Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

81 жыл бұрын (1934-1986) қазақ жазушысы, белгілі сатирик Әубәкіров Оспанхан дүниеге келді.

76 жыл бұрын Қазақстан композиторлар одағы құрылды

- = -

Мемлекеттік меншіктен шығару және жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы

26093
1993 жылдың 5 наурызындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы 1993-1995 жылдарға деген мемлекеттік меншіктен шығару және жекешелендірудің ұлттық бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылды. Жекешелендірудің екінші кезеңіндегі бағдарлама институционалды реформалардың негізгі бағыттарын анықтады: — Кіші сауда кәсіпорындары, коммуналды шаруашылықтар, тұрмыстық қызмет көрсету аукциондары мен сайыстары арқылы жүзеге асырылған «кіші жекешелендіру». — Инвестициялық жекешелендіру купондары үшін 200-ден 5000-ға дейін жұмысшылары бар орташа кәсіпорындардың «жалпылама жекешелендірілуі». — Ірі және уникалды мүліктік кешендердің (5000 адам жұмысшылары бар кәсіпорындардың) жеке жобалары бойынша жекешелендіру. — «мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жекешелендірілуі».