Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Қазақ әлемі» этноауыл кешені халық құрметіне бөленді

2727
«Қазақ әлемі» этноауыл кешені халық құрметіне бөленді  - e-history.kz
Тұңғыш Президент саябағында «Қазақ әлемі» тарихи-этнографиялық ауылында ұлттық бренд үлгілерінің таныстырылымы өтті

Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы қарсаңында Тараз қаласындағы Тұңғыш Президент саябағында «Қазақ әлемі» тарихи-этнографиялық ауылы түрленіп, ақ шаңқай киіз үйлер тішіліп, ұлттық бренд үлгілерінің таныстырылымы аталып өтті. 

ed5c62b0524bcdaa6b36b5b075570c8c.JPG

Тұңғыш Президент саябағында өткен шара бірнеше күнге ұласып, ән мен жырдан шашу шашып, ұлттық дәстүріміз ұлықталған ерекше күн болды. Қала қонақтары мен тұрғындары да осында келіп, этнографиялық сауатын ашып, қазақтың бай мұраларымен танысты. 

26ce970a1d9ae33f8aacd69a4f448a43.JPG

Әсіресе Қазақстан билеушілері ордаларының тарихи композициясы елдің ерекше қызығушылығын тудырса, жас бабалар үшін арнайы ашылған этнографиялық алаңқайы болашақтың үздік жобасы екенін көрсетті. Бұл жобаны әр кез-келген өңірде қолданып, ұлттық тәрбие беру құралын ретінде қолдансақ та болатынын айтылды. 

656c4df5ae530e98eaa80c988fa6f35f.JPG

Театрландырылған қойылымдар және сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі де көрермен қызығушылығын тудырды. Бұған қоса, кешенде әр түрлі танымдық, ойын-сауық іс-шаралары өткізілді. 

39072cfdca871097fa4409fd469ed64b.JPG

Аталған кешенде әйелдердің ел өміріндегі бет-бейнесі түрлі суреттер мен қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан түрлі туындылар арқылы бейнеленіп, қонақтардың назарына ұсынылды. Бұдан бөлек, «Қазақ әлемі» тарихи-этнографиялық кешені, «Жәдігер» жылжымалы мұражай экспозициясы, ұлттық қолданбалы өнер бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі, «Алтын сақа»: ұлттық ойындар сайысы, киіз бұйымдар қойылған балалар алаңқайы, қазақтардың ғұрыптық жырларын насихаттайтын «Фольклор және өмір» іс-шаралары – халқымыздың салт-дәстүрлерін жаңғыртып, бірегейлігі мен өзгешелігін дәлелдейтінін бірден аңғардық. Мұндай этнографиялық тарихи орындар болашақта әлі де қажет екені байқалады. 

4842e4e12aac5d6e3551cc82090dd8cd.JPG

Әрине іс-шаралардың барлығы бірнеше күнге созылғандықтан ұсынылған композициялар халықтың көңілінен шығып, жалғасын тауып отырса игі бастама екенін қала қонақтары айтып жатты. Сондай-ақ, «Тарих доңғалағы» алаңқайында көшпелі цирк бағдарламасы, «Көк күйме» алаңқайында «Сақтардан қазақтарға дейін» – «Арлан» киім үлгісі театрының тарихи қойылымы, «Дулыға» алаңқайында «Ер қаруы – бес қару»: көшпенділердің қару-жарақтарымен таныстыру және «Киіз күмбездер»: қазақ киіз үйінің тарихы, сыры, мағынасы, түрлері туралы интерактивті-танымдық бағдарламалары ұлтымыздың өмірін, ерлігін зерделеді. 

ae2538ad0111a9d60e1d06ed2d61cdb3.JPG

«Ақ шатыр» сахна алаңында «Мәңгілік сарын» – Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің бағдарламасы мен «Беркініп садақ асынған» – қазақтың батырлық жырларындағы эпикалық толғаулардан концерт және қазақтың музыкалық аспаптары, түркітілдес халықтар музыкасы, дәстүрлі әншілік мектебінің әндері, қазақтың жыр-термелері, басқа да бірқатар мерекелік іс-шаралар тойға қатысушы қауымның көңілін көтеріп, тарихи танымын кеңейткен шаралар барысында көрінді. 

Әзірлеген Алтынбек Құмырзақұлы

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?