Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

ҮЛКЕН ӨМІРГЕ БАСТАҒАН АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ

2062
ҮЛКЕН ӨМІРГЕ БАСТАҒАН АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ - e-history.kz
Қыркүйек - оқу жылының басталғанын тек оқушылардың ғана емес, сонымен қатар студенттердің де есіне салады. Олар үшін бұл күн басқалардан да жауапты болуы мүмкін

Білім беру жүйесі жаңа реформаларды басынан кешіріп отыр. Өзінің «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» атты бағдарламалық мақаласында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның үшінші жаңғыруы қоғамдық сананың жаңғыруын басып озуымен сүйемелденуі керек деп көрсетеді. Бәсекеге қабылеттілік – жаңғырудың басты бағыты.

ХХІ ғасырдың адамының бойынан табылуы керек қасиеттердің ішінен Нұрсұлтан Назарбаев компьютерлік сауаттылықты, сана-сезімнің ашықтығын, және де шет тілдерін білуді ерекше атап көрсетті. Жоғары білім еліміздің жастары үшін жетекші басымдылық болып табылады. Бұл жыл 90 мың мектеп бітірушілері үшін сынақ жылы болды. 74 мыңға жуық талапкер 50 баллды құрайтын шекті деңгейден өтіп, жуық арада Қазақстанның жоғары оқу орындарынан өз орындарын алады.

Студенттер қауымының өзекті мәселелері мен оқу үрдісіндегі жаңартпалар туралы «NDH» порталы астанамыздағы жетекші университеттің бірі – ҚазМЗУ-дың жас оқытушысы Динара ДӘУЛЕТБАЕВАМЕН сұхбаттасып қайтқан болатын.

- Қазіргі уақытта студенттердің оқуға деген қызығушылығы байқалады ма?

- Ия, қазір жастардың уәжі мықты, олардың әрқайсысы білім мен сапалы білімнің сәтті өмірдің негізгі құрамдас бөлігі екенін жақсы түсінеді.

- Үштілде білім беруге көшу жоспарына байланысты қазір ағылшын тіліне көп көңіл бөлінуде. Бұл оқу үрдісіне қалай әсер етеді? 

- Біздің университетімізде ағылшын тілі маңызды рөл атқарады, өйткені, мысалы Экономика Жоғары Мектебінде 2-ші курстан бастап оқу толық ағылшын тілінде жүреді. Студенттердің оқуға түскен кезінде анықталған деңгейіне сәйкес бірінші курсқа түскен барлық студенттер ағылшын тілі пәнін оқуға міндетті.

- Студенттерді оқу үрдісіне қалайша қызықтыруға болады?

- Студенттерді қызықтыру үшін, олардың сабақ барысында алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана алулары маңызды. Студенттер өздерінің болашақ мамандығына, саяхатта немесе шетелдіктермен әңгімелескен кездепайдасын тигізетін нәрсені үйреніп жатқандарын түсінсе, онда оқуға да соғұрлым саналы түрде қарайды да, осылайша олардың уәждері арта түседі. Сонымен қатар заманауи технологиялық ғасырда студенттерді білім алу үрдісіне молынан тарту үшін және оқытушының үлкен жұмысына негізделген дәстүрлі тәсілден жеке тұлғаға бағдарланған оқытуға көшу үшін интерактивті әдістерді қолдану маңызды.

- Университеттің инфрақұрылымында не жетіспейді? Қай саланы дамыту керек?

- Бұл жағдайда университет мәртебесі мәндірек, ол ұлттық, мемлекеттік әлде жеке болып табылады ма. ЖОО-ның қаржыландырылуы мен инфрақұрылымы осыдан қалыптасатын болады. Әрине, инновациялар жасау мен білім сапасын арттыруға септігін тигізетін жоо-ның ғылыми әлеуетін дамытуға көбірек назар аудару қажет.  

- Сіздің университет басқа ЖОО-ның тәжірибелеріне сүйенеді ме?

- ҚАЗМЗУ- АҚШ-тың, Оңтүстік Кореяның,Германияның, Италияның және т.б. елдердің жетекші жоғары оқу орындарымен бірге қызмет істеп келеді.  Интернационалдандыруды ілгерілету, академиялық мобильділікті арттыру, және шетелдік жоғары оқу орындарымен серіктестік қарым – қатынастарды дамыту – біздің университетіміздің басымды бағыттарының бірі болып табылады. Тиісінше бұндай серіктестік тәжірибе алмасуға және үздік дәстүрлер мен дағдыны қабылдауға оң септігін тигізеді.

- Оқу сағаттарынан басқа, оқушылармен мәдени-тәрбиелік жұмыстар өткізіледі ме? 

- ҚАЗМЗУ-дағы студенттік өмір оқиғаларға толы.  Университетімізде студенттер сабақтан бос уақытында қатысатын, қызығушылықтар бойынша көптеген клубтар мен үйірмелер жұмыс жасайды: студенттік баспасөз орталығы, «Enactus KAZGUU» бизнес ұйымы, студенттік кеңес, дебат клубы, студенттердің қайырымдылық қоры, спорттық клубтар және т.б.

- Оқушылардың түрлі деңгейдегі үлгерім мәселелерімен қалай күресуге болады?

- ҚАЗМЗУ-ға түскен кезде ағылшын тілінің деңгейін анықтау үшін талапкерлер KAZGUU English Placement Test тапсырады. Осылайша, ағылшын тіліне қатысты бұл мәселе біршама жеңілдетіледі, өйткені студенттер өз деңгейлеріне байланысты топтарда оқиды.

- Студенттер үшін Бірінші қыркүйек нені білдіреді? Бұл күн олар үшін мектеп оқушыларына сияқты мереке болып табылады ма?

- Студенттер үшін бірінші қыркүйек – үлкен өмірге басқан қадам іспетті. Бұдан былай өздігінше өмір сүруі керектігін, ата – анасының қанатының астынан кетуі керектігін және өмірінде жаңа қызықты кезең басталатынын студенттер түсінеді. 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?