Бұл күн тарихта

104 жыл бұрын филология ғылымдарының докторы, профессор, жазушы, аудармашы Бегілбай Шалабаев дүниеге келді

Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заңы қабылданды

Қазақстан Республикасы үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды

- = -

104 жыл бұрын филология ғылымдарының докторы, профессор, жазушы, аудармашы Бегілбай Шалабаев дүниеге келді

Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық институтын (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті), Ленинград университетінің аспирантурасын бітірген. Жазушы Коммунистік журналистика институтында, қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық институтында, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық унивреситетінде жемісті еңбек еткен. Тырнақалды «Тайжеген тауында» атты повесі 1932 жылы қазіргі «Жұлдыз» журналында жарық көрген. Кейін «Жекпе-жек» повесі, «Өмірде не болмайды» әңгімелер мен фельетондар жинағы жарық көрген. Сондай-ақ аударма саласында да қалам тартып, В.Белинскийдің мақалаларын, Короленконың «Мылқау» повесін, М. Горькийдің «Жастар мен балалар туралы» жинағын тәржімалаған. Ол 1948 және 1960 жылдары шыққан «Қазақ әдебиет тарихының» бірінші томы авторларының бірі. Жазушының «Қазақ прозасының тарихы. «Сюжет және характер», «Қазақ романының тарихы» атты монографиялары жарық көрген. 1-ші дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, медальдармен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.