Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Сәкен Сейфуллин туралы қызықты 20 дерек

11245
Сәкен Сейфуллин туралы қызықты 20 дерек - e-history.kz
Социалистік төңкеріске тікелей қатысқан жалғыз қазақ ақыны Сәкен Сейфуллиннің өмірі күреске толы болды. Ол қазақ әдебиетінің жаңа бағытта дамуына өз үлесін қосты.

Сәкен (шын аты Садуақас) Сейфоллаұлы 1894 жылы 23 мамырда Ақмола облысы, Ақмола уезінің Нілді болысында — Нілді мыс қорыту заводына таяу жердегі қазақ ауылында туған. Қазіргі әкімшілік бөлік бойынша бұл жер Қарағанды облысының Жаңарқа ауданына қарайды.

Мемлекет және қоғам қайраткері, ақиық ақын, жазушы Сәкен Сейфулиннің өмірбаяны Ақмоламен қазіргі астанамен тығыз байланысты. Қазақтың маңдайына жұлдыз болып бұйырған бес арыстың бірі Сәкен Сейфоллаұллы 1894-1938 жылдар аралығында өмір сүрді. Се  йфуллиннің Ақмоладағы өмір жолы мен Гүлбаһрам жеңгеміздің тартысқа толы өмірі және тағы басқа Сәкен Сейфуллин жайында әзірленген қызықты деректерді ұсынамыз.

 

1. 1917 жылы қазақ әдебиетінің негізін салушыларды бірі Сәкен Сейфуллин Акмола қаласына көшіп келді. Сол жылы 27 желтоқсанда Ақмолада Кеңес үкіметі орнады. Сәкен Сейфуллин ағартушылық халық комиссары болып тағайындалды. Сонымен қатар, оны Акмола депутаттар кеңесіне өкіл ретінде сайлаған. 1918 жылы 4 шілдеде Акмоладағы билік ақ гдардияшының қолына қонды. Казактар барлық большевиктерді тұтқындап жүрген кезеңде Сәкеннің достары қалма деген кеңесіне қарамастан Сәкен қалада қалды. Оны тұтқындап түрмеге қамады.

 

2. 1919 жылы қыста тұтқындалғандарды Омбы қаласына жеткізу шешім қабылданды. Келген 15 адамның ішінде екеуі-ақ офицер болған, қалғандары – баскесерлер. Акмола қаласында сол 15 адамға тағы да 40-қа жуық өз еркімен келген жергілікті тұрғындар қосылған. Қаңтар айының сұрапыл аязында 50 арестант Омбыға жаяулап жетуі тиісті. Қарауылшылардың арасында Сейфуллин өзінің туысқанын таныды, бірақ бұл жайт оған көмектесе алмады.

 

3. С. Сейфуллинмен достары қашуға шешім қабылдады. Олар екі жекені куәлік ететін құжат іздеп тауып алып, кейін әдетінше қар тасып шығаратын тұтқындалған Аустрия азаматтарымен келіскен. Арестанттар ризаласып, шанаға қардың астына қашқынның біреуін отырғызуға көнген. «Мен тездетіп өңіммен төмен жаттым. Үстіме ауыр жұмаршақ қар түсті. Оның үстіне тақта қойылып үстіне адам отырды. Ауа жұтудың өзі қиынға түсті бірақ мен шыдадым». Осылайша 1919 жылы сәуірдің 3 күні Сәкен Сейфуллин Колчак түрмесінен қашқан.

 

4. Сәкеннің жарының есімі - Гүлбахрам Батырбекқызы. Салт-дәстүр бойынша жас Гүлбахрамды ауылындағы бір ақсақалдың баласына айттырып қойған. Бірақ той қарсанында күйеуі қайтыс болады.  Жесір қалған Гүлбаһрамды күйеуінің туысқандары әмеңгерлікпен алуды ойлаған. Адуын қызға ешбір жігіт ұнамағандықтан Қызылжар қаласынағы партиялық-кеңестік мектепке түсті.

