Биыл 17 тамызда Совет Одағының Батыры Жолдыбай Нұрлыбаевтың туғанына тура 93 жыл.
Жолдыбай Нұрлыбаев (1922, Мақтаарал ауданы – 20.2.1945) – соғыс ардагері. Совет Одағының Батыры (24.3.1945). Қызыл Армия қатарына 1941 жылы шақырылды. 5-Армияға қарасты 507-танкіге қарсы армиялық истребитель артиллериясының Кишинев полкі құрамында батарея командирі болып, Сталинград, Оңтүстік, 3 және 4-Украин, 1-Белорус майдандарында ұрысқа қатысты. Лукац-Крейц қаласының іргесінде болған кескілескен шайқаста капитан Жолдыбай Нұрлыбаев асқан ерлікпен қаза тапты. Ленин, Қызыл Ту, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен марапатталған. Мақтаарал ауданында оған ескерткіш қойылған.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және
Qazaqstan tarihy порталына гиперсілтеме берілуі тиіс.
Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. 8 (7172) 64 95 59
(ішкі - 1164)