Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

ЖЕТІ ДЕГЕН...

3925
ЖЕТІ ДЕГЕН... - e-history.kz
Жиі қолданылатын сандардың ішінде қазақ халқында жеті саны ерекше рөл атқарады

«Жеті» саны мынадай қанатты сөздерде жиі қолданылады: Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер; Жеті атасын білмеген жетесіз; Жерден жеті қоян тапқандай; Жеті қарақшыны таныған жеті түнде адаспас; Жетімнің қарны – жетеу; Бала жетіге келгенше жерден таяқ жейді; Жеті қат көк, жеті қабат жер; Кедейдің жеті қаңтары бар; Ит – жеті қазынаның бірі; Аптада жеті күн бар; Жұт жеті ағайынды; Жеті есіктен өткен жетім.  

Жеті санын киелі деп есептейтін қазақтарда жеті қазына деген ұғым бар. Оларға мыналарды жатқызған: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен мылтық.

0226869d42f0ae1eab7764fa5b4c22b9.jpg

 Жеті жұт: 1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру). 5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зілзала (жер сілкіну). 

Жеті жоқ: 1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллада бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ. 

Жеті жетім: 1. Тыңдамаған сөз жетім. 2. Киюсіз тозған бөз жетім. 3. Иесіз қалған жер жетім. 4. Басшысы жоқ ел жетім. 5. Аққу-қазсыз көл жетім. 6. Жерінен айырылған ер жетім. 7. Замандасы қалмаса – бәрінен де сол жетім.

 Адамның жеті мүшесі: 1.Бас. 2, 3. Екі қол. 4, 5. Екі аяқ. 6. Кеуде. 7. Іш. 

Жеті қат көк 

«Жеті қат көк» деген сөз тіркесі қазір «шексіз, түпсіз аспан» деген бейнелі мағынада қолданылады. Бұл сөз тіркесі сандық мағынасынан айырылып, «жеті түн» ретінде қолданылады. «Жет қат көк» – шығыс астрологтарының жиі қолданатын ежелгі термині. Бұл жерде «жеті» саны «жеті жұлдызға» теңестіріледі: Ай, Меркурий, Шолпан, Күн, Қызылжұлдыз, Есекқырған, Қоңырқай. 

Жеті әулие / Жеті шәріп: 1. Мекке шәріп. 2. Мәдина шәріп. 3. Бұхар шәріп. 4. Шам шәріп. 5. Қатым шәріп. 6. Құддыс /Мысыр/ шәріп. 7. Құран шәріп. 

Жеті ғашық. Қазақ ақындары мен жырауларының шығармаларында «жеті ғашық» екі түрлі нұсқада кездеседі: 

1. Ләйлі –Мәжнүн, Фархад –Шырын, Таһир –Зуһра, Арзу –Қамбар, Уәлік – Ғарра, Уәки – Күлшаһ, Жүсіп –Зылиқа 

2. Лейлі – Мәжнүн, Фархад – Шырын, Жүсіп – Зылиха, Бахрам – Күләнда, СепілМәлік – Жамал, Бозжігіт – Қарашаш, Зизді – Қорлығайын. 

Жеті ата: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата. 

Жеті күн: 1. Бүгін. 2. Ертең. 3. Бүрсігүні. 4. Арғы күн. 5. Ауыр күн. 6. Соңғы күн. 7. Азына. 

1. Дүйсенбі. 2. Сейсенбі. 3. Сәрсенбі /сәтті күн/. 4. Бейсенбі. 5. Жұма /қасиетті күн/. 6. Сенбі. 7. Жексенбі.

Жеті ғалам. «Жеті ғалам» (дүниенің, әлемнің бөліктері) қазіргі кезде «бүкіл әлем, ғалам» дегенді білдіреді. Өткен заманда бұл термин халықтың әлем туралы ежелгі мифологиялық түсінігін білдірді. Осыған байланысты «жеті» санымен жеті бағыт қарастырылатын. Бұл дүниенің (ғаламның) төрт бұрышы: 1. Шығыс, Батыс, Оңтүстік, Солтүстік. Осы төрт ғаламға тағы үшеуі қосылды. Мысалға, Аспан – жоғары ғалам, Жер – орта ғалам, Жер асты – төмендегі ғалам. 

Жеті амал: 1. Күннің тоқырауы. Жаз мезгіліндегі күннің тоқырауы 21 маусымда. Қыс мезгіліндегі күннің тоқырауы 22 қаңтарда. 2. Қарашаның қайтуы – бұл айда құс оңтүстікке қайтып, алғашқы қар түседі. 3. Үркердің батуы: маусым айы туғанда үркер жұлдызы мүлдем көрінбей кетеді. Осыған орай осылай аталған мезгіл. Халықтың «Үркер жерге түспей жер қызбайды» деген қанатты сөзі бар. 4. Мұздың қатуы: судың бетіне жұқа мұз қататын мезгіл. Қарашаның суығы басталады. 5. Киіктің матауы: Үркер бататын қыс мезгілін білдіреді. Үркер 11 қаңтарда батады. 6. Қыс тоқсан: қыс тоқсанында қыс айлары кіреді. 7. Ай тоғамы: егер ай мен Үркер шоқжұлдызы бір мезгілде көрінсе, ол түйісу деп аталады. 

Жеті жарғы - Тәуке ханның Жеті жарғысы

1-жарғы. Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын (Бұл жарғы мемлекеттің бүтіндігі талабынан туды). 

2-жарғы. Түркі халқының мүддесін сатып,елге опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын.(Бұл жарғы халықтың ортақ мүддесі –елдің бүтіндігін қорғаған біртұтас қоғамдық сананың жемісі).

3-жарғы. Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын(Бұл жарғы да жабайылықтың төменгі сатысына тән кісі өлтірішулікке тыйым салған және мәдениеттіліктің белгісі ретінде танылуға тиіс өте елеулі жаңалық). 

4-жарғы. Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасап, ақ некені бұзушыларға өлім жазасына бұйырылсын (Бұл жарғы да шаңырақтың бірлігін қамтамасыз еткен, неке парызына адалықты талап еткен маңызы зор жаңалық). 

5-жарғы. Өреде тұрған,тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын (Ол кезде «ер қанаты – ат» елдің, мемлекеттік соғыс күші ретіне бағаланады). 

6-жарғы. Төбелесте мертігудің түріне қарай төмендегіше мүліктей құн төленсін: а) біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді,ал қызы жоқ болса қыздың қалыңмалын береді; ә)төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі айыпқа ат береді. 

7-жарғы. Ұрланған жылқы, өзге де құнды мүлік үшін он есе артық айып төлеттірілсін. 

Пайдаланылған әдебиет: 

Калыбекова А. Народная мудрость казахов о воспитании. – Изд.3-е. – Алматы: БАУР, 2011. – 512 с.


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?