Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ғалымның хаты өлмейді...

3018
Ғалымның хаты өлмейді...  - e-history.kz

Иә, шынында да Серікбол Қондыбай аз ғана ғұмырында ғылым мен білім іздеушілеріне ешқашан өшпес мұра қалдырып кетті. Соған орай С.Қондыбай ұрпақтары бүгін Еуразия Ұлттық университетінде «Серікбол Қондыбай мұраларындағы арғықазақ мифологиясы және Ұлы дала өркениеті» атты II халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

Әлемнің түкпір-түпірінен жиналан ғалымдардың мақсаты ғалым Серікбол Қондыбайдың шығармашылығын танып білу және жиналған қауымға мифологияны түсіндіріп, түрлі тақырыпта баяндамалар жасау.

Серікбол Қондыбай Әділбекұлы 1968 жылы  Маңғыстаудың Қарақия ауданы, Құрық кентінде дүниеге келген. 1997 жылы университет бітіріп, Үстірт мұражай-қорығында, облыстық экология және биоресурстар басқармасында қызметкер, орта мектепте мұғалім, өлкетану, туризм, ландшафт эстетикасы мәселелері саласында зерттеу жұмыстарын жүргізді.

С.Қондыбай жазған тақырыптары сантүрлі болған. Байырғы қазақ шежіресінен бастап география тұрғысында мағлұматтар жинастырып бірнеше кітап жазған. Ғалымның «Маңғыстау географиясы», «Қазақ мифологиясына кіріспе», «Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары», «Есен-қазақ», «Гиперборея: түс көрген заман шежіресі», «Арғықазақ мифологиясы», «Эстетика ландшафтов Мангистау», «Маңғыстаунама», «Қазақ даласы және герман тәңірлері», «Жауынгерлік рух кітабы» сынды зерттеу еңбектері бар.

Серікбол Қондыбайдың «Қазақ мифологиясы» атты жаңа ғылымның ірге тасын қалаған ерекше дарын иесі. Ғалымның «Гиперборея: түс көрген заман шежіресі», «Қазақ мифологиясына кіріспе», «Қазақ даласы және герман тәңірлері», «Есен -Қазақ», «Эстетика ландшафтов Мангистау» сынды тың идеялы еңбектері және төрт кітаптан тұратын «Арғы қазақ мифологиясы» атты кешенді, іргелі зерттеуі қазақ қоғамтану ғылымына қосқан үлкен үлесі.

Небәрі 36 жыл ғана ғұмыр  кешіп, оның соңғы тоғыз жылын төсекке тағылып, мүгедек арбада өткізген. С.Қондыбай адамзаттың ортақ игілігіне 16 том өлмес мұра қалдырды. Оның ғалымдар қауымы арасында «Күн текті қаһарман», «Аңыз құсы»  атануы жай болмаса керек. Себебі, құлаққа жатталып, жадымызға сіңген ертегі-аңыздардан қазақтың ілкі дүниетанымын, одан әрі түркінің түп-төркінін түгендеу арқылы әлемдік ғылымға олжа салған ғалым кемде кем.

Халықаралық конференцияға алыс жақын елдерден ғалымдармен профессорлар қатысты. Олардың ішінде: Чуваш мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, Әлемдік түркологтар ассоциясының төралқа мүшесі Николай Егоров, Ресей Ғылым академиясы Уфа федеральдық зерттеу орталығы тарих, тіл және әдебиет институтының профессоры Фирдаус Хисамитдинова, ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры Серік Негимов, Висконсин – Мадисон университетінің профессоры және Назарбаев унверситеті түркітану және қазақ тілі кафедрасының жетекшісі Юлай Шамилоглу, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры, ҚР ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы т.б қатысты.

«Бүгін ерекше күн. Себебі бүгінгі керемет конференцияға Маңғыстау жерінен ат терлетіп келіп қалдық. Бекет Атадай пірі бар Серікбай Қондыбай елінің азаматтары атынан біздің ыстық ықыласымызды білдіреміз. С.Қондыбайдың өмірі мен зерттеулерін насихаттау жас ұрпақтың маңызды бөлігі екенін әрдайым біліп жүру керекпіз. С.Қондыбай ағамыздың шапағаты бүгінімізбен болашағымызға мол әсерін бүгінгі конференциядан кейін шашуы керек», –дейді Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі Серікбай Төлетов

Сондай-ақ, конференция барысында Халықаралық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы, сән саласының маманы Т.Айдынбаеваның «Мифтік кейіпкерлер» атты киімдер коллекциясы көрсетіліп, көптің көңілінен шықты.

«Бір пенде Алла берген өмірді жай бос өткізсе, бір пенде берген қысқа ғана ғұмырды ғасырлар бойы ұмытылмайтындай артынан мұра қалдырып жатады. Сондай тұлғаның бірі бүгінгі конференцияға арқау болып отырған Серікбол Қондыбай бауырымыз. Жарық дүниеде 36 жыл ғана өмір сүрсе оның 9 жылын мүгедек арбасына таңылып өткен болатын. Сол кезде ол жаратушыдан қалған өміріне медет сұрамай, керісінше халқына мұра қалдыруды армандаған адам. Небәрі 9 жыл ішінде 16 томдық мұра қалдырды. Халқына үлкен атақ алып берген ғалымды бүгін міне халқы да оны ұмытпай атына мектеп, мұражай, кинофильмдер түсіріп жатыр. Бұл ол кісіге деген халқының ерекше ықыласы, махаббаты», – дейді Республикалық Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, профессор Өмірзақ Озғанбай.

Алыс жақын елден келген қонақтар да дарынды тұлға туралы өздерінің ықыластарын білдіріп, бірнеше минутқа созылған баяндамалар жасады.

Конференцияға С.Қондыбайдың кітап көрмесі де қойылып, С.Қондыбай туралы деректі фильмді қонақтар назарына тарту етті.

«Серікбол Қондыбайдың еңбектері және мифология құбылысы», «Ұлы дала құндылықтары және таным сабақтастығы» бұл тақырыптар конференцияда қарастырылатын негізгі бағыттар болды. 

Қосымша фотосуреттер: «Серікбол Қондыбай мұраларындағы арғықазақ мифологиясы және Ұлы дала өркениеті» атты II халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?