Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Сарыарқа төсіндегі сарай

2129
Сарыарқа төсіндегі сарай   - e-history.kz
Осыдан 55 жыл бұрын 1961 жылы Целиноград қаласында (қазіргі Астана) Тың игерушілер сарайының құрылысы басталып, 1963 жылы аяқталды

Солтүстік Қазақстанның сарын даласына Никита Хрущев алғаш рет 1961 жылы аяқ тіреді. Ол алғашқы сапарын Вишневский ауданы, Ижевск совхозындағы бүкілодақтық ғылыми-зерттеу астық шаруашылығы институтының тәжірибелі шаруашылығынан бастады. Жергілікті жермен танысқаннан кейін одақтың бірінші басшысы Ақмолада кеңес партиялық-шаруашылық активінің екпінділерімен және арнайы шақырылған Алтай, Батыс Сібір, Ресейдің Қорған облысы мен Орынбор совхоз-колхоз өндірісінің басшы қызметкерлерімен кездесуді ұйымдастырды. 

7e35c483f556eb8adc9c8e7dd8769712.jpg

Шақырылған қонақтарды қала қонақүйлеріне сыйдырып орналастыру мүмкін болмағандықтан, кейбірлері станцияларда жиынға келген вагондарында жайғасты. Мәселенің күрделілігі сол кеңес өткізетін кең залдың болмауы. Осы тұрғыда «П» деп аталатын доғал көпірдің (көпір-темір жол желісі арқылы қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан) арғы бетіндегі бекетті жедел түрде ыңғайландыру шешімі қабылданды. «П» бекеті сонау Ұлы Отан соғысынан сақталған сыйымды асхана болатын, сол кездері бұл жерден Ақмола станциясы арқылы шыққан әскери эшелондар азық-түлік алатын. «П» бекеті деп аталу себебі орыстың «питание» (тамақтану) және «продукты» (азық-түлік) сөздерінен шығып аталып кеткен. Кеңесте сөйлеген сөзінде Н.С.Хрущев мәтінін үзіп былай деді: Тың даласына сапарды менің қызымда аяқтайды. Татьяна күнбағыс майы қосылған қарақұмық ботқасын ұнатады. Сондықтан тың игеруші жолдастар сіздерге малдың азықтық бұршақтарынан өзге де егіс алаңының патшайымына айналатындай, одан қалды қарақұмық секілді мәдени дақылдарды өсірумен айналысуға тура келеді. Сонымен қатар Н. С. Хрущев жүгері мен бұршақты дұрыс жемеген адамдарды қатаң сынға алды. Партия басшысы жұртшылық алдында былай деді: «Жүгері – біздің табыс көзіміз, ол арқылы біз Американың жан басына шаққандағы ет пен сүт өндіруінен алға шығатын боламыз». Оның үстіне бас хатшы жүгеріні шаршы ұялап отырғызу тәсілімен өсіру керектігін қатаң талап етті.

01abf7ac02f35728289b34edddfc2084.jpg

 Никита Сергеевичтің жанында елдің құрылыс және құрылыс материалдары министрі Засядько болды, кеңестен соң Хрущев оған: Осы секілді кеңес, жиындар енді бұл жерде жиі болады, сондықтан Целиноградқа үлкен бір сарай тұрғызу қажеттігін айтты. Және де жұмысты жедел түрде қолға алып арнайы құрылысшылар мен қажетті құрылыс материалдарын қамтамасыз етуді жалпы құрылыс барысының министрдің өз қадағалауына алуын ескертті. Міне Целиноградтағы тың игерушілер сарайының тұрғызылу тарихы осылай басталды. 

1964 жылы Хрущев Ақмолаға екінші сапарында Қазақстанның кеңестік органы және партия өкілдері, сонымен қатар ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілермен кеңейтілген республикалық жиын өткізді. Аталған жиын тың игерушілер сарайында өтті. Қазақстан КП ОК хатшысы Д.Қонаев Н.Хрущевке алғы сөз бергенде қатысушылардың қол соғуынан зал теңселгендей болды. Мінбеде тұрып, лық толы көрермендерге қараған Хрущев былай деді: бұл тың игерушілер сарайын біздің Кремльдегі съездер сарайының кіші бауыры деп айтуға болады. Өзінің баяндамасында Никита Сергеевич ауыл шаруашылығы өндірісіндегі табыстар яғни, нан, ет, сүт және басқа да мал шаруашығы өнімдерінің өндірілуі мен көптеп сатылуы арқасында қол жеткізген жетістіктері үшін қазақстандықтарға және ең алдымен, тың игерушілерге алғыс білдірді. – ет өндірісі бойынша Америка Құрама Штаттарынан асып түсетін кез алыс емес, деп жалғастырды Хрущев. – Бұл үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар... Көптеген шет мемлекеттерінің өкілдері Қазақстан аумағына келіп, тың игерушілердің жасаған еңбектерін өз көзімен көргілері келеді. Мен оларға осындай мақсатта республикаға келуіне рұқсат беруіміз керек деп есептеймін. Келіп, тың игерудің қалай дамып, өркендеп жатқанын көрсін. 

Сонымен бірге біз оларға тың жерлерді игерушілер оларды қалайша бай өлкеге, гүлденген жазираға айналдырғанын көрсетеміз, - деген сөздерімен аяқтады. Жиналған қауым оны ұзақ қол шапалақтаумен шығарып салды... Ақмолада 1961 жылы салынған Тың игерушілер сарайы (Конгресс-холл)-Хрущевтің сыйы. 

 Дәулет ІЗТІЛЕУОВ

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?