«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Астананың төлтаңбасына 10 жыл

3783
Астананың төлтаңбасына 10 жыл
Бір айдан кейін, 6 шілдеде Қазақстан Астана күнін тойлайды. Бүгінгі күн де Астанамен байланысты. Осыдан тура 10 жыл бұрын, 2008 жылғы 5 маусымда Астананың қазіргі елтаңбасы бекітілді

Қазіргі елтаңба эскизі мен тұжырымдамасының авторы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астананың елтаңбасы мәңгілік, Абсолют ұғымдарын білдіретін дөңгелек пішіндес. Елтаңбаның ішкі жағында тұйық шеңбер орналасқан, ал сыртқы жағынан бірнеше жартышеңберге бөлінген.  

Сыртқы шеңбері Қазақ даласы тарихының тереңдігін көрсетеді. Оның қызыл түсі оттың тазалауыш қасиетін білдіреді. Өйткені түркілер үшін от – өмірлік стихия. Халық санасында ол туу, өсу мен даму процестерімен байланысты болған.

Сонымен қатар қызыл жиек  отты қақапаның символы іспеттес, сол қақпадан өткен адам рухани тазарып, жаңа күшке ие болады. Қызыл матаны көшпенділер көбіне әскери ту дайындау үшін қолданған. Ол жауынгердің батылдығы мен жеңістің қайсарлығын білдірген.  Ішкі шеңбердегі көгілдір түс, Қазақстан туындағы көгілдір түс сияқты, амандық пен бейбітшілікті сипаттайды.

Осылайша Астана символы мен Қазақстан символы арасында байланыс бар. Көгілдір аспан түсі түркі мәдениеті үшін үлкен мәнге ие. Ежелгі түркілер үшін аспан Құдайды – Тәңіріні білдірген, аспан түстес көгілдір символика ата-бабаға адалдықтың белгісі.  Елтаңбаның ортасында Астана мен Қазақстанның символына айналған – Бәйтерек. Бәйтерек – өмір мен өркендеудің символы.  

Астананың сол жағалауында орналасқан Бәйтерек ғимаратының ұшар басында алтын жұмыртқа орналасқан. Ал елордалық елтаңбадағы Бәйтеректегі шарды шаңырақ бейнесі безендіріп тұр. Қазақ мәдениетінде шаңырақ үлкен мәнге ие.  

Киіз үйдің құрамдас бөлігі болып табылатын шаңырақ – отбасы ошағын білдіреді. Ғарыштық терек пен шаңырақ арасында тікелей байланыс бар.  Көшпенділер мифологиясында бәйтерек әлем ағашын білдіреді, сондықтан да оның шаңыраққа ұласуы – шалқар ғаламның туған үйге өтуін білдіреді.

Сонымен қоса олардың арасындағы байланыс көне тарихтың қазіргі Қазақстанда болып жатқан оқиғалармен сабақтастығын білдіреді. «Бәйтерек» негізінде «Құсқанаты» оюы орналасқан – аңыздағы Самұрық құс қанатының стильдік бейнесі. Бәйтерек, шаңырақ және «құсқанаты» оюы – сары түсті.  «Құсқанаты» мен шаңырақты береке мен мәңгі жастықтың символы болып табылатын жасыл түс әдіптейді.  

Елтаңбаның төменгі жағында алтын түстес аяда қызыл түсті «Астана» деген жазуы бар. Симметриялы орналасқан әріптер қызыл жартылай шеңберді құрайдыастана қаласының елтаңбасы халықаралық геральдикалық символикалар нормаларын сақтай отырып орындалдалған. Астана мен бүкіл Қазақстанның өміріндегі тарихи оқиғаларды символикалық түрде көрсететін түстер мен фигуралар елтаңбаның тұжырымдамасын толықтай береді.

Мақаланы дайындаған кезде http://astana.gov.kz сайтының материалдары пайдаланылды.