Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

1996 жылы Алматыда ҚР мен РФ президенттері Каспий жөніндегі мәлімдемеге қол қойды.

1994 жылы Алматыда «Абылай хан» атындағы қор құрылды.

- = -

1999 жылы Айыртау ауданында Қарасай және Ағынтай батырларға мемориалдық кешен орнатылды

26207
1999 жылы Айыртау ауданында Қарасай және Ағынтай батырларға мемориалдық кешен орнатылды - e-history.kz
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында Қарасай және Ағынтай батырларға мемориалдық кешен орнатылды
Мемориалдық кешен 1999 жылы аты аңызға айналған Қарасай және Ағынтай батырлардың құрметіне орнатылды, олардың жоңғар шапқыншыларына қарсы соғысқан ерліктеріне арналады. XVII ғасырда Есім хан әскерлерінің жоңғар шапқыншылығына қарсы соғысында он сегіз жастағы Қарасай батыр хан әскерін басқарды, оның қасында ең жақын досы Арғын-Ағынтай батыр болды. Айрылыспас екі дос 48 жыл бірге 200 реттен астам жоңғар шапқыншыларына қарсы қанды соғыста бірге болды, күресті 65 жастарында аяқтады. Қарасай және Ағынтай батырлар Құлшынбай төбе шоқысында бір бейітке жерленген.