Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Жапонияның Орта Азиямен байланысы

1431
Жапонияның Орта Азиямен байланысы - e-history.kz
Белгілі жапондық профессор Томохико Уяма «Жаһандық саясаттағы Жапонияның Орталық Азия дипломатиясы: тарихи перспектива және болашаққа бағдар» тақырыбында баяндама жасады

Қазақстан мен Жапонияны бағзы заманнан-ақ көп нәрсе біріктіреді. Жапондық Нара қаласы Жібек жолының шығыстағы ақырғы нүктесі болған деген де болжам бар. Шосоин қазынасында Орта және Батыс Азия (Согдиана, Бактрия, Персия) раритеттері мен Қытай мен Жапонияда ортаазиялық мәдениет желісі бойынша шығарылған заттар сақтаулы.

Жапон және қазақ мәдениетінің тоғысқан тұсын тілден табуға болады. Жапон тілінің шығу тегі әлі толығымен анықталмаған, бірақ ол алдымен Солтүстік-Шығыс Азия тілдері (тунгус, шире – алтай) және оңтүстік-шығыс Азияның австронезия тілдері мен Тынық мұхит аралдары тілдерінің араласуы нәтижесінде құрылды деген болжам бар.

Оның үстіне, жапон және түрік тілдері ұқсасырақ. Jishin-ga okita toki, kareno ani-wa ie-de hon-o yonde ita. (яп.) Жер сілкінісі болған кезде оның ағасы үйде кітап оқып отырды. (қаз.) бірақ, бұл тілдердің лексикасында ортақ нәрсе аз. Дегенмен де, лингвистер жапон тілін «алтай тілдері тобына» жатады деп санамайды.

Жапонияның Орталық Азиямен байланысы XIX ғасырда 1868 жылы Сегуната Токугава құлағаннан кейін басталды. Мэйдзи үкіметі жаңғырған, мықты мемлекеттің құрылысын бастайды. Мэйдзи кезеңіндегі жапондықтар әлемнің түрлі елдері мен өңірлеріндегі саяси ахуалға үлкен қызығушылық танытқан.

Дипломат Токудзиро Ниси 1880 жылы, ал полковник Ясумаса Фукусима 1869 жылы Орталық Азияға саяхат жасаған. Сібірлік татар, бұхарлықтардың ұрпағы Абдурашид Ибрагимов 1909 жылы Жапонияға барған. Бұхарлық жәдид (реформа жасаушы) Абдурауф Фитрат, Ибрагимовтың жолжазбаларына сілтеме жасап, өз кітабында жапондық мектепті атайды (1911). Ғабдолғазиз Мұсағалиев пен Әліби Жангелдин сияқты қазақтар да Жапонияға барған, бірақ олардың сапарлары туралы дерек жоқ.

Орыс-жапон соғысы мен оның зардаптары Орталық Азия зиялылары тарапынан пікірлер тудырған. Сол кезде қазақтар арасында жапондықтар – мұсылмандар, қазақтар олармен бауырлас ұлттық байланыспен біріктірілген деген сияқты аңыздар тарайды. Міржақып Дулатұлы патшаны кішкентай болса да, пысық әрі ұйымшыл аңнан (жапондықтар) жеңілген қаһарлы арыстанға теңеп мысал жазған.  

Басқа да қазақ зиялылары, оның ішінде Мұхтар Әуезов те еуропалық мәдениет пен басқару жүйесін алып, жылдам дамып жатқан ел туралы, Жапония туралы жазған.

Жапония еуропалық державалармен тең тұруға талпынып, отаршыл империя ретінде кеңейді. Бірақ, халықаралық аренада ол нәсілдік кемсітушілікке қарсы шықты. кейбір саяси қайраткерлер мен ойшылдар азия халықтарының (азиатизм) ынтымақтастығын жақтады. Пантуранизмді жақтаушылар да болды.

