МАҢҒЫСТАУДЫҢ ЕРТЕДЕГІ ЖЕРАСТЫ МЕШІТТЕРІ
24.02.2017 2981
National Digital History интернет порталы Маңғыстау өңірінің бірегей діни сәулет ескерткіштеріне саяхатты, белгілі архитектор Алмас Ордабаевтың эксклюзивті фотошежірелерімен жалғастырады

Қазақстан аумағына келіп жеткен мұсылман діні жаңа ғұрыптармен қатар, жаңа құрылыстарды ала келді. Көшпелілердің әдет-ғұрпы көрініс тапқан ерте исламның қатаң тәртіптері Аллахқа сыйынатын орындарды ұйымдастыруға  бейжай қаралды. 

Фотосуреттердің барлығы 1969-1970 жылдары түсірілген

Шақпақ Ата мешіті, 1969 жыл (жаңғыртуға дейін) 

Ғибадат ету үшін аспан күмбезі мен ерекше дуалмен қоршалған жер учаскесі ғана қажет етілді. Тек қана мұсылмандардың қасиетті қаласы Мекке және мұсылмандардың басты ғибадатханасы Қағбаға қарай дұрыс бағытты табу ғана керек еді.

Шақпақ Ата мешітінің төбесі (аспан асты терезе)

Ерте ислам кезеңін оның Қазақстан жеріне келу кезеңімен салыстыруға болады. Әрине, қоршаулармен және қаланған құрылыстармен белгіленген ашық аспан астындағы ерте ғибадатханалар ерте мешіттердің түптұлғалары қызметін атқарды. Маңғыстауда дөңгелек немесе тікбұрышты қоршаулар кіруге арналған жері бар және мерхабтың қызметін атқаратын ірі тасы бар мешіттер әлі күнге дейін сақталған. 

Шақпақ Ата мешітінің өрнегі (обна, капитель)

Діни соғыстар мен дін үшін күресушілердің ерліктері көрініс тапқан қиын-қыстау кезеңдер туралы табиғи қатпарында орналасқан немесе әктасты тау жыныстарында қашалған Маңғыстаудағы үңгір немесе жерасты мешіттерді еске түсіреді.

Шақпақ Ата мешітінің ішкі көрінісі

Каспий теңізінің Маңғыcтау шығанағына жақын орналасқан тау жыныстарында қашалған Шақпақ ата жерасты мешітінің кешені құрылысы бойынша қызықты және күрделі болып келеді. Бұл жерде Хоремнен Хазарияға, Булгарияға апаратын сауда жолындағы айлақ болған. Мешітке кіретін басты есік жел мен теңіздің қызықты қылып өңдеген тік жартас жақтан келеді. 

Шақпақ Ата мешітінің құрылысы

Ғибадатхананың ішкі құрылымы крест тәрізді болып келген.  Ауданы 4х4 метр болып келген орталық шаршының дөңгелек зенитті саңылауы бар күмбез тоғыспасы бар. Шаршының төрт бұрышында қабырғадан қашалған төрт ұстын бар. Ұстындар арасына арка тәрізді маңдайша қашалған. Оңтүстік-батыс тармағының шетжағында михраб орналасқан. 

Шақпақ Ата мешітінің жоспары 

Михрабқа қарсы қашалып жасалған тармақта намаз оқитын мұсылмандарға арналған алаңды үлкейтіп тұр. Оңтүстік-шығыс бөлігінде үстірттің үстіңгі жағына шығатын жер бар. Ғибадатхананың ортакеңістігінің үстінде жер бетінде зенитті шамның саңылауын қоршап тұрған павильон бар.   Үшкіл ойықшамен безендірілген мешітке кіреберістің екі жағында жарқабақта жеті камера ойылған. Оның алтауында мұсылман әулиелері жерленген.   

Шақпақ Ата мешітінің суреті. Салған Алмас Ордабаев. 1969 жыл

Ең ірі бөлме сыйынушылардың түнеуі үшін қолданылған. Аңыз бойынша Шақпақ ата (шын есімі – Шахмардан) Маңғыстауда белгілі әулие Шопан атаның немересі болған және мешіт оның қатысуымен салынған дейтін болсақ, онда оның тұрғызылу уақыты ХII ғасырдың аяғы болмақ. 

Қараман Ата мешіті, 1971 жыл

Бұл орайда Шопан ата өмір сүрген уақытқа жүгінген дұрыс, ол 1166 жылы 63 жасында қайтыс болған қайтыс болған Қожа Ахмет Иассауидің ізбасары болған.

Мешіттің кіреберісі

Маңғыстаудың бірқатар тасты мешіттері сопылық ілімді уағыздаушылардың қызметімен байланысты.   Өзінің көлемі мен сәулеттік сапалары жағынан олар Шақпақ ата мешітіне жетпейді, бірақ олардың әрқайсысы тау жыныстарына қызықты етіп бейімделгенімен ерекшеленеді.

