Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Cарттар

29026
Cарттар - e-history.kz

  Қазақтар Түркістанның күншығыс күнбатысындағы отырықты түрік нәсілдерін һәм түрікше сөйлеп түрік болып кеткен тәжіктерді бәрін сарт деп атайды. Бұл сарт деген өз алдына бір ел, яки бір атаның аты емес. Бұл сарт деген ат ең ескі шежіре кітап «Құдатқу білікте» («Құтты білікте») де бар, ол кітап шамамен 1070 жылы Қашқарда жазылған.

  Бұл сарт деген яксарт деген сөзден шыққан, ол Сырдарияның ескі замандағы аты еді. Сонда барып орныққан ел кім де болса, сарт атанып кеткендіктен болған. «Өзбек – сарт» дейтұғынбыз, өзімізден айырылған өзбек және татар, қарақалпақ деген ел бар (ол тіпті қазақ атанған соң айрылған), сондай елдердің бәрі де сол Сырдарияға барып орнығып, бұрынғы сарт атанып отырғандармен бірге сарт атанған және құрама деген ел бар, олар ақтабан шұбырындыда жүре алмай қалған кедейлер. Рулары – керейучі, шаһрухия, бұқа, мұратали, керейіт, байсу, қарақытай, қалайбар, панғаз (бұлар сартқа қосылып егін салған). Шәкәрім Құдайбердіұлының «Түркі, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» кітабынан. Аударған Б.Қайырбеков. Алма-Аты, СП Дастан, 1990

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?