Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

1975 жылы Алматы қаласындағы 28 панфиловшылар саябағында «Даңқ» мемориалы ашылды.

1937 жылы 8 мамыр күні актер, режиссер Асанәлі Әшімов дүниеге келді

- = -

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, академик Ақанаев Амандос Әтібекұлының туылған күні

26246
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, академик Ақанаев Амандос Әтібекұлының туылған күні - e-history.kz
Дәстүрлік емес» стильдің және ол бірінші рет станок шығармаларға ендірген рельефтік кескіндеме технологиясының негізін қалаушы.
1948 жылы 19 қарашада Ақанаев Амандос Әтібекұлы өмірге келді Ақанаев Амандос Әтібекұлы 1948 жылы 19 қарашада 1948 жылы 19 қарашада Алматы облысы Мичурин атындағы кентте өмірге келді. Әкесі – Әтібек Ақанай, марқұм, шопан болған. Анасы – Ақанаева Бибіхан (1912 ж.т.), халықтық өнердің ісмер-шебері. Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінің кескіндеме факультетін бітірген (1968), суретші. ҚР Көркемөнер академиясының толық мүшесі (2006 жылдан). «Дәстүрлік емес» стильдің және ол бірінші рет станок шығармаларға ендірген рельефтік кескіндеме технологиясының негізін қалаушы. Кескіндемедегі жаңа бағыттың - рельефтік стильдің және «Ақанаев династиясы» мектебінің негізін салушы. Ол металл, тоқыма, ағаш және басқа материалдардан алынатын мүсіндік элементтерді кескіндеме тініне табиғи қабыстыра енгізеді. А. Ақанаевтың ұсыныстары негізінде ҚР Көркемөнер академиясының бағдарламаларында жоғары мүдделі жобалар қатары жүзеге асырылуда, атап айтқанда «Қазақстан номадтарының қорғандық кешендері мен тастан қашаған өнімдері» жобасы. Бейнелеу өнерінің түрлері – дизайн, монументалдық өнердің сәулеті, кескіндеме, мүсін. Третьяков галереясында, Шығыс мұражайында (Мәскеу қаласы), Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында (Алматы қаласы), Президенттің мәдениет орталығында (Астана қаласы); Астана, Павлодар, Көкшетау қалалары мұражайларының, Виллафамес Қазіргі өнер мұражайының (Испания), Балтимор өнер мұражайының (АҚШ) коллекцияларында; сондай-ақ АҚШ, Германия, Ресей, Англия, Франция, Бельгия, Италия, Швеция, Швейцария, Лихтенштей, Дания, Индия, Пәкістан, Египеттің жеке коллекцияларында сақталуда. Шығармалары отандық, шетелдік және халықаралық көрмелерде экспонатталады (1968 жылдан). Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1968 жылдан - Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінде кескіндеме мен композицияның, кескіндеме мен графика технологиясының оқытушысы. КСРО (1978), ҚР Суретшілер одағы басқармасының; ҚР Көркемөнер академиясының бас сарапшысы (2006 жылдан); ЮНЕСКО жанындағы Сыншылар мен өнертанушылардың халықаралық қауымдастығының (АІСА, 1986) мүшесі. ҚР Әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2010). КСРО Суретшілер одағының көптеген грамоталарымен, сыйлықтарымен (1978-1987), ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамоталарымен (1981) марапатталған. КСРО Көркемөнер академиясының стипендиаты. World Master (2010). Алматы облысы Талғар ауданының Құрметті азаматы (2010). Қазақстанның Еңбек сіңірген кайраткері (2001). Діни көзқарасы - Құдайға сенеді. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Шыңғысхан, Н.Ә. Назарбаев, Төле би, Ш. де Голль, Аспарух хан. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Тамаша, жарқын болашақ». Хоббиі - адам тану, Қазақстанның табиғаты. Сүйіп оқитын әдебиеті - Ф.М. Достоевский, Л.Н. Толстой, К. Әзірбаев, М.Х. Дулати, Ж. Руми, Саади, О. Хайям, Сайге, А. Болидің шығармалары. Үйленген. Жұбайы - Оразбекова Лаура Сәкенқызы (1949 жылы туған), суретші. Қызы - Ақанаева Ботагөз (1971 жылы туған); ұлдары - Ақанаев Руслан (1968 жылы туған), Ақанаев Ескендір (1974-2009). Немерелері - Аспарух (1987 жылы туған), Мұхит (1989 жылы туған), Рада (2000 жылы туған), Александра (2001 жылы туған), Глеб (2002 жылы туған ).