Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

85 жыл бұрын жазушы-аудармашы, Қазақстанға еңбек сіңірген мәдениет қызметкері - Кәкімжан Қазыбаев дүниеге келді

- = -

Қазақстан Республикасы мен Франция Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды

26312
Қазақстан Республикасы мен Франция Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 25 қаңтарда орнатылды. Франциямен қарым-қатынас жасау – Қазақстанның еуропалық бағыттағы сыртқы саясатының басымды бағыттарының бірі. Қазақстан-француз байланысының негізгі қағидаттары 1992 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Францияға ресми сапармен барған уақытта бастау алған, ресми сапар барысында екі ел арасында Достық, ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы шарт жасалды. Дипломатиялық қатынастарды орнатқан сәттен бастап, екі жақты саяси диалог қарқынды да сенімді сипатта өтуде. Астана және Париж өзара түсіністіктің жоғары деңгейіне қол жеткізіп, қазіргі заманның өзекті мәселелері бойынша ұқсас көзқарасты ұстанады. Басқа да ядролық мемлекет қатарында Франция Қазақстанға қауіпсіздік кепілін беріп, оны өңірдегі тұрақтылық кепілі және Еуропа мен Азияны байланыстыратын дәнекер ретінде қарастырды. Ресей, Италия, Швейцария және Қытайдан кейін Франция Қазақстанның шетелдік сауда әріптестері арасында 5-орынды алады. Қазіргі таңда Қазақстан нарығында мұнай-газ, тау-кен, энергетикалық, көлік салаларында және қызмет көрсету саласында 40 француз компаниясы жұмыс істейді.