Мешіттің кіреберісіндегі суреттер мен жазбалар

Сұлтан епе мешіті берік ұлутастартың қуатты көлденең қабаттар арасында жасалған жырынды қуысының пайдалы кеңістігі ретінде пайдаланылуымен қызықты.  

Қараман Ата мешіті. Экспедиция мүшелері. 1971 жыл.

Ел аузында сақталған аңыз бойынша Сұлтан епе кезінде Маңғыстауға келген Қожа Ахмет Иассауидің шәкірттерінің бірі Құл Сүлейменнің (Хәкім атаның) баласы делінеді. Оның есімі ел ішінде «Баһырғани» жазбасының иесі және су апатынан сақтаушы ретінде белгілі болған. 

Қараман Ата мешіті. Экспедиция мүшелері. 1971 жыл.

Шопан-ата мешіті – жергілікті жердің бедерімен негізделген еркін композияциялық құрылымымен ерекшеленетін күрделі кешен. Бұл кешен – түрік әулиесінің ескерткіші, аңызға сәйкес ол Қожа Ахмет Яссауидің сүйікті ізбасары, Маңғыстауда шейхтің сиқырлы асатағынының артынан кеткен және көшпелі қойшылардың рухани қамқоршысына айналған мүрид болған.  Әктастың жайпақ қабатының жиегінде қашалған кешен намазхананы, әулиенің және оның қызының молаларын, ашық ішкі алаңды, шаруашылық және тұрғын бөлмелерін қамтиды. Әріректе сыйынушыларға арналған бөлмелер бар. Кешеннің жантайма табиғи шатырында жаңбыр суын жинауға арналған шұқырлар мен арықтар қазылған. Жерлеу камераларында Қазақстанда сирек кездесетін жерлеу түрі анықталған. 

Кентті Баба ашық мешіті

Бөлмелердің ортасында молалар камераларын қазу барысында қалдырылған тас төсектерде көптеген жабындылармен жабылған өлген адамның сүйектері жатыр.  Бұл жерлеу ғұрпының мұсылмандық кезеңнен бұрынғы дәстүрмен байланысы айдан анық, оның бастау көзін жерлеулерінде осыған ұқсас сипаттар анықталған Сырдария маңындағы сақтардан іздеген жөн. 

Сопыларды жерлеуге арналған үңгір

Халық Шопан атаның баласы деп есептейтін Қараман ата қорымының жанындағы жерасты мешітінің бір-бірімен тар дәліз арқылы байланысқан дұрыс емес пішімдегі екі үлкен бөлмесі бар. Бөлме кеңістіктері әктасты-құмды жыныстардың берік қабаттары арасындағы жұмсақ жыныстардың шайылуы салдарынан пайда болған. Камералардың бірінде – белгісіз әулиенің моласы.

Үстірт үстінен мешіт көрінісі

Қараман атаның өзі қорым ішінде, диаметрі 100 метр болатын шеңбер ортасында  жерленген. 100 жыл бұрын мешіттің мехраб тұсындағы шатыры құлаған, сондықтан жақын жерде жер үстіңгі мешіт салынған, ал бұрынғы тасты мешіт сыйынушылардың панасына айналған.  Бұл үңгірлерді адамдар неолит заманында қолданған, оған дәлел – осы жерде табылған тасқарулар – пышақтар, қырғыштар,  шошақтар. Мешіттің іші шатырға салынған дөңгелек зенитті терезелер арқылы жарықтандырылатын болған.

Қазіргі «исламдық» серпілісіке дейін кеңес заманында сыйынушылар жерасты және тасты мешіттердің барлығына дерлік барып отырған. Олардың барлығында көрпелер, қазан, шәйнек, бірнеше кесе, майшам, тұз қалтасы табылған. Бұл суреттен көрініп тұр. Осының барлығы сыйынушыларға арналған. Қасиетті жерде түнеу – мұсылмандық кезеңнен бұрын келе жатқан ескі қазақ ғұрпы. Қазақтың исламы – бұл тәңіршілдік пен сопылық ислам қоспасы. Бұл Маңғыстау ескерткіштерінде, олардың сәулетінде және құлыптастар мен қойтастарда жақсы байқалады. Олар ортодоксалдық исламда мүмкін емес ескі пішімдер мен мазмұнды сақтап қалған. Мен ол жөнінде бөлек әңгіме қозғау керек деп ойлаймын. Қалай болғанда да бұл – қазақ мақтаныш етуге тұратын ұлттық мәдениетінің бірегей феномендерінің бірі.

 

Дәулет ІЗТІЛЕУ

Суреттер Алмас ОРДАБАЕВ-тың жеке архивінен

 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)