Жаздың аяғында, ауыл күзекке дайындалып отырған уақытта ауылдың шет аймағында сыпайы еуропалық костюм киген салт атты келеді. Ол балалардан ауылдың ең мәртебелі ақсақалын қайдан табуға болатынын сұрап жүрген. Балалар Қайып Айнабековтың киіз үйін көрсеткен. Ақсақал Қызылордадан келген қонақты қошемет күтіп алып әңгіме барысында Сәкенге былай айтқан:  «Сәкенжан, сен жол ұстап бала жатқан Қызылжарда менің бауырым Батырбектің қызы оқиды. Егер қиналмасаң, оған бізден хатпен сәлемдеме апарып берші. Оның аты Гүлбахрам. Оны сен шапшаң байқайсың – бұрымының ұзындығы жерге дейін түседі. Оған шашын алмасын деп айт. Міндетті түрде айт. Қыз қалаға барғаннан кейін әлбетте өзгеріп кетеді, қызыл үшкіл орамал тағып бастайды. Өзінің сұлулығын сақтап қалсын!» – деп, әрі қарай жалғастырды, «Мінезі оның қырсық, бесігінен ер жігіт секілді тәрбиеленген». Қызылжарда Сәкен мектеп директорының үйіне тоқтаған. Оның көз алдына сұлу бикеш келді. Ертесі күні қысқа әңгімелескеннен соң Сәкен оны сүйгендігін мойындады. Қызыордаға оралған соң Сәкен Гүлбахрамға хат жазып бастаған. Сәкенге көніп аяғында Гүлбахрам поездге отырып Сәкеннің артынан Қызылордаға келген. Қызылордада екеуі неке қиып, той өткізді.

5. 1937 жылы қазақ зиялылардың таңдаулы өкілдері «халық жауы» деген атаққа ие болған кезеңде Сәкеннің түрі жабыңқы еді. Қамау қарсаңында, 1937 жылының күзінде, Сәкен өз үйінен сирек шығатын, Гүлбахрам Батырбекқызының естелігі бойынша: «Ол біраз ғана күн Алматыға жақын тұста Байсерке ауылының киіз үйінде тұрған. Сол уақыттағы көңіл-күйі аса қайғылы еді: ол түнерген және де тұйық. Оның хал-жайын келіп сұраған адам болмады, анда-санда Сәбит Мұқанов келетін. Сол уақытта оның жақын достары – Ілияс Жансүгіров пен Бейімбет Майлин – жазаға тартылған еді. Сәкенге нағыз жұбаныш болған тек қана кішкентай баласы Аян».

 

6. Жақын арада ІІХК Гүлбахрамды Еділ өзенінің бойындағы әйелдер колониясы бар Атбасарға қарай жер аударды. Жолда иістенген, лық толған вагонда баласы Аян ауырып дүние салған. Көкшетау қаласында қарауылшыға жалынған Гүлбахрам жергілікті татар қарттарының көмегімен теміржолдын қасына баласын жерлеген.

 

7. Гүлбахрам 7 жыл бойы Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагерінде өмір сүрген. Оның ағасы Абдулла, сол уақыттағы елде танымал инженер-гидромелиоратор, Гүлбахрамның Қаскеленге ауысуына себептес болған. Абдулла оған Алматыдағы пәтерімен Роза, Зейнеп және София атты кішкентай қыздарын Гүлбахрамның қамқорлығына қалдырып, өзі Челябинск қаласында гидроэлектростанция соғуға кеткен.

 

8. Мұхтар Әуезов Сәкеннің тұлғасымен шығармашылығы туралы былай айтқан: «Сәкеннің ақиқаттығы жүрекпен сананы оятқан, қанаттандырған. Ол сенім туралы айтса – ол шынайы сезім, ол шындық туралы айтса – бұл рухтың азабын шеккен шындық. Сондықтан осы адамның өткен жолы ерекше. Жолында самғау да болды, жығылу да болды. Сәкен Сейфуллиннің жолы – шынайы жалынды ақынның жолы».

 

9. Бірінші баласы Лаура – дүниеге келген кезде, Сәкенге қастық ойлаушылар әйелі  Гүлбахрамға күйеуінің басқа әйелмен жолығып жүргенін айтады. Зайыбы жалаң өсекке сенбеген, бірақ Сәкеннің іссапарын қолдап, қызын алып Мәскеуге кеткен. Мәскеуде Гүлбахрам стенографшының қызметін атқарып, жартылай төле үй-жайдан пәтерді жалға алған. Кішкентай Лаураның сол жерде денсаулығы нашарлап, қатты ауырып, Лаура дүниеден өткен.

