Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Әбілмәмбет Болатұлының қоғамдық-саяси қызметі

29715

   Әбілмәмбет Болатұлының қоғамдық-саяси қызметі

Ә.Қ. Мұқтар т.ғ.д., профессор

Абылай ханның: «Менің ата-бабаларым Барақ хан, Жәнібек хан, Жәдік хан, Шығай хан, Есім хан, Жәңгір хан, Тәуке хан, Болат хан, Қайып хан, Әбілқайыр хан, Әбілмәмбет хан, олардан соң енді мен Абылай ханмын» - деген 1767 жылы 14 желтоқсанда Омбы әкімшілігіне жолдаған хатында (1) көрсетілген қазақтың бас хандарының тізіміндегі Әбілмәмбет ханның өмірі мен қызметі, еліне сіңірген еңбегі, қадір-қасиеті бүгінге дейін зерделеніп, лайықты бағасын алды деу қиын. Кешегі кеңестік заманда Қожаберген жырау атынан:

Әбілмәмбет солқылдақ.

Ақ балықша борпылдап,

Келіспейді ерлермен

Қабандарша қорсылдап, – деп айтылды деген өлең жолдар да

ұрпақ санасына құйылып келді. Ал Әбілмәмбет ханмен талай кездесіп, қазақ-орыс қатынасына ықпал жасаған Орынбор әкімшілігі кеңсесінің шенеунігі П.И.Рычков 1762 жылы жазған еңбегінде Әбілмәмбетті «жуас мінезді» адам ретінде сипаттап: «өз тыныштығы үшін Ордадан  Түркістанға көшті. Оның ресейлік тарапқа еш қарсылығы болмады» (2)  - деген қорытынды жасап, Әбілқайыр ханмен салыстырған болатын. Міне осындай түйіндеулер қазақ тарихында Әбілмәмбет хан сынды тұлғаны танып білуде біржақты көзқарастың қалыптасуына негізгі арқау болды.

D.7.1.1.pdf 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?