Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Белағаш даласы қоныс аударушылардың қолына қалай өтті

1361
Белағаш даласы қоныс аударушылардың қолына қалай өтті - e-history.kz

1908 жылдың көктемінде Алтай Тау-кен Басқармасы Ресейдің оңтүстігінен келген қонысаударушы-қойшыларға Белағаш даласының бір бөлігін, Коростолев даласын жалға береді, ал бұл жерде егер Карл Риттердің зерттеулеріне сенер болсақ, ең азы XVIII ғасырдың ортасынан бері қазақтар өмір сүріп келген. Осылайша, 1908 жылдың сәуірінде 22 қыстақта тұрған 205 қазақ отбасына 1908 жылдың 1 мамырына қарай қонысаударушы-қойшылар үшін өз жерлерін тастап кетуге бұйрық беріледі. Qazaqstan Tarihy порталы қоныс аудару басқармасының ХХ ғасырдың басында қазақ жерлерін қалай тартып алғаны туралы бір мысалдың негізінде әңгімелемекші.

1908 жылы Белағаш даласы Қоныс аудару Басқармасының қарамағына беріледі. 1908 жылдың көктемінен бастап жергілікті ұйым Белағаш даласын жалға алушыларына, оның ішінде Коростелев даласынан көшірілгендерге статистикалық-экономикалық зерттеу жүргізеді. Зерттеудің мақсаты – сол жерде бұрыннан жалға алушыларды жерге орналастыру үшін және Дала өлкесіне, атап айтқанда Семей облысына көшіру жоспарланған жүздеген мың шаруаларға беруге жоспарланған Белағаштағы қажетті жер нормаларын қоныс аудару учаскелеріне бөлу үшін артығын анықтау болды.

Белағаш даласы жыл сайын миллиондаған пұт нан өндіріп, қазақ даласының мал шаруашылығына тән жерлерінің арасында астық өсіруге тиімді жерлердің бай оазисін көрсеткен. Миллиондаған пұттарды ұсақ жалгерлер - қазақтар мен орыстар өндірді, олардың осы жерлерде жұмыс істеуге және еңбектенуге барлық құқығы болды, оны Қоныс аудару Басқармасы да мойындады.

Белағаштың артық жері қонысаударушы-егіншілерге берілуі керек болды, оны да сол Басқарма қолдады. Бұл кезде Ресей империясының Министрлер Кабинеті асығып, тексеріп басталған зерттеу нәтижелерін күтпестен Ресейдің оңтүстігінен келген қойшыларға Коростелев даласын жалға беріп жібереді. Сол кездегі баспа беттерінде былай деп жазылған екен:  

«В крае, бедном землями, годными для земледельческой культуры, и богатом скотоводством земледельцы выселяются для замены зернового хозяйства скотоводческим. Нелепость подобной политики не нуждается в комментариях»

Коростелев даласын қой өсірушілер Кабинеттің жеке шаруашылығы үшін ең тиімді жағдайда жалға алды деген пікірлер де болды. Алайда 1906 жылдың күзінде-ақ Кабинеттің жерлері, оның ішінде Алтай Таулы округі Жоғары жарлықпен қонысаударушыларды көшіруге арналған жерлер болып шықты. Демек, сол кезден бастап коммерциялық жеке-шаруашылық көзқарас Кабинет жеріндегі өз мәнін жоғалтты.   

«Сколько раз с трибуны Государственной 2 и 3 Думы говорили председатель совета министров и главноуправляющий З. У. и 3. о том, что на землях Кабинета будут устроены переселенцы! Неужели все эти обещания принесены в жертву овцеводам? Почему такая спешка для водворения их на место земледельцев?» 

Бұл жердің берілуі кең қоғамдық резонанс тудырды. Передача этой земли вызвала широкий общественный резонанс. Өйткені, басқалармен қатар, бұл әрекеттің өзі Жоғарғы Жарлықтың негізгі идеясын және он мыңдаған отбасы мен шаруа қожалықтарының өмірлік мүдделерін бұзудың прецеденті болды және ұлттық шаруашылық тұрғысынан қажеттілік жоқ жерде егіншілікті малшаруашылығымен алмастыру қаупіне әкелді. Билікті Коростелев даласын мекендеген адамдардың нақты өмірімен таныстыру үшін зерттеушілер тіпті көшірілмекші қазақтардың экономикалық тыныс-тіршілігі туралы деректер жинады.

1908 жылы 205 қазақ қожалығында 1 927 жылқы, 1 050 бас қара мал, 4 470 қой болған. Орта есеппен бір шаруашылыққа 9,3 жылқы, 5 бас қара мал және 21,9 қойдан келген.  Дәл осы 205 қазақ қожалығында бір жыл бұрын 893 десятина бидай егістігі және 341,5 десятина сұлы егістігі болған. Бір қожалыққа орта есеппен 4,5 және 1,66 десятина жер тиесілі болған. Сонымен қатар, қазақтардан басқа, Коростелев даласында жерді жалға алған 3 мещан отбасы өмір сүрді. Орта есеппен бір қожалықта 44,3 жылқы, 21,6 бас қара мал, 90 қой, 40 десятина бидай және 16 десятина сұлы егістігі болды.

Коростелев даласынан көшірілмекші жалға алушылардың барлық 208 қожалығында 2060 жылқы, 1 115 бас қара мал, 4740 қой болған. 1907 жылы оларда 1 013 десятина бидай, 389,5 десятина сұлы егістігі, барлығы 1 402,5 десятина егістік болған.

Жоғарыда келтірілген деректерден 205 қазақ шаруашылығы Кабинеттен 1 234,5 десятина егістік жерді жалға алғандығын көруге болады. Қазақтар шөп шабу үшін қарағайлы алқапты бір десятинасы үшін 2-6 рубль 60 тиыннан жалға алған. Коростелев даласынан көшірілген 208 қожалықтың 2 060 жылқысы, 1 115 ірі қарасы және 4 740 қойы, әр мал басына ірі қара мал үшін 15 тиын және ұсақ мал үшін 10 тиын төлеп жайылымда жайылған. Коростелев даласының тұрақты тұрғындарынан басқа, мұнда әр жазда 1 400 жылқысымен Белағаштан төрт қожалық және Ремеев даласынан бір қожалық келген.

Қонысаударушы-қойшылар қолдарына тиген жермен не істеді? 1907 жылы Дәулетті, Байғотан және Есембай ауылдарының 12 қожалығы осыған дейін қазақтар жалдап келген жерді алған кәрі қойшы Соседовтан 45 десятина шабындықты жалға алған (1 десятина үшін 3 – 5 рубльден). 1907 жылы Есембай мен Байғотан ауылдарының 8 қожалығы бұрын қойшы Соседовқа дейін 120 рубльге жалдап келген, өздері бауыр басып кеткен, жоңғарлармен шайқастар кезінде талай қаны төгілген, осы жерде жерленген ата-бабасының жерлерін, кейін өздері 150 жыл бойы тер төккен жерін, енді осы қойшыдан 200 рубльге жалдауға мәжбүр болады. 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?