Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақтың ұлттық шапанын киген Кастро

2213
Қазақтың ұлттық шапанын киген Кастро - e-history.kz
Алматыдағы Қазақ мемлекеттік циркі мұражайында көптеген цирк тарихындағы фотосуреттер сақталған. Солардың ішіндегі көзге түсетін ерекше бір жәдігер бар

Ол – атақты қолбасшы, Кубаны 1959 жылдан 2006 жылға дейін басқарған әйгілі революционер Фидель Кастроның қазақтың ұлттық шапанын киіп түскен суреті.

Естеріңізге сала кетсек, бұл Фидель Кастроның қазақ елімен алғашқы байланысы емес еді. Қазақ елінің батыры, Екінші Дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен Бауыржан Момышұлы кубалық әскер қызметкерлері үшін пір тұтатындай тұлға болғаны тарихтан белгілі. 

1963 жылы 55 жасында ел үкіметінің шақыртуымен Б. Момышұлы Куба еліне барған. Куба үкіметі Бауыржанға «құрметті дивизия командирі» деген атақ береді. Б. Момышұлы Куба әскерлеріне сағаттап лекциялар оқып, сол кезде ССРО құрамында болған туған жері Қазақстан жайлы біраз әңгімелеп береді. БАҚ өкілдері Батыр Бауыржанның келуін ұлы той ретінде қабылдап, «Қош келдің, батыр» деген мақалалар жариялап тұрды.

Кейіннен бұл сапары жайлы Б. Момышұлы «Менің отбасым» атты кітабында толықтырып жазады.

Рауль Кастро: – Біз сіздің майдан жолында жасаған ерліктеріңіз үшін алғыс айтамыз. Сіздің айтқандарыңыз біз үшін қымбат, бағалы полковник мырза! Мәскеу қаласында сіз туралы елшіден сұрағанда, сіздің денсаулығыңыз жақсы екенін және кітап жазатыныңыз туралы айтты. Содан кейін сізді Куба еліне шақыру керек екендігін ұйғардық. Сіз біздің шақыртуымызды алдыңыз ба?
Бауыржан Момышұлы: – Иә, алдым. Мен біреуді сапарға шығарғым келмеді.  Сондықтан  ешқандай ресми араласусыз келдім. Мен сізге жауынгерлік одақтас ретінде келдім.
Рауль Кастро: – Иә, өкінішке қарай, Фидель аяқ астынан Ориентаға кетіп қалды. Ол сізге ыстық сәлемін және кешірімін жолдады. Бізге Қазақстан туралы көбірек айтып берсеңіз.
Бауыржан Момышұлы: – Бұл менің кеудесінде ешқаншай медалы жоқ және қопаңдаған қарынсыз министрді алғаш рет көруім.
Рауль Кастро: Менде қарын жоқ, ал марапаттарға мен әлі лайық емеспін.
Бауыржан Момышұлы: – Менің жасыма келгенде сізде қарын да шығады, марапаттар да болады.
Рауль Кастро күліп: Иә, сіз өнер адамы болғандықтан мені шашсыз, толып кеткен, кеудемдегі көптеген марапаттарымен көре аласыз.
Бауыржан Момышұлы: – Уақыт көрсетеді, команданте!

Енді Куба елінің, дәлірек айтсақ Фидель Кастроның қазақ елімен екінші қауышуы туралы айтсақ. Бұл туралы Қазақ мемлекеттік циркінің алғашқы кірпішінің қалануынан бастап қызмет атқарып келе жатқан Өмірбек Исабеков қазақтың ұлттық киімін киген Кастроның суретінің тарихын былай деп баяндайды:  

– Қазақ циркінің тарихында бұл бір ғажайып гастроль болды! Сонау 1978 жылы 60 адамнан тұра­тын өнер ұжымы Кубаға бақан­дай төрт жарым айға бар­дық. Біз Алматыдан шыққанда қоңыр күз болса, қайтып Ленин­градқа оралғанымызда тізеден қар жатты. Қазан мен ақпан айы­ның арасына созылған гаст­роль барысында Кубаның 14 про­ви­н­циясын аралап, барлық қала­ларында концерт қойдық.  Ол кезде біз де Одақтық Мемлекеттік циркке  қарай­тын едік. Алдымен Кубаға ұйымдастырушылық топ ұшып барды. Одан кейін Қазақстан әртістерін ИЛ-18 ұшағы алып ұшса, аттар мен түйелер, аюлар мен аңдар Ленинградтан Гаванаға кеме арқылы 21 күн ішінде жеткізілді.  

Айға жуық кемеде шайқа­ты­лып, дұрыс азықтана алмаған цирк жан­уарлары Кубаға қатты жүдеп жетті. Олар теңіз ауруына шал­дығып, бір аптадан кейін ғана әлдене бастады. Әртістер де ұзақ жолдан кейін  бір аптадай ауырыңқырап жүрді.

Өз-өзімізге келіп алғаннан кейін жергілікті климатқа бейім­де­ліп, өнер көрсетуді бастап кет­тік. Барлық қалалардағы кон­церт­­­­теріміз аншлагпен өтті. Қай аре­нада болсын көрер­мен­дерге толы болды. Әсіресе, куба­лық­тар­­ға үйретілген түйелер, аю­лар нөмірі, яғни Шолпан Қожам­бердиеваның жан­уарлары ұнады.

Әрине, Қазақстаннан барған цирк әртістері Куба басшысымен көзбе-көз жүздесе алмаған. Есесіне сол кездегі ССРО-ның Кубада­ғы елшісі Никита Толубеев Қазақ циркі алып келген сәлемде­­мені Фидель Кастроға өз қолымен табыстап қана қоймай, иығына шапанды жабады. 

Шындығында сол кезде әлем­дік деңгейдегі саяси қайраткер Фидель Кастроның жанында елші Никита Павлович Толубеев те болған. Қандай да бір себептермен оның суреті фотодан кейін қиылып қалады. 

Ал Фидель Кастро ұлттық шапанымызды ықыластана киіп, өз кезегінде сол кездегі Қазақ­­станның бірінші хатшысы Дін­мұхамед Қонаевқа сәлемдеме ретінде қолтырауынның терісін беріп жібереді.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?