«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

«Тәуелсіздік дәуірі» жобасы - егемен ел шежіресі

1597
«Тәуелсіздік дәуірі» жобасы - егемен ел шежіресі
«Қазақпарат» ХАА» АҚ «Қазақстан тарихы» порталы «Тәуелсіздік дәуірі» жобасын оқырман назарына ұсынады.

2021 жылы Қазақстан Республикасы өзінің 30 жылдығын атап өтеді. Осыған байланысты еліміздің Тәуелсіздігі тарихын зерделеу, оны қазақстандықтардың жас буыны арасында дәріптеу қажеттілігі туындап отыр. 

Жобаны жасау барысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын негізге алынды. Тарихи публицистика жанрында жазылған кітап еліміздің жаңа тарихына және оның болашығына көз салған автордың көзқарасын көрсетеді. Кітапта тәуелсіз мемлекет құрылысының негізгі кезеңдері қарастырылған, дамудың «қазақстандық моделінің» мәні, әлемнің бәсекеге ең қабілетті 50 елінің қатарына Қазақстанның мерзімінен бұрын кіруі және 30 үздік елдің қатарына кіруге қарай өрлеуі көрсетілген.

«Тәуелсіздік дәуірі» жобасы 62 лонгридтен (31 қазақша, 31 орысша) тұрады. Лонгридтарда мультимедиа форматында қазіргі тарихымыздағы маңызды оқиғалар, республикамыздың саяси-әлеуметтік және экономикалық дамуы, сыртқы және ішкі саясаттың негізгі кезеңдері көрсетілген.

Жоба ұлттық тарихты және қазақстан халқының мәдениетін дәріптеуге бағытталған, сондықтан да жоба тек мәтіндік материалдармен ғана емес, сонымен бірге аудио және бейнеконтентпен де әзірленеген. «Тәуелсіздік дәуірі» жобасы төрт бөлімнен тұрады:

I бөлім. Мемлекетіміздің дүниеге келуі. Қазақстанның бірінші жаңғыруы (1991–1995 жылдар),

II бөлім. Ұлы бетбұрыс. Қазақстанның екінші жаңғыруының басталуы (1996–1999 жылдар),

III бөлім. Қияға құлаш сермеу. Қазақстанның екінші жаңғыруы (2000 – 2010 жылдардың басы),

IV бөлім. Қалыптасқан мемлекет. Қазақстанның үшінші жаңғыруы (2010 жылдар).

Әр бөлім қазақ және орыс тілдерінде берілген. Интернет-ресурс қазақстандық қана емес, сонымен қоса шетелдік аудиторияны да қамтуды жоспарлайды.

«Тәуелсіздік дәуірі» жобасы жастардың патриоттық санасының қалыптасуына, ұлттық мәдениет пен тарихтың, қоғамдық сананың мақсатын, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың әлемдік аренадағы рөлін және қазіргі қазақстандық мемлекеттің жасампаздығын түсінуге мүмкіндік береді.