Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Қазақ даласындағы антропонимикалық атаулар. 1-бөлім

2609
Қазақ даласындағы антропонимикалық атаулар. 1-бөлім - e-history.kz

Сурет: kurmangazy.kz

Түркі тіл білімінде жан-жақты зерттеліп, ғылыми ономастиканың күрделі бір саласы – антропонимика. Антропонимика адам аттары, әке аты patronim (отчество), фамилиялар, лақап аттар (прозвища), бүркеншік аттарды (псевдонимы) зерттейтін ономастиканың бір саласы. Қазақтың кең даласы – мәдениет, әдет-ғұрып, салт-сана тұтастығы. Мысалы, қазақтардың балаға ат қоюында өзіндік ерекшеліктерінің бар болмысын байқатады. Себебі олар бұл рәсімде барлық этномәдени, әлеуметтік сипатын басшылыққа алады. Мысалы, тіл мен сөздің магиялық күшіне сенген олар әдетте жұрттың қарғысынан қарғысынан, өздерінің  балаларын мақтаудан қорыққан. Сол үшін Күшікбай, Жаманбала, Салбыр, Қасым, Сағал, Кенесары деген сияқты есімдер дүниеге келген. 

«Көз тимесін,  балам қызым аман болсын» деген ырымнан туған. Немесе дүниеге келген бал+аға Артықбай, Несібелі, Бекенбай, Есенгелді қойылған. Ал Тілеміс, Тұрлыбек, Сағындық лингвокультуремалары ұл күту, бала тілеу, балалары тұрақталмаған себебінен туған антропонимдер. Антропонимика (кісі аттары)тіл тарихын, ұлт мәдениетін зерттеуде құнды да бағалы мұра. Антропонимдер жүйесі адамдардың өткендегі тұрмысын, қоғамдық-әлеуметтік құрылысын және материалдық әрі мәдени өмірдің құбылыстарын да көрсете алады. Олардың кейбір топтары қазақ ауылының ертедегі тіршілік, іс-әрекетінен және шаруашылық күйінен мағлұмат береді. Мәселен, төрт түлік малға, шаруашылық, тұрмыстық сөздерге байланысты есімдер. Немесе қазақ халқының ұлттық әдеті бойынша жас келіндер күйеуінің жақын туыстарының, ата-енесінің аттарын атамайды. Сөйтіп жас келін күйеуінің ағасын, інісін немесе қарындасын  тура атымен атай алмай, жанама ат қояды. Атап айтсақ, қайын сіңлілерін – шырайлым, бикеш, бойжеткен, еркем, ерке қыз әке қыз, ер адамдарды төрем, шырақ, мырза жігіт, молда жігіт, мырза бала т.б. деп атайды. Тіпті күйеуінің құрдастарының аттарын атауды да ұят санап құрдас, замандас немесе аттас деп атауды дәстүр ұстаған. Бүгінгі күні ономастика ғылымының өзекті мәселелері қандай деген сауалға тоқталар болсақ, ономастика ғылымы – қоғамның ажырамас бір бөлігі. Өйткені адам дүниеге шыр етіп келгеннен бастап, оның есімі, туған жері, отбасы, білім алған мектебі, оқыған кітаптары, тұрған көшесі, т.б. барлығы да онимдер арқылы анықталып отырады.Осымен байланысты эвфемизм мен табу ерекше назар аударады да, антропонимдердің лингвомәдени, әлеуметтік т.б. аспектілерінің архетиптік сипатын көрсетеді. Яғни эвфемизм – бір затты немесе құбылысты тікелей өз атымен емес басқа сөзбен атау. Айтуға дөрекі, қолайсыз сөзді сыпайы сөзбен ауыстырып айтудың негізінде пайда болған. Оның тілдік көріністері қазіргі қазақ тілінде көп кездеседі. Мысалы өтірік aйту – қосып aйту, ұрлaныпты – қолды болды,өлді – қайтыс болды,  үзілді т.б.Ал табу ерте замандардағы адамдардың мифтік танымына сәйкес кейбір заттардың аттарын тікелей айтуға қорқып, тыйым салынуынан қалыптасқан. Бұл құбылыс табу деп аталады. Бұл проблемaның қазақ және түркі тілдегі табиғаты, тілдік көрінісі Ә.Ахметовтің еңбегінде арнайы зерттелген [2, 8 б.].

