауанда ШТР-мен соғысып 13 мың халқымен Манасқа шегінеді.

1947 жылы қыста Қытай генералы Сұң Чи Лиян Оспанмен кездескен, Сұң Чи Лиян естелігінде Оспан оған былай деген: «Мен  Шыңжаң – қазағымын, Советтегі қазақтармен қанымыз бір туыспыз, советтік төңкерістен кейін советтіктер Россиядағы қазақтарға жантүршігерлік жаныштау жүргізді, көп адамды қырып, малын тартып алды, діни сенімінен айырды. Қазір Шыңжаңдағы кей қазақтар сол зұлматтан қашып келгендер, сондықтан біз Совет Одағына кектенеміз!... Іле оқиғасында Әлихан төремен тоқтамға келіскемін... Кейін байқасам, Іле төңкерісінің басшылары советтіктер екен, советтік қазақ, өзбек, ұйғыр, қырғыздар екен. Кейбірі Советтен оқыған, Советтің Құлжадағы консулы Құлжадағы оқиғаға басшылық еткен, олар ШТР-ды құрып шықты. Іле жақ мені өздерін қолдамайды деп ойлап, менің көзімді құртпақ болды, орныма Дәлелханды қойып, сол арқылы менің орнымды бастырмақшы болды, сондықтан мен үкіметтін қолдау күтемін, олармен соңына дейін айқасамын!» деген.

Бұдан Оспан батырдың қазақ ұлтшылы екенін көруге болады, ол Қазақтарға зұлмат орнатқан Совет үкіметі мен коммунизмге жан-тәнімен қарсы болған.

1948 жылы Оспан батырды Гомин үкіметі Үрімжіге қонаққа шақырған кезде түскен сурет

 1948 жылы Оспанды Нанкин үкіметі құрылтайға шақырады, оған ұлы Шердиманды жібереді.

Боғда бетінде Алтай әкімшілігі құрылып, Оспан уәли болады, Оспанның елінен 1000-нан аса адам әскерге алынып, дербес полк болып құрылады.

(Жалғасы бар)

 

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English