Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Нарықтың асау толқынында

1273
Нарықтың асау толқынында - e-history.kz
Осыдан 25 жыл бұрын, 1993 жылғы 4 қыркүйекте, Ақмоладағы Жастар сарайында кіші жекешелендіру нысандарын сату бойынша тұңғыш коммерциялық конкурс өтті

Бұл Ұлттық жекешелендіру бағдарламасының екінші кезеңі аясында өткізілген төртінші аукцион еді. Аукционға барлығы 40 қатысушы қатысып, монша, химикаттар қоймасы, дүкендер мен кешендер үшін күш сынасты.

Ұлттық мемлекет иелегінен алу және жекешелендіру бағдарламасының екінші кезеңін ашу мәртебесіне ие болған 6 қаланың ішінде Ақмоланың да аты аталды.

1993 жылғы 4 қыркүйекте Ақмоладағы Жастар сарайында кіші жекешелендіру нысандарын сату бойынша тұңғыш коммерциялық конкурс пен төртінші аукционға қатысуға біршама беделді жамағат жиналды.  

Бұл оқиға туралы ерте хабарландыру жасалып, аукционды ұйымдастырушылар жіті дайындалды. Облыс аумағынан тыс жерлерге де жарнама жасалып, аукционға қатысуға барлық қазақстандық кәсіпкерлер шақырылды.

Бұл сауда-саттық рекордық қатысушылар санын – 40-тан аса кәсіпкерлерді жинады, олардың ішінде шағын бизнес, фирмалар мен корпорациялардың басшылары да болды. Ақмолаға тәжірибе жинауға республиканың 10 облысының әкімшілік басшыларының орынбасарлары мен аумақтық комитеттер төрағалары келді, алдағы уақытта оларды да осындай аукциондар күтіп тұрған еді. Залда Ақмола облыстық және қалалық әкімдіктердің, облыстық және қалалық Кеңестің, ведомстволардың өкілдері де болды.

Ақмола облыстық әкімшілігінің басшысы А.Г. Браун ашылу салтанатында экономикалық реформаның өзегі – жекешелендірудің қоғамдық-саяси мағынасын атап өтті. Андрей Георгиевич аукцион форматындағы сауда-саттыққа ерекше көңіл аударды: олар мейлінше демократиялық, барлық қатысушыларға бірдей құқықты қамтамасыз етеді. Конкурстың ашықтығы мен жариялылығы мемлекетке пайдалы, демек барлық азаматтарға да пайдалы.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік жөніндегі Мемлекеттік комитет төрағасының орынбасары В.Н. Новиков жаңа меншік иелерінің пайда болуына назар аудартты, олардың көпшілігі үшін аукцион тұңғыш аукцион еді. Ол қатысушыларға нарықтық берекесіздіктің алай-дүлей теңізінде сәтті жүзу тілеп, кері қайтар жол жоқтығын ескертіп қойды.

Облыстық әкімшілік басшысының орынбасары, Мемлекеттік мүлік жөніндегі Ақмола аумақтық комитетінің төрағасы С.С. Есілов қатысушыларға сауда-саттықтың маңызды ережелерін ескертті: жеңімпаз нысан құнының жартысын 30 күн ішінде – ақшалай, қалған 50% - тұрғын үй купондарымен төлеуі қажет. Осы ерекшелік аукцион мен конкурстың эксперименттік сипатын анықтайды.

Кез-келген залды жандандырып жіберетін жүргізуші В.В.Миняев бірінші лотты жариялады.

– Бірінші нысан: №12 монша, бастапқы бағасы 3 миллион!

Қатысушылар бірден 15, 20, 50 миллион атап, ақырында «тамаша» монша 90 миллионға өтті! В.Н. Новиков алғашқы сатып алушыға сауда-саттықтың демеушісі «Азат» концерні  белгілеген сыйлық – сүйкімді қонжықты ұсынды.

Бастапқы бағасы 500 мыңға бағаланған тұрғын үйдегі үй-жай (Жеңіс даңғылы 65/4) 18 миллионға сатып алынды, ал химикаттар қоймасы 110 миллионға өтті.

Аукционда қып-қызыл драмалар да орын алды. «Сәуле» дүкенін иелену құқығы үшін оннан астам қатысушы текетіреске түсті. Бастапқы бағасы 10 миллион 10-шы секундта-ақ ұмыт болды. Ешкімнің бой бергісі келмейді! Өткір дуэль №43 және №30 қатысушылар арасында орын алды. Есеп 150, 300 миллионға дейін кетті! Ақыр соңында сахнада жас жігіт пен бойжеткен ғана қалды. Бірақ бойжеткен 700 миллионға шырқаған биіктікті ала алмады.

Батылдығы мен ержүректілігі үшін жас «Мисс-Аукцион» «Азаттың» вице-президенті П.М. Зильберманның қолынан естелік сыйлыққа ие болды.

«Сәуле» дүкені сауда-саттықтың рекордсмені атанды (700 миллион – қалжың емес), алайда, басқа нысандар да жоғары бағаға өтті.

№81 азық-түлік дүкені үшін ұйымдастырушылар 5 миллион сұрап, 315 миллион алды. №61 азық-түлік дүкені 254 миллионға өтті, ал «Космос» қоғамдық тамақтану кешені үшін «Механ» ЖК директоры Ю.А. Шохин 535 миллионын салған!

«Колос» дүкенін жалға алуды салыстырмалы түрде алғанда бар болғаны 50 миллионды құраған.

Сатып алушылар үшін нысандар коммерциялық конкурсқа міндетті шарттарымен қойылды: олар үш жыл бойы дүкен бейінін ұстау, міндетті ассортименттегі азық-түлікті сату және жұмыс ұжымын сақтау.

Сауда-саттық барысында біршама капиталын іске рационалды салатын ауқатты адамдардың бары анықталды. Олардың ішінде «Есіл» АҚ президенті М.А. Нәбиев. бұл акционерлік қоғам жылжымайтын мүлікті барынша ашық, айқын тәсілмен тек қана аукциондарда сатып алатын.

Балғаның соңғы соққысы. Ду қол шапалақ, жеңімпаздар шампан құйылған бокалдарын көтерді.

Ұйымдастырушылар сауда-саттық нәтижесін бағамдады. С.С. Есіловтың пікірінше, олар барлық болжамдардан асып түскен. Барлық 15 нысан да сатылған. Бастапқы бағасы 61 млн бағалағанмен, ақыр соңында 2 миллиард 546 миллион 350 мың рубль алынған. Барлық қаржы бюджетке түсті.

«Бұл – абсолюттік рекорд! Аукциондардың ішіндегі ең табысты аукцион болды!» деп атап өтті сауда-саттықтың жоғары ұйымдастырушылығын бағалаған В.Н. Новиков.

Бірақ С.С. Есилов алаңдаушылығын да білдірді: нысан құнының жартысын жабу үшін сатып алушы тұрғын үй купонын қайдан табады? «Космос» кешенін сатып алған «Механ» ЖК директоры Ю.А. Шохин: «Бірге-бір бағамымен республика бойынша купондарды сатып аламыз оған 3 жылдық ЖК акцияларын қосамыз» деп жауап берді.

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?