Қазір қалада жақсы сақталып қалған бірегей және тарихи ескерткіштер баршылық. XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың бас кездерінде салынған ғимараттар мен нысандардың құндылықтары ерекше.
Олардың көбісі әлі жұмыс істеп тұр. Оның ішінде бір және екі мұнаралы мешітті, бүгінде оқу мекемелері орналасқан ерлер мен қыздар гимназияларын, мұғалімдер семинариясын атауға болады. Ал көпес Сахноның бұрынғы қонақүйінде - бүгінде «Бинар» қонақүйі, ал губернатор үйінде - тарихи-өлкетану мұражайының залдары орналасқан.