Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

И. Будневич: «Фотосурет – менің өмірім ғана емес, тағдырым да!»

1940
И. Будневич: «Фотосурет – менің өмірім ғана емес, тағдырым да!» - e-history.kz
Израильда іссапарда жүргенде Президент қалжыңдап: «Иосиф Львович, осы жерде қалғыңыз келмейді ме, бұл сіздің атажұртыңыз емес пе?» деген сұраққа ол: «Менің бір-ақ отаным бар. Ол – Қазақстан» депті

И.Будневич – атағы көпке белгілі қазақстандық фотомастер. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президентінің алғашқы және жеке фотографы

Будневич Иосиф Львович 1927 жылы Ленинград қаласында туған.

«Ленинская смена» газетінің оқырмандары И. Будневичтің фоторепортаждарын жақсы біледі. Себебің оның суреттері Қазақстанның тарихында мәңгілік сақталған. Ол жұмыс барысында Қазақстанның барлық жеріне және әлем елдерін де аралаған.

Хас шебер суреттерінде Ачисай полиметалл комбинатының құрылуын, атақты Теміртауды, Байқоңырдағы ғарышкерлердің жерге қонуы сияқты еліміздің аса бір маңызды оқиғаларын жібермей, түсіріп отырған.  

И. Будневичтің Қазақстан және Совет Одағының мемлекеттік қайраткерлері Д.А. Қонаев, З. Шаяхметова, Н.С. Хрущев, Л.И. Брежневтерді түсірген портреттері журналдарда миллиондаған тиражбен шығатын. Қарапайым халыққа елдегі болып жатқан проблемаларды, жетістіктерді, өзгерістерді осы фотосуреттер арқылы жеткізіп отыратын. Оның түсірген суреттері қазір еліміздің құны жетпес байлығына айналды. Қазіргі таңда суреттер мемлекеттік архивтерде сақтаулы.

Оның өміріндегі маңызды жылдар 1992 жылы басталды. Сол жылдан бастап И. Будневич Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке фотографы болды. Өзінің фотоаппаратын жанынан ешқашан тастамаған мэтр өмірді өзінше ерекше көре білетін.

Оның соңғы жұмыстарының бірі әлемнің тұңғыш әйел-космановты В. Терешкованың Қазақстанның Оңтүстік астанасы Алматы қаласына келгендегі фотосуреттер еді. Естеріңізге сала кетейік, В. Терешкова 2001 жылы Алматы қаласына келген болатын. Ең алғаш барған жері – Ұлттық кітапхана.

Оның еңбек уақыты шамамен 70 жылға дейін созылды. Алғашында «Ленинская смена» газетінде фотокорреспондент ретінде бастаған. Одан кейінгі жұмыс орны Қазақстан телеграф агенттігі – ҚазТАГ пен бүкілодақтық «Жаңалықтар» агенттіктерінде жетекші фотограф болып қызмет атқарды.

Ол өте ашық және достыққа адал еді. Фотосуреттерінің кейіпкерлерімен де достық қатынасы жақсы болған. Олардың ішінде: Мұхтар Әуезов, Күләш Байсейітова, Қаныш Сәтбаев, Дмитрий Снегин, Роза Бағланова сынды қазақтың белді азаматтары мен қоғам қайраткерлері болған.

Қазақстанда И. Будневичтің атқарған еңбегін құрметтеп бірнеше орден медальдармен марапаттаған. Оларың ішінде «Құрмет» ордені мен «Қазақстанның Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі бар. Тағы айта кететін жайт, Будневич қазақ журналистикасының дамуына қосқан ерен еңбегі үшін «Алтын Самұрық» мүсіні табысталып, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған. Ал 2001 жылы Қазақстан Журналистика академиясының академигі болды.

Оның атақты деген фотосуреттерін атап айтатын болсақ: «Орбита станциясы», «Алматы балалар ойыншық жасау фабрикасы», «Детский мир универмагының ғимараты», «Тақтада тұрған қыз», «Х.А.Яссауи кесенесінің жалпы көрінісі» т.б.  

Бірге қызмет атқарған әріптестерінің айтуына қарағанда И. Будневич көмек сұраған адамның бетін қайтармайтын. Қалжыңдасқанды жақсы көретін.

И. Будневич өзінің немерелерін қатты жақсы көретін. Әр іссапарда жарты сағат міндетті түрде уақыт бөліп, немерелеріне сыйлық алатын. Елге қайтып келген уақытта әрдайым отбасына хабарласып, аман-есен жеткенін хабарлап тұратын.

Израиль елінде іссапарда жүргенде Президент қалжыңдап: «Иосиф Львович, осы жерде қалғыңыз келмейді ме, бұл сіздің атажұртыңыз емес пе?» деген сұраққа И. Будневич: «Менің бір-ақ отаным бар. Ол – Қазақстан» деп жауап қайырған екен. Ол Қазақстанды, сайын даланы, қалада болып жатқан құбылыстарды жақсы көретін.

И. Будневич өзінің таланты мен біліктілігінің арқасында Қазақстанның тарихи кезеңдерін, тарихи тұлғалардың барлығын дерлік фотосуретке түсіре алды. Әріптестері оның жұмысын  «өшпейтін мұра» деп атайтын болған. 

Мэтр өзінің жұмысын «Фотосурет – менің өмірім ғана емес, тағдырым да!» деп бағалайтын. Ол жастарды жанындай көрді. Өзінің білгені мен көргенін әрдайым үйретіп жүрген.

Иосиф Львович Будневич – Қазақстандағы фотожурналистиканың тарихына фотосурет өнерінің жоғары кәсіби деңгейге көтерген бірегей тұлға. Шебердің жұмысын жалғастыратын жастар үшін тамаша тәлімгер және әлемдік қоғамдастыққа мемлекеттің жетістіктерді фотосурет арқылы жеткізуді ұқтырып кетті. 

И. Будневич Алматы қаласын қатты жақсы көргені сондай, бір сұхбатында:

– Мен үшін Алматының апорты жоғалып бара жатқаны көңілімді түсіреді. Алматы үшін бұл жай ғана алма емес. Егер Алматы апортын өсіруді қайтадан қолға алса, менің екінші арманым орындалатын еді

Ж: Сонда сіздің бірінші арманыңыз не?

– Бірінші арманым – дайын болған Алматы метросына отыру, – деп жауап беріпті.

И. Будневич жұмыстары

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?