Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

20 жыл бұрынғы тәтті құймақ және сырғанақ

1709
20 жыл бұрынғы тәтті құймақ және сырғанақ - e-history.kz
Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында NDH порталы осы жиырма жыл бұрын орын алған оқиғалар хроникасымен таныстыруын жалғастырады. 1998 жылы Масленица 23 ақпанда атап өтіліпті

Бұл шаттыққа, қуаныш пен сергектікке толы мейрам болды!

Әрине, құймақ – Масленицаның басты тағамы әрі негізгі символдарының бірі.

Ыстық табадан түскен майлы құймақ тіліңді үйіреді! Сөзбен айтып жеткізе алмайсың! Күннің көзі пішіндес, әрі ып-ыстық. Оны қаймақпен, тосаппен, уылдырықпен немесе ақсеркемен жеуге болады. Ал, маймен ол міндетті түрде болуы керек. Масленица келе жатыр ғой! Құймақ жегеннен басқа, төбешіктен сырғанап, қарда аунап, қар лақтырысып, жұдырықтасып күшіңді сынап көру керек. Негізі, жалғыз ғана құймақ – бұл мереке емес, бұл ашқарақтық болады. Ал мейрам деген – сауық-сайран қой! Әсіресе, Масленица!

Дүйсенбі, 23 ақпанда Масленицаны мына өлең жолдарымен қарсы алған:

«Дорогая наша гостья Масленица

Авдотьюшка Изатьевна,

Дуня белая, дуня румяная,

Коса длинная, триаршинная,

Ллента алая, двуполтинная,

Брови черные, наведенные,

Шшуба синяя, ластки красные,

Лапти чистые, головастые,

Портянки белые, набеленные…». 

Сейсенбі күні сауық-сайран басталады – атпен серуендеу, қар қалашықтарын алу. Жасанып киініп, түрлі дауысқа салып айқайлап жүруге болады.

Бұдан әрі сәрсенбі – тәтті-дәмдінің күні. Бұл күні аз сөйлеп, шапшаң қимылдау керек, әйтпесе құймақсыз қаласың.

Бейсенбі – қыдыру, яғни барлығы ән айтып, қыдыруы керек.

Жұма, қайын енесі (әйелінің шешесі) барлардың жолы болды деңіз, өйткені осы күні олар, қайын енелер, қонаққа келеді де, олардың алдына құймақ қойып, қонақ қылып, сыйлау керек. Сый-құрметін күйеу балалар көрсету керек. Бұл күн «қайын ене кештері» деп аталады.  

Сенбі күні – қайын апа, қайын сіңлілердің бас қосуы.

Ал жексенбі күні сауық-сайран бітеді. Бұл күн «қоштасу», «шығарып салу» деп аталады.

Масленицаны мына сөздермен шығарып салған абзал:

«Масленица-мокрохвостка!

Поезжай долой со двора,

отошла твоя пора.

У нас горы потоки, заиграй овражки,

выдерни оглобли, налаживай соху».

Масленица кезінде қатты тойлап, біраз шығындалған адамдар оған ұрысып, шығарып салуларына болады.

Бірақ бұның бәрі аптаның аяғында, Ұлы Пост басталар кезде, ал бүгін Масленица енді ғана басталды. Сондықтан да табаңызды, қаймақ, майыңызды дайындап, құймақтың, бәліштің, қалаш, каравайдың қамырын қойып, ән айтуға қамдана беріңіз. Әнсіз қандай Масленица болмақ?! Балаларды құймаққа тойдырып, есік алдына серуендеуге жіберу керек, ал ең дұрысы, солармен бірге серуендеу.

Соншама қар түскені несі? Бұл Масленица көңілдірек болуы үшін. Соңғы қар ғой. Көктем келе жатыр.          

Әдетте, осы кезде Астанада аяз тұрса да, Масленица қызықты өтеді, ойын, қалжың бір толастамайды, адамдар бір-біріне қонаққа барып, барынша мерекелейді! Масленицаны тойлау қазір де сақталған! Ол адамдарға күш-қуат сыйлайды, келе жатқан көктемді сездіреді. Табиғат оянып, онымен бірге адамдар да маңызды шаруалар үшін бойларына күш-қуат жинай бастайды.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?