Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Арал тағдырын көрсеткен фильмнің тұсауы кесілді

1560
Арал тағдырын көрсеткен фильмнің тұсауы кесілді - e-history.kz
Фильм режиссері Катерина Суворова: Аралға бірінші рет келгенде, көргенімнің барлығына таңқалдым. Мен ол кезде әлі студент едім, уайым-қайғысыз ата-анаммен тұратынмын, барлығы да жақсы еді

14-16 маусым аралығында Астанада Қазақстанда Еуропа күнін атап өту аясында Еуропа кинофестивалі өтті. Биыл көрермендер назарына Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің үздік кинофильмдері ұсынылды. Фестиваль бағдарламасына Чехия, Австрия, Швеция, Эстония, Испания, Словения, Германия, Франция, Нидерланды, Литва, Румыния, Словакия жəне Латвия елдерінде түсірілген 13 фильм кірді. Еуропа күні — Еуропалық одақ елдерінде жыл сайын өтетін бейбітшілік пен бірліктің мерекесі.

Еуропа күні 9 мамырда аталып өтеді. Бүгінгі таңда Еуропалық Одақ – бұл 28 мемлекеттің экономикалық жəне саяси бірлестігі. Еуропа күні мерекесі Еуроодақтың туы, əнұраны жəне бірыңғай валютасы-еуромен бірге Еуроодақтың бөлінбес нышандарының бірі болып табылады.

Биылғы мерейтой жылында Еуропа өткенді мақтан тұтып, болашаққа үміт артады. 60 жыл барысында бейбіт ынтымақтастық, құрмет, еркіндік, демократия, теңдік жəне еуропалық елдер мен халықтар арасындағы ынтымақтастыққа атсалысушы Одақ құрылды. Қазақстанмен екіжақты ынтымақтастықтың шеңберінде де ЕО саяси жəне экономикалық ынтымақтастықты дамыту, институционалдық реформаларды ілгерілетуді жалғастыруға ниетті.

Қазақстандағы Еуропа күнін атап өту шеңберінде Еуропалық кино фестивалінің қорытынды күні “Завтра море” фильмінің көрсетілімі, сонымен қатар, фильм авторының көрермендермен кездесуі өтті. Шараға фильм режиссері Катерина Суворова және Қазақстандағы Германия Елшілігі Басшысының орынбасары Джонни Крамер мырза қатысты.

Қазақстан мен Германия бірігіп түсірген "Завтра море" деректі фильмі - неміс Роберт Бош Қоры грантының жүлдегері. Фильмнің тұсаукесері 2016 жылдың тамызында Локарно қаласындағы кинофестивальде өтті. «Завтра море» - авторлық толықметражды фильм. Ол Арал теңізінің бұрынғы жағалауларындағы қазіргі тұрғындардың өмірі туралы төрт оқиғаға негізделген.

Режиссер фильмнің түсірілу тарихымен бөлісіп: “Завтра море” – өте ұзақ хикая, әрі, бірінші кезекте, адамдар туралы хикая. Аралға бірінші рет келгенде, көргенімнің барлығына таңқалдым. Мен ол кезде әлі студент едім, уайым-қайғысыз ата-анаммен тұратынмын, барлығы да жақсы еді. Содан, бір мезетте, осы жерге, өмір адамдар үшін еңсерілмес қиындыққа айналған мекенге тап болдым. Осының барлығы маған үлкен әсер етті, таңқалдырды, мен Қазақстанда дәл осындай әсерлі ештеңе көрмеген болармын деп ойладым. Мен түсінбеген жайттар жетерлік еді, бірақ, соған қарамастан, мен барлығына құрметпен қарай бастадым. Осы туралы міндетті түрде баршаға айтып бергім келді», - деп атап өтті.

Катерина Суворова – қазақстандық режиссер-документалист. Бірнеше қысқаметражды фильм түсіріп, халықаралық кинофестивальдерде бірқатар сыйлықтарға ие болған («Киношок» фестивалінде Ресей Киносыншылары Гильдиясының сыйлығы, «Святая Анна» Ұлттық сыйлығы, Роберт Бош қорының Арнайы сыйлығы және т.б.).

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?