 

10. 28 жасында Сәкен Сейфуллин Кеңестің ІІІ съездінде Кеңестің халық комиссариятының төрағасы болып тағайындалды. КХК  төрағасының лауазымы қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Премьер-министрдің лауазымымен бір қатарға қоюға болады. Бұл мансапта Сәкен Сейфуллин қазақтарға тарихи атын қайтару мен қазақ тілін мемлекеттік тіл болып жариялау үшін күрескен. 1923 жылы 15 ақпанда «Еңбекші қазақ» газетасында Сәкеннің «Қазақтарды қазақ етіп атайық, қателікті түзейік» атты мақаласы жарық көрді: «Бүгінгі күнге дейін орыстар қазақты «киргиз» деп атаған... Ақсүйек мырзалардың әйелдері иттерін бақтағанда: «Сен Полкан қырғыздан жамансың» дейді, ал қазақтың кейбір қасиеттері ұнамаса: «Қырғыз ғой» деген». Кеңестің V съездінен кейін 1925 жылы қазақтарды қазақ деп атаған. Сол мақаладан кейін Мәскеу әкімшілігі Сәкенді ұлтшыл деген шешімге келді.

 

11. Қарағандылық өлкетанушы Юрий Попов Сейфуллиннің моласының орналасқан жері туралы таңқаларлық оқиға айтып берген. Оны оған бұрыңғы тау-кенші, Колымада түрмеде отырған Иван Николаевич Мудров айтқан. 1938 жылы Горький атындағы алтын қазатын кеніште оны Қазақстаннан келген жерлеспен таныстырды. «Бізді Сәкен Сейфуллин екеумізді түрмеге бір уақытта жеткізді, тіпті бір көлікте. Алдымен біз Владивостокқа дейін жеттік, артынан – кемемен тікелей Магаданға келдік. Мен ол уақытта бір аптадай жұмыс істегенмін. Сонда біздің бригадир Мостовой келіп: «Бұл жерде сенің жерлесің бар. Арғы шатырда» деген. Біз кездестік. Мен оның түрмеге дейін кім болып істегенін сұрағанымда, ол жазушымын деп жауап берген. Сейфуллин маған ылғи келіп тұратын себебі мен білекті жұмыс атқарған соң маған нанды 2-килограмдап беретін. Темекі шекпейтін. 1940 жылы ақпан айында Мостовой келіп: «Сенің жерлесің қашып кетті» деген. Сәуір айында эстакада да топырақ тазалаған кезде Сәкеннің денесін таптық. Бушлатын шешіп, киімін ауыстырып, табытсыз жерледік. Ағаш биркада: «Сәкен Сефуллин, туған жылы, өлім күні» деп жазып, мен өз қолыммен оны аяғына сыммен байлап бекіттім».

12. Гүлбахрамның естеліктері бойынша Аян туылған соң Сәкен балажан әкеге айналды. «Аянды қырқынан шығарғанда Сәкеннің өзі әбігерленді. Сәкен «Біздің тұрмыс» кітабын шығарғанда кейіпкердің біріне Аян деген ат берген. Жалпы өзіне Аян, Ардақ аттары өте ұнаған. Ал Сейфуллиннің  баласына атын берген Мұхтар Әуезов».

 

13. Сәкен Сейфуллиннің азан айтып шақырған Сәдуақас, бірақ алғашқы  мансап жолына  ол Сәкен болып жеткен.

 

14. Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешу» атты романы туралы Сәкеннің досы әрі серігі Сәбит Мұқанов былай жазған: ««Тар жол тайғақ» бір жағынан оқиға, бір жағынан – саяси грамотасының оқулығы, бір жағынан – қызықты, оқушыны жаулап алатын әдебиет шығармасы».

 

15. Сәкен Сейфуллин Қазақстанның жазушылар одағының негізін қалаған адамдарының бірі және де өмірінің аяғына дейін оның басшылық қызметін атқарған. Ол қазақ даласының жазушылары арасында бірінші болып «Трудовое Красное Знамя» орденінің иесі болған.

