Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Астана көшесінде арқыраған көліктер

1865
Астана көшесінде арқыраған көліктер - e-history.kz
NDH порталы Астанада осыдан 20 жыл бұрын орын алған оқиғалар хроникасын жариялауын жалғастырады

Осыдан жиырма жыл бұрын жаңа астана нарығында тағы да бір жағымды қызмет түрі пайда болды. 1998 жылдың сәуірінен бастап астана көшелерінде 25 шетелдік такси көлігі пайда болды. Бір кездері беделі аспандап тұрған «Волгалардың» орнын шетелдік «Ауди» мен «Мазда» сияқты автокөлік өнеркәсібінің  жетекші үлгілері басты.

«Ақмола таксомоторлық паркі» АҚ саны күн санап өсіп келе жатқан клиенттерінің көңілінен шығу үшін барлық жағдайды жасады. Такси паркінің басшылығы жүргізушілердің алдына тап осы тапсырманы қойды.

Барлық көлік су жаңа «Моторола» рацияларымен және электрондық таксометрлермен жабдықталды.

Қызметтерді үздіксіз әрі уақытында көрсету үшін компьютерлік жүйемен жабдықталған диспетчерлік орталық құрылды. 

Бастапқыда такси паркінде 75 көлік болды, уақыт өте келе олардың саны 150-ге дейін өсті.

Тұтынушылардың қуанышына орай, шетелдік автокөліктердегі жол жүру құны қолжетімді болды – бір шақырымға 18 теңге. Советтік «Волгамен» жүрген жолақысына шетелдік көлікпен де жүруге болатын болды.

 

Мақаланы дайындаған кезде ҚР Ұлттық кітапханасының мерзімді баспасөз қорының материалдары қолданылды.

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?