Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Аштық және балалар

2132
Аштық және балалар  - e-history.kz
Жұт жылдары Қазақстандағы балалар үйі қандай болды, қараусыз қалған балаларға үкімет қамқор болды ма? Аталған сұрақтарға жауапты архивтік құжаттардан іздесек

Қазақстанда бақылаусыз қалған балалардың жағдайы өте ауыр. Ең қиыны олардың саны көбеюде, 60 000-ға дейін жетейін деп тұр. Жаз түсе келе бұл мәселе бір жөнге келеді деп ойлаймын. 1 сәуірдің өзінде жобамен 57-58 000 балалар болды, 2500-3500 баланы көшеден алуға тура келді. Балалар үйінің жай-күйі мәз емес, адам саны шектен тыс өсіп кеткен, ал жеке орналасқан балалар үйінің жағдайы мүлдем төмен. Төсек жай жоқтың қасы, киім, аяқ киімдер атымен жоқ, екі-үш балаға бір күртеден, балалар еденге төсеусіз жатады. Тамақтандыру да мәз емес, кейбір жерлерде қылмыстық деңгейге дейін жеткен. Ешқандай бақылау жоқ.

Балалар үйін қаржыландыруды мазақ деп айтуға болады, мысалы 1932 жылы балалар үйі Қазақстан үкіметімен бекіткен тиесілі 4. 579.000 рубль қаржыдан, 1.545.000 рубль алған, яғни 33,9 %-н ғана. Мұндай қаржылық қиындықтың туындау себебі БОАК (Бүкілресейлік Орталық Атқару комитеті) балалар комиссиясына аударған, одан бөлек 1932 жылы Ленин атындағы қордан 3524.300 рубль түскен. Балалар комиссиясы 500 000 рубльді артығымен, барлығын қосқанда Қазақ ССР Қаржы Халық комиссариаты (КазНаркомфин) 4 миллионнан аса қаржыны Қазбюджетке (Казбюджет) аударды, сонымен қоса Қазақ балалар комиссиясынан (КазДТК) қосылған барлық қаржыға Қазақстанның толық бюджеті жабылды, бұдан туындаған мәселе өңірлер қаражатсыз қалды. Демек, балалар комиссиясына бөлінген қаржы Қазақстанның басқа қажеттіліктері үшін жұмсалған, яғни бөлінген қаржы басқа ведмстволардың талан таражына түскен. Ал бөлек орналасқан, яғни өңірлердегі балалар үйінің жағдайы мүлдем нашар деңгейде.

Балалар үйі еш дүниесіз, жылыту жүйесінсіз, ал балалар тамақсыз және киімсіз жағдайда, осыдан балалардың өлуі көбейген, мұндай жағдайдан кейін балалар үйіндегі тәрбие беру деңгейін сөз қылуға да тұрмайды. Қазақ Халық ағарту комитеті мен оның органдары бөлінген қаражатты дұрыс жаратпай балалар үйін мұндай жағдайға жеткізуімен қоймай, сол қаражатты басқа пайдалы қажеттілікке жұмсағанына күмәнім бар.

1933 жылы да Балалар үйінің қаржыландыру жағдайы мәз емес. Мысалыға, Қазақ ССР Қаржы халық комиссариаты (КазНКФ) қаржыландыруды жергілікті органдарға берген, ал органдар есеп бойынша І жартыжылдықта 30-40%-ға орындаған, бұл адам басына шаққанда 40.000 рубль. Нәтижесінде, балалар үйі өздеріне жеткізілген бір түйір нанды да сатып алуға ақшалары жоқ, айта кетсек І жартыжылдықта Алматы қаласындағы балалар үйі өздеріне тиесілі азық-түлікті сатып ала алмаған, тек қана еттің өзіне тоқталсақ, 844 кг ет сатып алынбаған. Ең сорақысы, осы істерге жауапты бірде-бір адам жоқ және барлық өңірлердің жағдай осындай.

