Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Ұлы Алтай жолымен» археологиялық медиакеруені өтеді

2630
«Ұлы Алтай жолымен» археологиялық медиакеруені өтеді - e-history.kz
Археологиялық медиакеруен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы аталған міндеттердің бірі – «Туған жер» бағдарламасын орындауға үлесін қосады

Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына кіргеніне 25 жыл толуына орай ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Елдің зияткерлік әлеуеті» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен Халықаралық тұрақты туризм жылы аясында «Ұлы Алтай жолымен» археологиялық медиакеруені өтеді. Бұл туралы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ресми сайты хабарлайды.

 

 

Археологиялық медиакеруен траекториясында:

1) Алматы – Шілікті – Күршім – Берел; 
2) Астана – Шыңғыстау – Берел мекендері қамтылған. 

Медиакеруен шеңберінде кешенді археологиялық зерттеулер мен ақпараттық ағарту және журналистерге арналған пресс-тур ұйымдастырылады. 

Шараның бірінші кезеңі бойынша мына экспедициялар өз жұмыстарын жүргізеді:

«Берел» археологиялық экспедициясы, ғылыми жетекшісі – академик Зейнолла Самашев, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті; 
«Алтай» археологиялық экспедициясы, ғылыми жетекшісі – доцент Ғани Омаров, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
«Шілікті» археологиялық экспедициясы, ғылыми жетекші – профессор Әбдеш Төлеубаев, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
«Шыңғыстау» археологиялық экспедициясы, ғылыми жетекші – доцент Ұлан Үмітқалиев, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
«Қазақ елі» экспедициясы, ғылыми жетекшісі – профессор Гүлмира Сұлтанбаева, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.

Шараның екінші кезеңінде: 
«Қазақ елі – Мәңгілік ел»: тарихи-мәдени жәдігерлерді цифрлық форматқа көшіру, сақтау және жариялау технологиялары» V Халықаралық мобильді медиа мектебі өтеді. 2016 жылы ЮНЕСКО Алматыдағы Кластерлік бюросы қолдауымен еліміздің Оңтүстік Қазақстан облысынан жұмысын бастаған медиа сауаттылық керуені Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары және Астана қаласында жұмысын жалғастырды. Сонымен қатар, «Ежелгі және ортағасырлық Еуразияның мәдени-тарихи үрдістері контекстіндегі Алтай археологиясы» Халықаралық Жазғы археология мектебі ұйымдастырылады. 

Шара аясында Берелдегі қазба жұмысына қатысатын археолог- студенттерге көшпелі дала семинарлары мен шеберлік сағаттары өтеді.

Археологиялық медиа керуен жұмысына отандық ғалымдармен қатар Ресей, Түркия, Германиядан ғалымдар қатысады деп күтілуде.

Өтетін уақыты: 25-30 маусым 2017 жыл
Өтетін орны: «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы

Қосымша ақпарат үшін: 050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., әл-Фараби даңғ., 71, әл-Фараби ат. ҚазҰУ 
Журналистика факультеті, баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, саяси ғылымдарының докторы, профессор, Гүлмира Серікбайқызы Сұлтанбаева
тел.: +7(727) 2211492; факс: +7(727) 3773514, моб: +77011527488; +77073777049, 
эл-пошта: Gulmira.Sultanbayeva@kaznu.kzsultanbaeva@gmail.com
Тарих және археология факультеті, археология, этнология және музеология кафедрасы меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ғани Қалиханұлы Омаров
тел.: +7(727)33773319; моб: +77018210015; 
эл-пошта: gany_omarov@mail.ru 
Астана, Пушкин көш., 11, № 2 корпус Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті тарих факультеті, археология және этнология кафедрасының меңгерушісі тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Үмітқалиев Ұлан Ұмітқалиұлы
Тел.: (87172) 70-95-00. вн. 34-134, 34-313, 30-223

http://www.kaznu.kz

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?