Солардың нәтижесінде оның дәстүрлі мәдениетпен сабақтастығы, оның генезисі анықталады. Тілші-ғалым Ә.Хасенов эвфемизм мен табу құбылысын лексиканың қалыптасып баю барысындағы тарихи тұрғыдан семантикалық тәсіл қатарында қарастырып, нақты антропонимдерге қатысты былай деп көрсетеді: кісі аттарына байланысты эвфемизм: ауылдағы үлкен кісінің аты Жаман болса – Соқпақ жол, Сүттібай болса Желінді уыз, Бұқабай – Сүзербай, Көжекбай – Қоян ата, Үзікбай - Дөгеде, Жамантай - Жайсыз тай, Ақбай - Қылаң ата, Түңлікбай -  Қайырма, Қозыбақ -  Кене, Жусанбай- Сыбақ, Қойлыбай - Жандық ата, Қамшыбек -  Ат жүргіш, Бүйенбай - Жуан ішек, Еламан - Халық есен, Асубай - Тарпаң, Асыл - Бекзал ата, Ақылбай - Ой ата, Мергенбай - Атқышыл, Жылқыбай - Туар т.б.Әлем халықтарының көпшілігінде, оның ішінде қазақ тілінде де жалқы есімдердің көбі табуға айналған. Ш.Саадиевтің мәліметі бойынша, әзірбайжанда күні бүгінге дейін шын аттар жасырын болған. Түркіменстанда «әр баланың чын ады – шын аты және ямен ады – жасырын аты бар». Сібірдің солтүстігінде ер адамдарда екі ат болады, оның бірі – шын ат, ол сирек қолданылса, ал екінші күнделікті қолданыстағы ат болып саналған. [4, 185 б.]. Қазақ жалқы есімдерін – антропонимдерді зерттеуші Т.Жанұзақ былай дейді: « Запрет некоторых слов (табу) имел свое влияние и в сфере лично – собственных имен. Казахские замужние женщины давали свои имена Төрем, Шырақ, Жарқын, Тетелес, Мырзажігіт, Шырайлым, Бикеш и др. [5, 56 б.].Антропонимдер мен жалқы есімдерді қолданған кезде мұндай сөздік тыйымдар (табу), жоғарыда атап өткендей, қазақ әйелінің де сөздік ғұрпында болған. Қазақ әйелінің сөзіндегі табуға айналған жалқы есімдер эфемизмдермен алмастырылған. Профессор Т.Жанұзақ былай деп жазады: Личные имена заменялись нарицательными по определенной системе. Мужчин старше мужа женщины называли қайынаға (деверь). При запрете личное имя определенного человека употреблялось в искаженной форме, например вместо Али-Сали Турсын-Мурсын. Для замужней женщины являлись запретными и нарицательные имена  [5, 45б.].Қазіргі қазақ тіліндегі антропонимдерді тарихи – этномәдени, әлеуметтік тұрғыдан анықтап, зерттеу олардың тамырының көне түркі (қыпшақ) кезеңімен сабақтасып қана қоймай, түркі тілдерінің басқа халықтарымен мәдени – тарихи байланысын, қарым – қатынасын да деректейді. Антропонимдерге байланысты кісі есімдерінің аталу семантикасы, олардың орфографиялық нормаларына сәйкес жазылуындағы кездесетін қателіктер мен кемшіліктер жетерлік. Мәселен, жеке куәлік.Қазіргі қазақ тіліндегі антропонимдерді тарихи-этномәдени, әлеуметтік тұрғыдан анықтап, зерттеу олардың тамырының көне түркі (кыпшак) кезеңімен сабақтасып қана қоймай, түркі тілдерінің басқа халықтарымен мәдени-тарихи байланысын, қарым-катынасын да деректейді. Сондықтан белгілі ономаст-ғалым В.А.Никонов антропонимика саласының негізгі міндеттерін кезінде былай деп анықтаған: Антропонимия может служит драгоценным источником, помогая выяснить былой этннический состав и миграции населения в прошлом, датировать, локализовать письменные памятники и т. д… Антропонимика образует в языке особую подсистему, разобраться в которой бессильны методы только лингвистики без неразрывного единства с этнографией, историей, социологией, правом. [8,56 б.].

