Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

Тарих ғылымының докторы, профессор Тілеуқажы Шойынбаевтың туылған күні

- = -

Металлургтар күні.

26516
Бүгін Қазақстан металлургтері кәсіби мерекелерін атап өтеді.
1957 жылдың 28 қыркүйегінде КСРО экономикасының қалпына келуіне ықпал еткен кеңестік металлургиялық өнеркәсіпке құрмет ретінде КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы Металлург күнін бекітті. Ол шілде айының үшінші жексенбісінде атап өтілді. КСРО тарағаннан кейін мереке металлургия ел экономикасында сүбелі рөл ойнайтын ТМД-ның барлық елдерінде сақталып қалды. Қазақстанда Металлург күні Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 15 қарашадағы Жарлығына сәйкес атап өтіледі. 2011 жылғы қазан айының соңында Елбасы Н.Назарбаев Қазақстандағы кәсіби және өзге де мерекелердің жаңа тізімін бекітті. Металлургтер күнін шілденің үшінші жексенбісінде атап өту - өзгеріссіз қалдырылды.