Жапония Қытайдағы мұсылмандарға әсерін нығайту үшін белсенді әрекет етті, бірақ Кеңес Одағындағы мұсылмандармен байланыс орнату қолынан келмеді. Жалпы, азия халықтарын біріктіру саясаты Жапон империясының өзіндегі жапондық еместерді кемсітушілікке қарсы келетін. 1945-1952 жж. Жапония американдық делегация бастаған одақтас әскерлердің оккупациясында болды. Тіпті, оккупация аяқталғаннан кейін де Жапония АҚШ-тың қатты ықпалында болды. Дегенмен де, Жапония, әсіресе Азияда мүмкіндігінше өз дипломатиясын жүргізуге талпынды.

Жапония саяси жүйенің түрлілігіне қарамастан, Азия елдерімен жақсы қарым-қатынаста болғысы келді (мыс., 1970 жж. екінші жартысында Вьетнаммен). Соғыс кезіндегі Жапония агрессиясы халық есінде сақталып, Жапония дипломатиясына жағымсыз әсер етеді, бірақ 1977 жылы Жапония «Фукуда доктринасын» жариялап, Оңтүстік-шығыс Азия елдерімен қарым-қатынасын жақсарта алды.

Кеңес заманында Жапония мен Орталық Азия арасындағы байланыс негізінен келесі аспектілермен ғана шектелді: жапондарды бейтараптау; кейбір мәдени алмасулар; жібек жолы бойындағы туризм, Орталық Азия республикалары өкілдерінің кеңестік делегация құрамындағы сапарлары және т.с. КСРО қайта құру кезінде Жапонияның азаматтық қоғамы мен академиялық топтары арасында Арал теңізіне, Семей полигонына, ұлттық мәселеге, Орталық Азия тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылық артты.

1977 жылғы 24 шілдеде премьер-министр Рютаро Хасимото «еуразиялық дипломатия» туралы айтып, «Жібек жолы өңірімен» (Орталық Азия мен Кавказ) қарым-қатынастағы үш негізгі бағытты белгілеп берді:

1) өзара сенім мен түсінушілікті арттыру мақсатындағы саяси диалог;

2) өңірдің гүлденуі мүддесі үшін экономика мен табиғи ресурстарды игеру саласындағы ынтымақтастық;

3) ядролық қаруды таратпау, демократизация мен тұрақтылыққа көмектесу арқылы бейбітшілікті нығайту мақсатындағы ынтымақтастық. Осындай қағидаттар арқасында елдер арасындағы қарым-қатынас кездейсоқ факторларға тәуелді болуы азайды.

1993 жылдан бастап Жапония Орталық Азия елдерінде өз елшіліктерін аша бастады. Орталық Азия елдерінің Жапониядағы елшіліктері кейіннен ашылды. Орталық Азия елдерінің Президенттері Жапонияға жиі сапар жасай бастайды, ал Жапонияның премьер-министрі Орталық Азияға алғаш рет 2006 жылы сапар жасаған.

1990 жылдардың соңында Тәжікстанда доктор Ютаки Акино өлтіріліп, Қырғызстанда Баткент оқиғалары орын алды. Олар көптеген жапондықтардың назарын ОА-ға аударып, Орталық Азия – қауіпті өңір деген стереотипті нығайта түсті.

2000 жылдардың басында дипломаттар ОА-ға қатысты дипломатияны қалайша сапалы дамытуға болатындығын талқылай бастайды. Бұнымен қоса, энергия ресурстарымен байланысты экономикалық қызығушылық та өңірдегі жапон саясатының басты қозғаушы күші емес еді.  Ол алдымен, Жапонияның дәстүрлі азиаттық дипломатиясының жалғасы еді. Жапонияның Оңтүстік-Шығыс Азиямен тәжірибесін – өңірлік ынтымақтастықты АСЕАН түрінде дамытуға көмек тәжірибесін қолдану идеясы туындайды.

2004 жылы сыртқы істер министрі Ерико Кавагучи «Орталық Азия + жапония» Диалогының басталғанын жария етті. Осы диалогты ілгерілете отырып, Жапония өңірлік ынтымақтастыр катализаторы болуға тырысады. Диалог әртүрлі деңгейде (министрлер, шенеуніктер, сарапшылар, бизнесмендер және т.б.) әртүрлі тақырыпта (су мәселесі, ауыл шаруашылығы, шекаралық қауіпсіздік, туризм және т.б.) өтеді. Әрине, дипломатия негізі – екіжақты қатынастар, диалог көмекші сипатқа ие. Осы диалог басталғаннан бері Орталық Азияның түрлі елдерімен қарым-қатынас бірқалыптана түсті.

