Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бөкенбай батыр және Тевкелев елші

3324
Бөкенбай батыр және Тевкелев елші - e-history.kz
Қазақстанның Ресейге қосылуы бірнеше ұзақ әрі ауыр кезеңдерден тұрды

Әбілқайыр ханның бастамасын естіген көптеген қазақ батырлары бұған наразы болды. Мұсылмандықты қабылдаған Ресей елшісі А.И.Тевкелевтің ғана емес, сонымен қатар Аңырақай шайқасында бүкіл қазақ қолына басшылық жасаған Әбілқайырдың да өмірі қыл үстінде тұр еді. Ресейдің қол астына өту сияқты күрделі шешім қабылдаудың бірнеше себебі болды. Солардың ең бастысы ретінде жоңғар қысымы аталады. Бір жағынан башқұрт басқарушылары тарапынан да қауіп төніп тұрды. 

Жоңғар хандығы Цинь империясымен қарсыласып тұрған күннің өзінде башқұрттар қазақтарға қысым көрсетіп тұрды. Әбілқайыр хан Ресей империясының құрамына ену арқылы Ресейдің қол астындағы башқұрттар арақатынасты реттеуге үміт артты. Башқұрттар тарапы да Қазақ хандығының Ресейге қосылуына мүдделі болды, сондықтан да Ресейлік елшілікке  Таймас Шаимов және Алдар Исекеев деген башқұрт өкілдері ілесіп жүрді. Өз билігін нығайтқысы келген Әбілқайыр ханның жеке басының амбициясы да маңызды факторлардың бірі болды. Оның едәуір әскери жетістіктеріне қарамастан, Болат ханның бауыры  Шахмұхамед (Сәмеке) және Болат ханның баласы Әбілмәмбет хан тағынан дәмелі еді.

Тарихшылардың айтуынша, Әбілмәмбетті таңдағандар көп болмаған, бұл әрине Кіші жүз ханының көңілінен шыға қоймайды. Бірақ, Қазақ хандығындағы саяси күштердің осылай орналасқандығын жоққа шығаратын фактілер бар. Тәукенің баласы Болат шамамен 1724 жылы қайтыс болған және ол ешқашан аға хан болмаған деген дәлелдерді И.Ерофеева келтіреді. 1730 жылы аға хан Әбілхайыр болған.  Ал Әбілмәмбет Орта жүздің ханы болып біршама кейін сайланады. Дегенмен де Әбілқайыр ханға Ресей империясының қолдауы қажет болды. 

1730 жылы оның елшілері Сейітқұл Қойдағұлов пен Құтлымбет Қоштаев ресми хатты береді, онда былай деп жазылған еді: «біз...Сіздің қол астыңыздағы, Оралдың арғы жағындағы башқұрт халқымен бейбітшілікте өмір сүру үшін Сіздің қамқорлығыңыздан үміттіміз және Сізден көмек күтеміз». Қазақ елшілері Әбілқайырдың ауызша жолдауын да жеткізді:

А их, касацких ханов, интерес, чтобы в подданстве быть в свете славного Российского империя и многих земель обладательницы Е. и. в. им, касацким ханам, обид и разорения никакова не будет, и от нападения от других народов могут охранены быть протекцию Е. и. в. И оные ханы как кочевые, так и горадовые, дали сию комиссию ему, Абалхаир-хану.

Бұл Әбілқайыр хан тарапынан әдейі айтылған өтірік еді, өйткені оның жағында аз рулардың бірнеше ғана батырлары болды.  1731 жылғы 19 ақпанда Анна Иоанновна қазақтарды өз еріктерімен бодандыққа қабылдау туралы грамотаға қол қояды. Жаңа бодандардан ант қабылдау үшін 30 сәуірде Әбілқайырға А.И.Тевкелев бастаған елшілер тобы аттанады. Сөз басындай айтқандай, ол ислам дінін қабылдаған, көптеген шығыс тілдерін меңгерген және Азия халықтарымен қарым-қатынас орнату бойынша Ресейдегі ірі маман болды. Хан ордасына келген Тевкелевті күтпеген әрі онша жағымды емес жаңалық күтіп тұрған. Әбілқайыр хан оған,

что он, хан, просил себе протекции всероссийской без согласия других ханов и султанов, и киргизских старшин, один, и то, что без согласия оных просил, имеет сумнение, но как бы то ево намерение совершенное желание привести.

Бұл жағдайда Тевкелевтің өміріне шын қауіп төнер еді. Ресей елшісінің миссиясының сәтті аяқталуында және Әбілқайыр хан екеуінің өмірін аман алып қалуда қазақтың ірі руларына сөздері жүріп, солардың қолдауына ие белгілі батырлар үлкен рөл атқарды. Бұлар – табын руынан шыққан Бөкенбай батыр, оның ағасы Құдайназар мырза, тама руынан шыққан Есет батыр және шақшақтан шыққан Жәнібек. Олар Тевкелевтің өміріне жасалған бірнеше қастандықтың бетін қайтарып, оның жоспарларына қарсы бағытталған арандатушылықтардың алдын алады. Ең шешуші сәттердің бірі 10 қазанда орын алды, бұл шындығында Әбілқайыр хан мен Тевкелев үстінен қозғалған сот іспетті еді. Ақсақалдар қандай мақсатпен келдің деп Тевкелевке тап береді. Тевкелев оларға өз миссиясы туралы айтып береді. Ал бұл, дала заңын бұзған Әбілқайыр ханды айыптауға негіз болады. Күтпеген жерден Әбілқайыр хан еш ақталмастан, бодандық сұрағанда өз мүддесін көздегендігін айтады.  Осыдан соң ызаланған билер Тевкелевті де өлім жазасына кеседі, олардың ойынша ол елшінің емес, Ресейдің қазақтарға қарсы соғыс ашуы үшін «қырғыз-қайсақ әскерлерін көріп, барлау» мақсатында жіберілген барлаушы рөлін атқарған. Тевкелев өзін лайықты ұстап, елінің қазақтар сияқты боданға мұқтаж еместігін, керісінше қазақтар оның қамқорлығына мұқтаж екендігін мәлімдейді. Сөзінің аяғында ол ақсақалдардан, егер Ресей бодандығынан үзілді-кесілді бас тартатын жағдайда, оны шұғыл түрде отанына жіберулерін сұрайды. Өз шешімдерін шығарып қойған билерге бұл сөздердің әсер етуі екіталай еді. Бірақ келіссөздер барысын күтпеген жерден Бөкенбай батыр өзгертті.  Ол өз руы атынан Ресей империясына адалдыққа ант еткісі келетіндігін мәлімдеп, және бұл рәсімді бірінші боп өтуді Әбілқайыр ханға ұсынады. Хан кідірместен Құранды ұстап ант етеді, одан соң  Бөкенбай, Есет, Құдайназар және өз жақтарына шығарып алған 27 старейшиндар ант береді. Осылайша, сот тоқтатылады. Жетіруға арқа сүйеген ел ішінде ықпалды батырлармен жанжал шығарудың аяғы насырға шабатындықтан Бөкенбайдың сөзі қырғын төбелеске ұласқан жоқ.  

Радик Темиргалиев / Эпоха последних батыров – Алматы, 2009. – 290 б. кітабының материалдары қолданылды. 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?