Жалпы айтқанда, менің сапарыма дейін өңірлерде дабыл қағылмаған, қажетті шара қолданбаған содан келіп барлығы да қалыпша секілді көрінген, не болмаса немқұрайлы қараудан тұрғындардың да еті үйреніп кеткен. 

Біріккен мемлекеттік саяси басқарма (ОГПУ) қарауындағы Балалар комиссиясы (Деткомиссия) иесіз қалған, штатта жұмыс жасау мүмкін емес деңгейге дейін қысқартылған. Бұдан қабылданатын шешім Балалар комитеті, қараусыз қалған балаларды қорғап, тәрбиелеу міндетін атқара алмады. ОГПУ жұмысына келсек, олар өздерінің басты міндеті қаржыландыру және қамтуды басты назардан тыс қалдырды. Яғни, істі аяғына дейін апармаған, өңірлердің қандай жағдайда екенін өз көздерімен көрмек түгілі, тексеру де жібермеген.

Бүкілодақтық Коммунистік партиясының өлкелік комитетінде менің өтінішіммен бақылаусыздық қандай деңгейге жеткенін анықтауды сұраттым. Өз кезегінде Өлкелік комитет жедел түрде мәселені шешетінін, атап айтқанда бақылаусыздықпен күрес, балаларға қорған болу, азық-түлік, киім-кешекпен қамту, қаржыландыру және ең бастысы жауапты тұлғаларды тағайындауды реттейтінін жеткізді.

Өлкелік комитеттің қаулысына сәйкес менің баяндамамның негізінде Қазақ Орталық Атқару комитетінде нақтылау және кеңейтілген шешімдер қабылдау туралы қаулы қабылданды. Осыдан соң қазақ өлкелік комсомол үн қатып өңірлерлерде үлкен серпіліс пайда болды. Менің келуіме орай қаржыландыру, қамту, балаларды орналастыру бойынша нәтижелі жұмыс жүргізіліпті. Халық ағарту комиссариаты мен қазақ өлкелік балалар комиссиясынан 2 инспектор бақылаусыздықпен күрес жөніндегі оперативті қызметке жауапты маман ретінде бекітілді.

Ендігі мәселе, серпілісті бақылаусыз қалдырмай, жүргізілген жұмыстарды одан әрі жалғастыру. Дегенмен, Ресей Қызыл крест қоғамы (РОКК) мен Балалар қозғалысы ұйымы (ОДД) секілді қоғамдық ұйымдар ешқандай шара қолданбай отыр, осыған байланысты жедел түрде бақылаусыз, қараусыз қалған балаларға көмектесіп қамқор болу жұмыстарына кіріссін деген тапсырма беремін.

Сапар жұмысы бойынша Алматы қаласындағы №4 балалар үйінің жұмысын үлгі тұтуға тұрарлық деп мақтанышпен айтқым келеді. Балалар үйінің меңгерушісі: Мартынова Анна Филимоновна. 96 баланың барлығының дерлік тамағы тоқ, киімі көк деп айтуға болады. Анна Филимоновнаның өз қызметін адал атқаруының нәтижесінде балалар үйінде түрлі жұқпалы ауру түрлері, басқа да қиындықтар жоқ.

БОАК балалар комитетінің Президумының назарына Мартыноваға алғыс жариялап, 500 рубль сыйақымен қоса мадақтама қағазымен марапаттауды ұсынамын.

Балалар комиссиясы Президумының 23.03.1933 күнгі қаулысының 2 данасын, БКП (б) өңірлік комитетінің 02.04.1933 күнгі қаулысының 2 данасын, Қазақ Орталық Атқару комитеті Президумының 01.04.1933 күнгі қаулысының 1 данасын, оған қоса менің баяндамамның 1 данасын БКП (б) өңірлік комитеті мен өңірлік прокурорға ұсынамын. Қазақ өлкелік комсомолына «Ленинская смена» газетіне осы жерде баяндалған барлық актілер мен материалдарды жариялауды ұсынамын.

Савченко БОАК (б) Балалар комиссиясының төраға орынбасары

1933 жыл, 3 сәуір. Құпия

Архивтік құжат ҚР Ұлттық мұрағатына тиесілі

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?