Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрме ашылады

2297
Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрме ашылады - e-history.kz
25 ақпанда, сағ. 17.00-де ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінде бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер туындыларының «Қазақ хандығы: Ұлы даланың ұлы бейнелері» атты қор көрмесінің ашылу рәсімі өтеді.

Экспозиция алғаш рет дәстүрлі қазақ қоғамының тарихи және мәдени мұраларын айғақтайтын және келешек ұрпаққа насихаттайтын бірнеше музейлік жинақтарды ұсынып отыр.

Көрменің мақсаты қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы мен нығаюында маңызды орын алған, Қазақ хандығы тарихындағы айтулы оқиғалар мен жарқын тұлғаларды көрсету болып табылады. 

Қазақ хандығының кең-байтақ кескіндемелі бейнесін танымал қазақстандық суретшілер, мүсіншілер, зергерлер, реконструкция жасаушылардың туындылары көз алдымызға елестетіп қана қоймай өткен дәуір бейнесімен жақын танысуға мүмкіндік берері хақ. 

Экспозицияда бірқатар тарихи артефактілерді: Ресей патшайымы І Елизаветаның атынан Абылай ханға тарту етілген атақты қылыштың бөлігі мен Бөлек батырдың дулығасы, сонымен қатар Қ. Алтынбековтың тарихи дәлдікпен орындаған қазақ хандарының мөр-жүзіктері мен А. Абдубаиттің алтын зерлі жіппен кестеленген көркем паннолары көрмеден маңызды орын алған.

Көптеген жәдігерлер көпшілік қауымның назарына алғаш рет ұсынылып отыр. Осылардың қатарында Қытайлық Цин династиясының кезеңіне жататын бірегей паннолар маңызды орын алғалы отыр. Оларда қытай императорларының әртүрлі мемлекет өкілдерімен дипломатиялық сыйлық алмасу рәсімдері мен сәттері бейнеленген. Ол дипломаттардың қатарында Қазақ хандығының да өкілдері мен елшілері бар. Осындай бірегей, мұрағаттық-бейнелеу дереккөздері ҚХР мұрағаттарынан табылған, ал олардың дәл көшірмелері ҚХР-дағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі, қазіргі кезде Президенттің Көмекшісі-ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Нұрлан Ермекбаевтың бастамасымен жасалған болатын.

«…Қазақ мемлекеттілігінің тарихының деңгеіжиегі өмір сүру кезеңі жиырмасыншы ғасырдың шегінен асып түседі…», - деп атап өткен болатын Н.Ә. Назарбаев «Тарих толқынында» атты еңбегінде. Қазақ хандығының тарихы мен мұрасын зерттеу тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ғана мүмкін болды. Қазақ хандығының мерейтойын атап өтудегі басты назар ұлттық бірегейлік, тарихи бастауларды іздеуге арналып отыр. Экспозиция Музейдің Күмбезді залында орналасуы символ мәнді: себебі дәл осы жерде 1997 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Қазақстанның жаңа астанасын жария етекен болатын. Күмбезді залдың ахуал –жағдайыидық өзі де Қазақстан халқының еркіндігі, бірлігі және оның сабақтастығының рухына тұнып тұр.

«Қазақ хандығы: Ұлы даланың ұлы бейнелері» атты көрме 2015 жылдың 28 қыркүйегіне дейін жалғасады. 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі

Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 11, байланыс: 75 12 15, 75 12 85,  75 12 14


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?