B.Гумбольдттың концепцияларын басшылыққа ала отырып, оны одан әрі дамыткан американдық ғалым Э.Сепирдың мына пікірі: тіл әлеуметтік шындықты түсіндірудің құралы адамдар белгілі мөлшерде, өз тілінің ықпалында болады, тіл мінез-құлық нормасына да әсер етеді, халықтын мәдени дәрежесін, оның тілін зерттемей түрып түсіні мүмкін емес, тіл әлеуметтік шындықты түсіндірудің жетекші құралы  дегенге саяды. [9, 29 б.]. Бұл мәселе өткен ғасырдың II жартысында орыс ғалымдары Н.Буслаев, А.Н.Афанасьевтердің еңбектерінде алғашкы рет сөз болды. Олар тіл ерекшеліктерін пайдалана отырып, орыс халқындағы табиғи кұбылыстарға байланысты пайда болған әртүрлі наным-сенімдерді зерттеу негізінде көптеген мифтеріне талдау жасады.Антропонимдік зерттеулердің басы ертеден басталып, даму барысында әртүрлі сипатта қарастырылған. Мысaлы, Қазанда 1905 жылы жарық көрген В.К.Магницкийдің Чувашские языческие имена кітабында, акад. К.Мусаевтың көрсетуінше, 10587 ер адамның аты берілген [10,205б.]. Қырғыз есімдерін зерттеген А.Идрисовтың еңбегінде антропонимдердің қалыптасу кезеңдері қоғамның тарихи – экономикалық даму кезеңдеріне сәйкес анықталды:

1) Алтай дәуіріне дейінгі ежелгі кезең. Оған жануарлармен, құстармен, географиялық атаулармен байланысты антропонимдер жатады.

2) Хун дәуірінде қалыптасқан антропонимдер (б.э.д. II, III-VI б.ғ.) Оған мал жануар, құс, өсімдік, жәндік, аспан денелері т.б. байланысты аттар жатады.

3) Көне түркі кезең (V-Х ғ.) Алдындағы кезеңдердегі антропонимдермен қоса, мысал ретінде ескі түркі ескерткіштеріндегі антропонимдер – Чур, Барс, Шумкар, Арстан т.б. келтіреді.

4) Ортағасырлық кезеңдегі (X-XV ғғ.) аттарға араб есімдері қосылды.

5)Жаңатүркі кезеңде (XV-ХХ ғғ.) бұрыңғы есімдерге ескіеврей (библиялық) араб, парсы аттары қосылды.

6) Октябрьден кейінгі кезең аттарының қатарында революционерлер, әдеби кейіпкерлер, мемлекеттік ресми тұлғалар атаулармен сипатталған.Қазақ тіл біліміндегі ономастика, антропонимика саласын қалыптастырушы ғалым Т.Жанұзақовтың антропонимдердің қалыптасуын, даму кезеңдерін былай зерттеген. Атап айтқанда: 

1) Ескі түркі кезеңі (V-Х ғғ.) пұтқа табынуға байланысты жалқы есімдер.

2) Ортағасырлық кезең (X-XVII ғғ. туыстық атаулар, тайпа, ру атаулары, астрономиялық атаулар, әлеуметтік – саяси терминдермен байланысты. 

3) (XVII-XIX ғғ.) кезең негізінен аппелятивтік лесикамен байланысты қалыптасқан жаңа атаулар: Баршын, Жібек, Қамқа, Шекер, Алуа т.б.4) Совет кезеңі – жаңа дәуірге сәйкес жаңа ұғымдармен байланысты есімдер көріп отырғанымыздай, бұл зерттеудің нәтижесі, тілдік деректердің мазмұны нақтылығымен дәйектелген [12, 15 б.].Сонымен бірге Г.Ф. Саттаровтың мақаласында татар тілінің антропонимиясының ежелгі қабаты көне түркі және ежелгі бұлғар кезеңіне қатысты анықталып, ежелгі түркілердің наным-сенімдеріне сәйкес – аспанға табиғатқа табынуды сипаттайтын есімдерімен көрсетіледі: Таштемир, Бикташ, Тәңгеребирде, Кугәй, Айсылу, Чулпан т.б.  [13,69 б.].Сол сияқты түрікмен тілінде де ежелгі антропонимдер ретінде атмосфералық ылғал, күн, ай, флора мен фаунаға байланысты қалыптасқан есімдер көрсетіледі. Мысалы, Ягмур,аңбыр) XI ғ. түркіменін қолбасшысының аты. Академик В.А.Гордлевскийдің түркі антропонимдер жүйесінің түпкі қабатын мұсылмандыққа дейінгі деп анықтауы көптеген түркі тілдері бойынша антропонимист ғалымдардың пікірлерінде қолдау тауып жалғасты.Нақты айтқанда, осы зерттеулердің нәтижесінде танымдық, мифотанымдық сипаттама космонимдік лақап аттардың т.б. негізі осы қабатқа тән [14, 131 б.].

