Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ұлытауда жерленген ұлылар

3105
Ұлытауда жерленген ұлылар - e-history.kz
Сарыарқадан сонау Алтайға дейін кең байтақ жеріміздің Ұлтымыз үшін тарихи маңыздылығы өте орасан зор

Соның ішінде қазақ тарихы басталған Ұлытау өлкесінде ұлы хандар мен билердің, күйші-абыздардың, даңқты баһадүрлердің басын қосқан киелі мекеннің тарихты ойып тұрып із қалдырғаны рас. Ұлылар жайлаған Ұлытаудағы ұлы тұлғалар туралы сөз етеміз.

Ғалым, академик Қаныш Сәтбаев: «Ресейге Кремль қандай қадірменді болса, меніңше Қазақ елі үшін Ұлытау да соншалықты қастерлі...» деген екен. Ғалымның айтқан бұл сөздері Қазақстанның тарихи астанасы туралы дәл айтқаны болса керек. Қаныш Сәтбаев Ұлытау баурайындағы жерасты байлығын ел игілігіне айналдыру үшін еңбек еткен. Әрбір төбесі мен әр шатқалын, жазығы мен шыңын, қай жерде не барын қағаз беттеріне түсіріп, құнды дүние қалдырып кеткен. Бүгінде есімі әлемге танылған Ұлытау өңіріндегі алып кен орындары – Қаныш Сәтбаевтың арман-ойының жүзеге асқандығының көрінісі.

Қазақ Хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібектің орныққан ордасы, туы тігілген жер де осы Ұлытаудың етегі екені бізге мәлім. Еліміздің тарихында Ұлы Отан соғысы іспеттес саналатын Жоңар шапқыншылығына қарсы күресте Ұлытау өзінің борышын абыроймен атқарды. Себебі, Жоңғардың көптеген шабуылынан кейін әлсірген қазақ қолының қару-жарағын түгендеп, мыс балқытып, ес жиып, сарбазын жасақтап алған жер де  осы Ұлытау.

Оқи отырыңыздар: Ұлытау таулары

Еліміздің тарихи ордасы туралы тарих атасы Герадоттың жазбаларындағы «Тұран ойпатындағы тау» деп аталатын сөздері дәл осы Ұлытау туралы. Дүние жүзін дүр сілкіндірген атақты қолбасшы Шыңғыс ханның сұрапыл жорықтарына да осы тау куә. Қазақтың соңғы ханы Кенесарының азаттық аңсап ұрандаған ұлы сөздерін де осы таулар естіген. Ақ боз атымен азаттық жолында ғаламат айқасқа шыққан Үдербайұлы Амангелді де дәл осы жерлерде әруақ шақырып алға ұмтылған. Асан қайғы да бұл жерге тамсанып, қимай кеткен жерде осы.

Ұлытауда Шыңғыс ұлы Жошы хан жатыр, оған қоса Алтын Орда ханы болған Тоқтамыс, замандасы Ноғай Ордасының негізін қалаған маңғыт Ер Едіге сол жерде жерленген. Кешегі өткен қазақтың ұлы ханы Қасымның ордасы да сонда болған және Алтын Ордаға жасаған жорығында Әмір Темір, сол жерге ат басын бұрғаны да бекер емес, сірә. Жоғары да аталғандардың түгелі қият тайпасынан шыққандар, демек қият пен Ұлытаудың арасында бір байланыс бары сөзсіз. Бұған тағы бір дәлел, ғалымдардың пайымдауынша 8-9 ғасырларда салынған қият Домбауыл абыз кесенесі. Домбауыл абыз қияттан шыққан әрі Шыңғыс хан шежіресінде, оның бабаларының бірі ретінде келтірілген.

Кеңестік Үкімет кезіндегі Ұлытауға келетін болсақ, өткен ғасырдың 20-30 жылдары Ұлытау қосалқы шаруашылықтың орталығы болып тұрды. Ал, 1843 жылы Ресей патшасы Ұлытау бекінісін салу туралы жарлыққа қол қойғанын атап айтсақ болды. 1846 жылы осының негізінде Ұлытау бекінісі орныққан.

Бүгінде өткеннің көзі ретінде Ұлытау жерінде көптеген тарихи жәдігерлер өте көп табылған. Көненің сарыны, Қазақ хандығын құрған Керей мен Жәнібектің арғы тегі Алаша хан кесенесі. Шыңғыс ханның үлкен баласы Жошы хан мазары, Малшыбай кесенесі, Әбдікәрім мазары, Ұлытау төңірегінде кездесетін тас мүсіндер шоғыры бұның барлығы Ұлытаудың ұлылығын көрсетеді.

Оқи отырыңыздар: Ұлытау - тарих куәгері. Жошы хан күмбезі

Тәуелсіздігімді алғалы Ұлытау ұлықталып келеді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев бірнеше рет, әдейі ат басын бұрып, Ұлытаудың тарихи бағасын биікке көтерді. Н.Назарбаевтың Орбасына барғандағы «Ел мақтанатындай, бізде Одабасы мен Ұлытау» бар деген сөздері ұлттық байлығымызды ұрандату керек екендігінің бір көрінісі.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?