 

16. Назкен Айнабекқызының естеліктерінде: «2-3 курс білімгері болып жүрген уақытымда Сәкеннің жарының шақыруымен  мен сол кісінің үйіне қонақ ретінде келдім. Бұл кісінің үйі Сәкеннің құқығын қалпына келтірілген соң мемлекет тарапынан берілген 2 бөлмелі пәтер еді. Оның бір бөлмесі – мұражай ретінде сақталды: жерден төбеге дейін Сәкеннің портреті, қасында айнасы, әтірі, тарағы. Мен білмегендіктен кейін тарағын қолыма алдым, алайда Гүлбахрам тате маған барлығын түсіндіріп тарақты қолымнан жұлып алды. Бірінші күні Гүлбахрам тате мені дүкенге апарып жібек алып, сәнді де сұлу көйлек тіккен. Сіз күйеуіңізгеде киім тіккенсіз бе деген сұрағыма Сәкен дайын киім алатын деген жауап болды. Бірақ бір уақытта сәнге қытай жібектен тігілген пенжек енді. Гүлбахрам жарына айтпай материал алып, жасырын өлшемін алып ол жұмысқа кеткен уақытта тігіп отырғанмын. Уайымдап жаңа пенжекті сыйлаған кезінде Сәкен қатты қуанған еді. Кейіннен өзі тәтеге қол тігін машинканы алып берген. Сол нәрсе кейін тәтені, Шораны және Бозтайдың үш қызын асыраған».

17. Гүлбахрам тәтенің естелігіне сенсек  Сәкеннің үйі жастарға толы еді: Сәкеннің бауырының қызы Малика, Гүлбахрамның сіңілісі Гүлбану, Айнаш. 1930 жылы Сәкен Қарағандыдан Жая мен Серік Рақымбековтарды алып келіп, біріншісі – агрономия факультетіне түсті, оны бітірген соң колхоздың төрағасының қызметін атқарған. Серік жүргізушілердің курсына жазылған. Мұса Жүсіпбекұлы 1932 жылы зооветеринария институтын бітірген. Кешке, кешкі астан кейін Сәкен барлығын жинап сабақ өткізген. Оқуды әліппеден бастап, кейін Сәкен сатып алып, әкелген кітаптарды оқытқан.

 

18. Гүлбахрам Сәкеннің барлық киімдерімен заттарын сақтаған. Сәкеннің аяқ киімінің өлшемі 41 болған, бірақ ол аяқтың еркін тұрғанын қалап әдеттегідей 42 өлшем сатып алатын. Сақталған нәрселердің арасында моншаға баратын шабадан, үш дана алтын сағат, түрлі блокноттар, піл сүйегінен жасалған мүштік (өзі темекі тартпаған, достарының сыйлықтары). Оның алтын сағаттары мен портсигарларды Жаяның сіңлісі Бейбіжан сақтап алды. Сәкеннің сағаты таңғы 7:15 тоқтаған – ол Сәкеннің қолы жасаған соңғы бұрау болған.

 

19. КСРО жазушылар одағы съездінде Сәкен Сейфуллин қазақ халқының әдетімен салт-дәстүрін білмейтін орыс жазушыларды сынға алған. Айрықша көп ұрыс естіген Всеволод Иванов пен Виктор Шкловский: «Всеволод Иванов азиат елдері туралы көп жазады. Алайда оның шығармашылығында кіші елдерге қараған шонжарлық әдеттері байқалады. Кейде Иванов оларды есуас етіп бейнелейді. Ол тіпті географияны білмейді, Қазақстан қайда тұрғанын, қазақтар кім екендігін білмейді».

 

20. «Сәкен, ең алдымен, өтірік дегенді білмейтін адам еді. Оның досы да, дұшпаны да көп болды. Солардың ешқайсысы не бұрын, не қазір Сәкеннің жалған сөйлегенін не көрдік, не естідік демеуге тиіс. Сәкен аса уәдешіл болатын, уәделі ісін бұлжытпай дер кезінде орындайтын. Екі сөзді айтпайтын» деп, өмір бойы қол ұстасып өткен жан досы Сәбит Мұқанов жазған болатын.          

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?