«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Ғарыш қаласы

2137
Ғарыш қаласы
Соңғы 30 жылдың көлемінде мамандар Байқоңырдан ұшырылатын зымырандардың қоршаған ортаға зиянының жоқтығын дәлелдеп бағуда

«Байқоңыр» сөзі әлем халықтарының бәріне таныс деп айтуға болады. Дегенмен ғарыш қаласына қатысты нақты әрі толығырақ ақпарды барлығы бірдей игермеген. Ақпарат құралдарында қала атауы мен оның ғаламдық проблемасына қатысты жиі және әртүрлі пікірлер айтылады. Әлемнің аталған ғарыш айлағына деген қызығушылығы КСРО құлағаннан кейін артты, себебі түсінікті КСРО кезеңінде қала қоғамнан аулақ ұсталды.

Әлемдік ақпарат құралдарында Байқоңырға қатысты алдымен оның экологиялық қаупі туралы сөз болады, екінші кезекте саяси маңызы жөнінде. Байқоңыр мәселесі КСРО құлағаннан кейін әлем назарындағы маңызды сұрақтардың бірі болды, ғарыштық айлақ Ресейге тиесілі, жер Қазақстанға тиесілі, осыдан келіп жалға беру туралы шешім қабылданды.

1999 жылдан бастап жылына 115 млн доллар төлеп жалға алып келеді, одан басқа Байқоңырдан басқа ел ұшқыштары да ұшып жатыр, оны кім төлейді? Астана Мәскеуден 2 млрд доллар алды, оның ішінен 925 млн еуросы шығындар, жөндеу жұмыстары мен инфрақұрылымдарға жұмсалды

Байқоңыр тақырыбын жайдан жай қозғап отырған жоқпыз бүгін қаланың іргесі қаланған күні.1955 жылы маусымның 2 -сінде Кеңес Одағының Қорғаныс министрлігінің Қазақ даласы Байқоңырды ғарыш айлағына айналдыру туралы жасырын нұсқауы шығады. Міне содан бері аттай 62 жыл өтіпті. Бүгінде Байқоңыр ғарыш алаңы 6 миллион 227 мың гектар жерді алып жатыр. Қызылорда облысының Қазалы және Қармақшы аудандарының жерін және зымырандардан бөлінетін бөліктер құлайтын аудандарды қоса есептегенде ғарыш кешенінің аумағы 4 миллион гектар жерден асады.

Қазір онда 15 ұшыру қондырғысы бар 9 ғарыштық кешен, 11 монтаждау-сынақ орны бар. Қазақстан жағы соңғы кезде Байқоңырды пайдаланып Ресеймен бірлесе отырып біріккен ғарыштық бағдарламаларға қатысуға мүдделілік таныта бастады.

Байқоңыр алғаш Ю.Гагариннің Кеңес үкіметінің әуе ғарыштық бағдарламасын жүзеге асырған қала ғана емес сонымен қатар алпауыт апаттарымен де белгілі. Бұл жерде «Протон» зымындарының бірнеше жарылысы орын алды. 1999 - 2007 жылдар аралығында қазақ жеріне зымырандар құлап оның отынынан қаншама өрт қауіптері орын алды, экологияға зиян келді. Одан бөлек құлаған зымыран қалдықтарының санитарлық проблемалары өз алдына.

2004 жылы Қазақстан Ресеймен арадағы келісімшартты 2050 жылға дейін ұзартты, шартқа сәйкес Ресей ауаны ластауы аз мөлшердегі отын қолданатын зымырандарды ұшыруға уәде берді

 

Елбасы тапсырмасына сәйкес, «Байқоңыр» ғарыш кешені санаулы күндерден соң Астанада шымылдығын ашатын ЭКСПО 2017 халықаралық көрмесіне келетін меймандар мен қатысушылардың назарына ұсынылатын нысандардың қатарына қосылды

Бұл бастама қаланы дамытуға септігін тигізіп, әлемнің әр түкпірінен туристердің ғарыш айлағына ағылуына жол ашады. 

Бүгінгі таңда облыста Байқоңыр кешенін бірлесе пайдалану мен қаланы жаңа жағдайда дамытудың бірлескен «Жол картасы» жобасы әзірленген. Байқоңыр қаласының әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуымен қатар, экономикасын да дамыту қажет. Бұл құжаттың қабылдануы қаланың, сонымен бірге, іргедегі Төретам, Ақай кенттерінің қордаланған мәселелерін шешуге жол ашады. Бұл болашақ үшін маңызды.

Қала болашақта облыс экономикасының қозғаушы күшіне айналатыны анық. Сонымен бірге келешек бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде Ресейдің жоғары технологиялық компанияларымен бірлесе жұмыс істеу бағытында әріптестік орнату көзделген.