Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Мағжан шығармашылығындағы түрікшілдік идея

2091
Мағжан шығармашылығындағы түрікшілдік идея - e-history.kz

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Ресейдің қол астыдағы түркі халықтарының арасында жедиттік және түрікшілдік көзқарасы үлкен күш болып әсер етті. Осы кезеңде қазақтар арасында білім беруде жәдиттік жүйені алғаш қолданғандардың бірі Мағжан Жұмабайұлы болатын. И. Гаспыралының таңдаған жаңа оқыту жүйесі жәдиттік әдісі бойынша білім алу қысқа мерзімде қолдауға ие болуы да оңай болған жоқ.

Бір жағынан жаңа қарсыластар, әсіресе Ресей мемлекетіне қызмет ететін молдалар, екінші жағынан Н.И. Ильмински, Н. П. Островмов және

М.А.Миропиев бастаған «Русификация» саясатының миссионерлері мен жақтаушылары қатты қарсы шықты. Усул-и Седитке қарсы шыққан реакциялық моллалар халықты үрейлендіріп: «Жәдтитік әдіске тыйым салынды, балаларыңызды бұл мектептерге бермеңіз», - деп ұрандатқан болатын.

Ресейдің қол астындағы бүкіл түркі халықтарындағы секілді Жәдидизм қазақтарға да татарлар арқылы өз әсерін көрсетті. Бұл ағым Қазақстанға ХІХ ғасырдың соңында қазақ зиялы қауым өкілдері мен әдебиетшілердің қолдауымен тарады. Жәдиттік көзқараспен бірге өзгерген білім беру жүйесін ақырында өздерінің шығармаларында жазып отырды. Екінші жағынан ХХ ғасырдың басында Идил-Урал аймағында жәдиттік медреселерде қазақ студенттері білім алды. Осылайша Қазақстанда жәдиттікке деген көзқарас өзгере бастады және жәдиттікті қолдайтын бір топ ағартушылар дүниеге келе бастады. Мағжан Жұмабаев, Ишенғали Арабаев, Мұстафа Оразаев, Бекмұхаммет Серкебаев, Бейімбет Майлин, Жиенғали Тілепбергенов және Мұхаметжан Сералин сияқты зиялылар өздерінің студенттік жылдарында әсер еткен жәдитизм идеясын тарату үшін ағартушылық зерттеулерін бастаған болатын.

И. Гаспыралының «тілде, идеяда, істе бірлік» ұранымен алға тартқан Түрік әлемінің мәдени бірлігін қамтамасыз ету жобасы арқылы пайда болған түрікшілдік идеясы да қазақ сезьдеріне көп әсерін көрсетті.

ХХ ғасырдың басында сыртқы күштер тұтас түркі әлемін бөлшектеу арқылы олардың бірнешеуіне отарлықтың тар қамытын кигізді. Әлемге айбат шеккен, ешкімді өзінен жоғары көрмеген, көк түріктердің асқақ рухы бар Түркия түріктері, бұл отарлаушылардың езгісінен аман-есен қалған еді. Бауырлас түркі халықтары ержүректігі мен қайратының арқасында үш құрлықтың, үш өркениеттің ортасында өмір сүре отырып, ол өркениеттерге бас имей өз мүдделерін қорғай білген, көршілерімен тең дәрежеде қарым-қатынас құрған, тілін, дінін ұмытпай керісінше байытып отырған болатын. Осылайша әлемге алты ғасыр үстемдік еткен Осман империясын құрды. Осман империясына дейін үш ғасырдай билік жүргізген Селжұқтар да түркілердің Оғыз тармағынан еді. Міне, осылай тоғыз ғасыр бойы билігін жүргізген еді. Дүниеде мұншалықты ұзақ жасаған империя әсте болмаған-ды. Зерттеушілер Осман империясының үстемдігін ұзақ уақыт сақтап қалуындағы себебі – әлемдік өркениеттерден тек өзіне қажетті деп тапқан тұстарын алып, өзінің тілі мен мәдениетін ұмытпай толықтырып, байытып отыруында деп түсіндереді.

Түркия түріктері Француз революциясынан сәл кейінірек модернизациялау (Танзимат) саясатын жүзеге асыруды бастады. Одан бертін бұл саясат ХІХ ғ. ортасында «Жаңа Османлылар» және ХХ ғасырдың бастапқы кезінде «Джон Түріктер» қозғалысына айналады. Бұл жаңа қозғалыс өз халқына екі үндеу тастаған Ғази Мұстафа Кемаль-паша Ататүріктің жетекшілігімен діттеген мақсатына жетті. Аталмыш үндеудің алғашқысы «Түрікпін деген қандай бақыт», екіншісі «Әрбір адам өз елін жақсы болса да, жаман болса да сүюі тиіс» деген идеал болатын. Түркі әлемі және қазақ халқымен етене байланысты мұндай ортақ қағидадан ұтпасақ ұтылмайтынымыз анық еді. Осындай идеяларды өз заманында түркі тектес халықтардың қадірлі адамдары да, Алаш қайраткерлері де ту етіп биікке көтерген. Алайда Тұран халқының бірлігін қаламайтын империялар осы тәріздес идеялдардың іске асуына тосқауыл болды. Бұл идеяны жасырын саясат ұстанған Совет жүйесі де қолдамады.

