Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Қазақстандағы түзету лагерлері

8060
Қазақстандағы түзету лагерлері - e-history.kz
31 мамырда Қазақстанда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. Совет Одағының саяси қылмысы бойынша жазаға тартылған мыңдаған адамы еңбекпен түзету лагерьлеріне қамалды

Қазақстанда ірі әрі қасіретке толы КарЛАГ, СтепЛАГ, АЛЖИР және ГУЛАГ-тың басқа да құрылымдары жұмыс істеді. Репрессиялау және түзету функцияларынан басқа, лагерьлер – тұтқындардың тегін еңбегінің арқасында өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамыту аймағы болды. 

Түзету лагерлеріне әр түрлі қызмет, әр түрлі мамандық иелері келіп жатқандықтан, олардың қабілеттерін қолданатын орындар табылып жататын: олар агитплакаттар салды, киім тікті, көркемөнерпаздар шараларына қатысты.  Тұтқындар онсыз да белгіленген мөлшерден көп жұмыс істеуге мәжбүр болды. Ауыр дене еңбегіне, -30° суықта жұмыс істеуге, бірінші қажеттіліктегі заттардың жетіспеушілігіне мойынсұнуға мәжбүр болды.  

1931 жылғы 19 желтоқсанда «Ги­гант» совхозының аумағында ОГПУ-дің Қарағанды еңбекпен түзету лагері (КарЛАГ) құрылды. КарЛАГ орталығы Қарағанды облысының Долинка кентінде орналасты. КарЛАГ Басқармасының ғимараты тұтқындардың өздерінің қолымен салынды. Долинка Қарағандыдан 45 шақырым жерде орналасқан. КарЛАГ-тың құрылуына геосаяси фактор да маңызды рөл атқарды. 

Аз ғана халық тұратын үлкен территория, бай табиғи ресурстар, КСРО-ның орталық өңірлерінен алыс орналасуы бұл жрдің байырғы тұрғындарын күштеп көшіріу арқылы тау-кен метталлургиясын, ауылшаруашылығын пайдалану үшін ыңғайлы факторлар болды, ал тұрғылықты жерінен күштеп көшірілген халық қырылып жатты. Орталық Қазақстанның көмір-металлургия өнеркәсібі мен Балқаш мыс қорыту зауытының қарқынды дамуы үшін КарЛАГ азық-түлік базасын құратын орын болуы керек еді. Тұтқындар болса, Сталиннің социализм құру туралы бағдарламасын жүзеге асыруда өз үлестерін қосатын арзан жұмыс күштері еді.  

КарЛАГ құрылымы бірнеше бөлімшелерден тұрды:  СтепЛАГ, АЛЖИР, ПесчанЛАГ, СпасскЛАГ және т.б. Лагерь сотталушыға тағылған айыпқа және басқа да факторларға қатысты таңдалынды. АЛЖИР аббревиатурасы – Отанына опасыздық жасағандар әйелдерінің лагері дегенді білдіреді, СтепЛАГ-та – аса қауіпті қылмыскерлер болды, СпасскЛАГ пен БалхашЛАГ-те әскери тұтқындар ұсталды.

1937 жылғы 15 тамызда КСРО НКВД-ның «Отанына опасыздық жасағандардың әйелдері мен балаларын репрессиялау бойынша операция туралы» бұйрығы шығып, Отанына опасыздық жасағандардың отбасы мүшелері жаппай тұтқындала бастайды. Олар бірнеше айдың ішінде тұтқындалып, 5 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге сотталады. Кейбіреулері «26-шы нүкте» негізінде құрылған АЛЖИР-ге қамалды.

Алғашқы уақытта АЛЖИР тұтқындары қауіпті қылмыскерлердей, арнайы режимде болды. Оларға сәлемдеме жіберуге, туысқандарымен кездесуге қатаң тыйым салынды. АЛЖИР құрылғаннан кейін бір жарым жылдан кейін ғана тұтқындар жалпы лагерлік тәртіпке ауыстырылды.

СтепЛАГ басқармасы Қарағанды облысының Кеңгір кентінде орналасты. Ол әскери тұтқындардың №39 Жезқазған лагері негізінде құрылды. СтепЛАГ тұтқындары да елдің жалпы өндірістік әлеуетін көтеруге атсалысты.  Соғыстан кейін фабриканың, ЖЭО, Кенгір су қоймасындағы бөгеттің және Жезқазған қаласының құрылысы басталды. 1954 жылдың мамыр-маусым айында СтепЛАГ-та ГУЛАГ жүйесіндегі ең қайғылы көтеріліс – Кеңгір көтерілісі болып, СтепЛАГ-тың аты осы көтеріліспен белгілі болды.

Сталин өлгеннен кейін тұтқындар тұтқындар лагердегі жағдайдың жеңілдеуіне және жазықсыз сотталғандардың ақталуына үміт артты. Бірақ, СтепЛАГ бақылаушылары тұтқындарға қатысты қатігездіктерін, заңсыз жазалауларын, атуларын қолдануды жалғастыра берді. Көтеріліске ер адамдар да, әйелдер де қатысты. Көтеріліс қырық күнге созылып, танктер кіргізген соң барып қана әзер басылды. ГУЛАГ құжаттары бойынша көтеріліске 46 адам қатысқан, алайда, оқиға куәгерлерінің айтуынша жүзден аса адам қаза тапқан.

ПесчанЛАГ 1949 жылдың қыркүйегінен 1955 жылдың тамызына дейін қызмет еткен. Бұл лагерде 40 мыңға дейін тұтқын отырған.  ПесчанЛАГ тұтқындары Қарағанды шахталары мен Екібастұз көмір бассейндерінде, Қарағанды көмірВ комбинатында және басқа да кәсіпорындарда жұмыс істеген.   

1954 жылғы деректер бойынша саяси қылмысы үшін сотталғандар саны былайғы түрмеде отырғандардан 52 есе көп болған. 1934 жылы Балқашта салынған лагерь КарЛАГтың 37 учаскесіне айналды. Ол 1955 жылға дейін қызмет етті. Онда алыс өңірлердің тұтқындары ұсталынды, бірақ, оған қоса Балқаш қаласын тұрғызуға қатысқан дәрігерлер, мәдениет қайраткерлері, зиялы қауым да болды.

БалқашЛАГ-те 58-ші бап бойынша сотталған 17 тұтқын ату жазасына кесілген. Қуғын-сүргін азабын тартқан белгілі күйші Ахметжан Сармантаев оларға «58 статья» күйін арнаған. Бұл күй ауыр азап кешсе де, шығармашылық арқылы қарсылық танытуын жалғастыра берген, жігері мұқалмаған халықтың сөнбес рухын көрсетеді. Тұтқындардың көпшілігі түрмелерде қаза тауып, ақталғандары өмір бойы психологиялық жарамен өмір сүрді.

31 мамырда Қазақстанда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. Өз тарихымызды бағалап, осындай ауқымдағы қаралы оқиғаларға әсіресе көңіл аударуымыз керек. Олар болашақ ұрпаққа тағылым беріп, бейбіт күннің бағасын көрсетті.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?