Кейінірек, Оңтүстік Корея, ЕО және АҚШ «ОА+1» форумдарын өткізе бастады. Жапонияның орталықазиялық дипломатиясының негізгі аспектілері: Жапония, оның халықаралық мәселелердегі (мыс., БҰҰ ҚК реформасы) позициясын қолдайтын елдермен қарым-қатынас орнатуға мүдделі. Оған, әсіресе, Азияда бауырлас елдер болуы маңызды Жапония үшін.

Орталық Азияның кейбір артықшылықтары бар: тарихи қиын мәселелердің болмауы, сонымен қатар АҚШ-пен саясатты егжей-тегжейлі үйлестірудің қажеті жоқ. Бұл өңірдегі жапон дипломатиясы АҚШ-тан біршама өзгеше. Орталық Азиядағы Жапон саясаты басқа дамушы елдермен жұмыс тәжірибесіне және түрлі көмек бағдарламалары, техникалық көмек мен кадрларды тәрбиелеу, әйтеуір бірдеңе тұрғызу мақсатында емес, керісінше, адамдардың өзіндік даму қабілетін ашуға негізделеді. Көлік инфрақұрылымындағы жақсартулар үлкен инвестицияларды тартады деген үміт те жоқ емес.

Кейбір шетелдік талдаушылар Жапония «үлкен жаңа ойынға» кеш қатыса бастады, сондықтан да басқа державаларға, әсіресе, Қытайға есесін жіберіп алды» деп санайды. Мұндай ой – қате. Жапония мен Орталық Азияның көршілері ортақ – Қытай мен Ресей болғандықтан, олардың арасындағы қарым-қатынастар да, сөзсіз, геосаяси мәнге ие.

Сонымен бірге Жапония сияқты шетте орналасқан әрі әскери-саяси жағынан алғанда аса ірі емес ел, Қытаймен және Ресеймен бәсекеге түспесі айдан анық.  Орталық Азиядағы Қытай мүддесі жеке басының қауіпсіздігімен және экономикамен тығыз байланысты, ал Жапонияда ондай мотивация жоқ. фото: kazpravda.kz Жалпы, «жаңа үлкен ойын» дегенге сын көзбен қараған жөн. Батыс/Жапония мен Ресей/Қытай мүдделері тоғысатын басты арена – Орталық Азия емес, Шығыс Еуропа, Батыс Азия мен Оңтүстік-Шығыс Азия.  Орталық Азия елдері де қазіргі әлемде теңгеруші рөл атқара алады.

Ресеймен және Қытаймен тұрақты қарым-қатынасты сақтау маңызды, бірақ оларға тым тәуелді болудан алшақ болып, басқа елдермен, олардың ішінде орташа державалармен серіктестікті белсенді дамыту керек. Қазір көпвекторлы дипломатия бұрын-соңды болмағандай маңызды. Орталық Азияның жеке елінің дауысының көп салмағы болмайды. Өңірлік ынтымақтастықты дамытудың қазіргі тенденциясын тек қана қолдап, оны нығайта түсу керек.  

«Үлкен ойын» синдромы – өзін басқа державалардың бәсекелестік объектісі деп санау және одан пайда күту – Орталық Азия елдерінің әлемдегі мәртебесін жоғарылату үшін контрөнімді. Орталық Азияның басқа елдері Орталық Азия елдері үшін не істей алады деп қана емес, Орталық Азия елдері басқа елдер мен әлем үшін не істей алады деп ойлау керек.  Бұның Жапониямен қарым-қатынасқа да қатысы бар.

Профессор Томохико Уяма қазақтардың жапондықтармен алғашқы байланысы, олардың мәдени қарым-қатынасы мен әрі қарайғы ынтымақтастығы туралы қызықты лекция оқыды. Уяма мырзаның лекциясының бірегейлігі – ол Жапонияның Орталық Азиямен дипломатиялық қарым-қатынасы тарихын жаңа тарихи, мәдени фактілер келтіре отырып баяндауында.

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?