Түрікшілдік идеясы жолында қызмет еткен М.Жұмабаевты совет үкіметі жиі-жиі жазалауы да осы саяси себептен болса керек. Түрікшілдік тұжырымын өмірінің кредосына айналдырған және сол жолда құрбан болған қазақ халқының бетке ұстары Мұстафа Шоқайдың:

«Кімнен таяқ жегендей,

Біздің түріктің баласы.

Алдырып жүрген дұшпанға

Аузының аласы» - деген өлең жолдарын барлық түркі баласына ептеп ұмыттыра бастаған еді.

Түркі тілдес халықтардың басын қоспау үшін совет одағында бірнеше мәрте олардың әліпбиі өзгертілді. Әліпбиді өзгерту барысында түркі тектес халықтар бір-бірінің рухани мұрасын оқып ұғынбайтындай етіп әріптерді әдейі судай сапырды, диакритикалық ерекшеліктерге ыңғайластырды.

Түркі тектес халықтардың тарих қойнауында қалған, ұмытылудың аз-ақ алдына тұрған, басқыншыларлардың күштеп ұмыттыруға тырысқан тарихын ХХ ғасырдың басында Мағжан сияқты жан-тәнімен сезінген, ұғынған ақындар өте сирек кездеседі. Бәлкім бұған Мағжанның жеке әдебиет сабақтарын алуы да себеп болған шығар.

М. Жұмабаев 1920-1922 жылдары Түркиядағы ұлт-азаттық қозғалысқа арнаған «Алыстағы Бауырыма» деген өлеңінде түркі халықтарының арпалысқа толы тарихын және сол кездердегі саяси ахуалды жіті түсіне отырып жүрекпен жырлайды.

 

Япырмай, емес пе еді алтын Алтай,

Анамыз бізді тапқан асу тайдай?

Бауырында жүрмеп пе едік салып ойнақ,

Жүзіміз емес пе еді жарқын айдай.

Алалы алтын сақа атыспап па ек,

Тебісіп бір төсекте жатыспап па ек,

Алтайдан анамыздың ақ сүтінен,

Бірге еміп, бірге дәмін татыспап па ек?

 

Мағжанның бұл өлең жолдарынан, түркі халықтарының түбі бір бауырлас халықтар екендігін поэзия тілімен өте көркем бейнелеген шебер ақын болғандығын шын байқауға болады.

Бауырым! Сен ол жақта, мен бұл жақта,

Қайғыдан қан жұтамыз.

Біздің атқа,

Лайық па құл боп тұру?

Кел, кетелік,

Алтайға, ата мирас алтын таққа! – деп асқақ түркі тектес халықтар ұрпағын азаттыққа шақырады.

Мағжанның барлығы жатқа айтатын «түрікшілдік» идеалы, түркі тектес халықтардың рухани және мәдени бірлігін жырға қосуы осыдан бастау алады.

«Қарашы төңірекке мойның бұрып,

Алтай, Орал бойында тұрған түрік.

Аты да, заты да жоқ, дыбысы жоқ,

Жоғалған әлдеқайда іріп-шіріп...» – деп ертеректе ықпалы жарты әлемді аяғынан тік тұрғызған түркі халықтарының бір-бірінен ажырағаннан соң кейбіреуге шын тәуелді болуына қамыққан ақын, осы күнгі қуатты мемлекеттермен терезесі тең болмағы үшін бұрынғыдай бірігу қажеттілігін насихат етеді.

Япыр-ай, айырылдық па қалың топтан,

Шабылып қайтпайтұғын жауған оқтан?!

Түріктің жолбарыстай жүрегінен,

Шынымен қорқақ құл боп жаудан бұққан?!

Шарқ ұрып ерікке ұмтылған түрік жаны,

Шынымен ауырды ма, бітіп халы?!

От сөніп жүректігі құрыды ма?

Қайнаған тамырдағы ата қаны?!

Бауырым! Сен ол жақта, мен бұл жақта,

Қайғыдан қан жұтамыз.

Біздің атқа,

Лайық па құл боп тұру?

Кел, кетелік,

Алтайға, ата мирас алтын таққа.

Бұл жердегі Мағжан тіліне тиек етіп отырған киелі Алтай түркі халықтарының алтын бесігі. Тарихта қаншама халыққа киелі қоныс болған жер. Жоғалған тәуелсіздігін қайтадан қайтару үшін күш-қуат жұмылдыратын қасиетті мекен. Дәурені жүріп тұрғанда ғұндар, түркі халықтары, ол аз десеңіз Шыңғысхан да осы топырақтан шығып жарты әлемді билігіне қаратқан. Мағжан ақын да осы даңқты ерліктерді қайыра халықтың есіне салып «Мықтылармен тең болуды қаласақ қайтадан бірігейік» деп күллі туысқан түркі халқына үндеу қатады.

 

                                                                                     (жалғасы бар...)

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?