Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Италия археологы қазақ тарихын зерттеумен айналысады

2031
Италия археологы қазақ тарихын зерттеумен айналысады - e-history.kz
«Мәдениет күніне» орай «Атамекен» кешенінде италиялық археолог, PhD докторы Жан Лука Банорамен кездесу өтті. Ол кездесуге жиналған жұртты елімізде жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесімен таныстырды

Италия археологы, PhD докторы Жан Лука Банора қазақ тарихын зерттеумен айналысады, деп хабарлады BNews.kz тілшісі «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Мәдениет күніне» орай «Атамекен» кешенінде италиялық археолог, PhD докторы Жан Лука Банорамен кездесу өтті. Ол кездесуге жиналған жұртты елімізде жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесімен таныстырды.

Ғалым биыл Ақмола облысы Шағалалы ауылында (Павловка) Қола дәуірінің қонысы  - Шағалалы 2 археологиялық ескерткішінде зерттеу жүргізген болатын. Сонымен қоса, Жан Лука Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде «Археология және этнология» мамандығы бойынша білім алатын студенттер мен магистранттарға дәріс береді.

Орыс, ағылшын, француз тілін еркін меңгерген археолог алдағы уақытта қазақ тілін оқып, еліміздің тарихын зерттеуге зор үлесін қосуды жоспарлап отыр.

Дерек көз: bnews.kz

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?