Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

Тарих ғылымының докторы, профессор Тілеуқажы Шойынбаевтың туылған күні

- = -

КСРО өнер қайраткері Мәжит Сапарғалиұлы Бегалиннің туған күні

26049
КСРО өнер қайраткері Мәжит Сапарғалиұлы Бегалиннің туған күні - e-history.kz
Мәжит Сапарғалиұлы Бегалин – қазақ кинорежиссері, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, КСРО өнер қайраткері Мәжит Бегалин 1922 жылғы 22 ақпанда Семей облысы Абай ауданының Дегелен ауылында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) дүниеге келген. 1948 жылы БМКИ режиссерлік факультетін тәмамдаған (С.А.Герасимовтің шеберханасы). 1950-1978 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында режиссер болған. «Бұл шұғылада болған еді» (1955), «Жерге қайта оралу» (1959), «Тұлпардың ізі» (1964) сынды өзінің замандастары туралы көркем фильмдердің қоюшы авторы. Осы фильмдер ХХ ғасыр аяғындағы қазақ еңбеккерлері туралы. Мәжит Бегалиннің режиссерлік шеберлігі тарихи-биографиялық жанрдағы фильмдерде қалыптасты: Ш. Уәлихановтың өмірі туралы «Оның күні туады» (1957); Бауыржан Момышұлы туралы «Артымызда Мәскеу» (сценарий авторы, 1967). Осы фильм үшін Мәжит Бегалин Орталық Азия және Қазақстанның кино өнерінің бас жүлдесіне ие болды. Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметоваға арналған «Мәншүк туралы баллада» атты фильмі үшін Минск қаласында өткен Бүкілодақтық кинофестивальдегі КСРО Қорғаныс министрлігінің бас жүлдесіне ие болды. 1974 жылы экранға Мәжит Бегалиннің «Отқа оранған Орал» атты фильмі шығады. Шығармашылық қызметі үшін Мәжит Сапарғалиұлы Беғалин Қазақ ССР өнерге еңбегі сіңірген қайраткері (1966) атанды. Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған. Мәжит Сапарғалиұлы Бегалин 1978 жылғы 5 мамырда Алматы қаласында жерленді. Режиссер Бегалиннің шығармашылығы туралы «Мәжит Бегалин» атты деректі фильм түсірілген (1981, кинооператор А.Т.Ашрапов). Әдебиет Мәжит Сапарғалиұлы Бегалин / кіт. Қазақстан: Национальная энциклопедия 1 т. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2004. – 382 б. Қазақстан мәдениеті: Энциклопедиялық анықтама / құрастыр: М.С.Ашимбаев.- Алматы: Аруна, 2010.- 654 б. Материалды Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ұсынды (Семей қ.).