Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

2000 жылы ҚР ҰҒА-ның жалпы жиналысы Н.Ә.Назарбаевты «Макроэкономика» мамандығы бойынша мүшелікке қабылдады

1997 жылы Будапештте венгр тілінде шыққан Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» кітабының тұсаукесері өткізілді

- = -

2000 жылы Павлодар қаласында қазақтың ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровқа ескерткіш ашылды.

26220
2000 жылы Павлодар қаласында қазақтың ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровқа ескерткіш ашылды. - e-history.kz
(2000) Павлодар қаласында қазақ ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровқа ескерткіш ашылды.
Сұлтанмахмұт Торайғыров малшының отбасында дүниеге келді. Ол бір жасқа толмай анасынан айырылады. Медреседе оқиды (1908—1910). Сұлтанмахмұт 1912 жылы Троицк қаласына барып, Ахун Рахманқұли деген татардың медресесіне оқуға түседі. Орыс тілін үйреніп, Лермонтов, Пушкин, Крылов шығармаларымен танысты.Қаржының тапшылығынан көп қиыншылық көріп, ауруға шалдығады. Жаз шыға Троицк маңындағы бір ауылға бала оқытуға кетеді. 1913 жылы алғашқы «Айқап» қазақ журналында хатшы болып жұмыс істеді, осында Сұлтанмахмұттың алғашқы очерктері басылып шықты. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары бөлек кітап болып кейін Кеңес уақытында басылып шықты. 1917жылғы ақпан көтерілісінен кейін халыққа жақын болу мақсатымен Семейге келеді. Өмірден көп қағажу көріп қажыған ақын арманына жетіп көңілі көтеріледі. “Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды”, “Мұздаған елдің жүрегін жылытуды” армандайды. Кеңес өкіметі орнаған соң, Сұлтанмахмұт Шедерті аудан комитетінің төрағасы болды, бірақ сол кезде оның алашордашылармен де байланыста болуын оның «Сары арқа» газетінде басылып шыққан өлеңдері дәлел болады. Өз дәуірін жанартаудай жарып шығып, қара түнде жарқылдаған найзағайдай жалын атқан ақын, аққан жұлдыздай небәрі 27-жасында дүниеден қыршын кетті.