Башқұрт антропонимиясындағы қыпшақ қабатын зерттеуші Г.М.Гариповтың пікірінше, барлық түркі тілдеріне ортақ, байырғы, түсінікті этностың терең қайнарларынан деректер беретін тарихи көздер [15, 52 б.].Түркі тілдерінің лексикологиясын салыстырмалы түрде зерттеуші К.Мусаевтың еңбегін антропонимияға қатысты топтастырудың 7 принципін береді. Өз дәуірінде ардақталып, ата-бабадан әулетке мұра болып ауысып, рудан-руға, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен дәстүрдің бірі осы ат қоюмен байланысты. Бұл қазіргі тіл біліміндегі, соның ішінде қазақ тіл біліміндегі тілді сол тілде сөйлеушінің мәдениетімен, тарихымен т.б. тығыз байланысты зерттейтін антропоцентристік бағытқа, оның ішіндегі лингвомәдениеттануға, этнолингвистикаға сай келеді. Халықтың әдет-ғұрып, тарихи, дәстүрлері мен кісі аттарының арасында байланысы бар екені ономастикада дәлелденген. Ал оның этномәдени мәні ерекше екенін жоғарыда атап өтілген. Мұны қазақ тіл біліміндегі лингвомәдениеттанымдык,антропоцентристік бағыттағы этнолингвистикалык, әлеуметтанымдық зерттеулер дәлелдеп отыр. Мысалы, балаға ат қоюда ерте кездің өзінен-ақ ырым мен әдет-ғұрыпты сақтаушылық болған. Ал, ырым мен әдет-ғұрып Ш.Уәлиханов атап көрсеткендей, салт-санаға тән [16, 17 6.]. Мысалы: ұлы жоқ үйлерде қыз туатын болса, онда ол қызға Ұлтуған немесе Ұлбосын деп ат кояды. Ондағысы «кейінгі бала ұл болса" деген ырым-сенім.Демек, қазақ халқында ат қою ұлттық тарихымен, рухани мәдени өмірімен, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрімен тығыз байланысты. Ал, ұлттық тарих, әдет-ғұрып, салт-дәстүр деген ұғымдар мәдениетпен байланысты. Мәдениет дегеніміз адамдардың өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілінен, сондай-ақ олардың материалдық және рухани байлықты жасауынан көрінетін қоғам мен адамның белгілі тарихи даму дәрежесі.

Тіл мен мәдениеті сабактас зерттейтін ғалымдар соның ішінде қазақ ғалымдары Ә.Қайдаров, E.Жанпейісов, Ж.Манкеева, Г.Смағұлова т.б. мәдениетті тілден бөліп алып қарамай, тіл – мәдениеттің бір көрінісі, ол екеуінің арақатынасы ерекше де маңызды деп санайды [17, 282 б.]. Себебі, кез келген мәдениеттің түрлері, атаулары тіл арқылы бейнелеп көрінетіні, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілетіні белгілі. В.Гумбольдт айтқандай: Ұлттың өзіне тән, іштей дамитын рухы бар, сол рухтың ерекшелігін сыртқа шығарып, сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа беруші күш – тіл  [18, 349 б.]. Осы тектес тұжырымдардың қалыптасуында, тілді зерттеудің барысында ұлттық мәдениеттің, дәстүрлердің ерекшеліктері ескеріледі.Әсіресе, ұлттық рухымыз жаңғырып, салт-дәстүрлеріміз қайта жанданып жатқан қазіргі қазақ қоғамындағы рухани-әлеуметтік құбылысты дұрыс бағалап, негізін түсіну үшін осындай тілдің дамуының ішкі формасынан туындайтын жалпы заңдылықтарды адам рухымен байланысты түсіне білудің маңызы зор. Себебі дәстүр әркімнің жеке басының жағдайына байланысты емес, ол халықтың әлеуметтік-психологиялық, мәдени, тұрмыстық, дүниетанымдық жағдайына байланысты қалыптасқан, жалпыхалықтық құбылыс. Екіншіден, дәстүрдің тағы бір сипаты – оның тұрақтылығы. Ол оңайлықпен өзгере салмайды, тіл арқылы ол ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Сол арқылы ұлт өмірінің желісі үзілмей, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіледі. Сол себепті әртүрлі ұрпақ болғанмен, бірін-бірі түсініп бір ұлтқа жатады. Осы жайт түркі соның ішінде қазақ антропонимдерінің тілдік табиғатына да тікелей қатысты.

Осымен байланысты тіл мен мәдениетті біріктіріп қарастыратын сала – лингвомәдениеттану(лингвокультурология). Ономастиканың теориясы мен практикасын осы бағытпен бір байланыста қарастырған ғалым Г.Мадиеваның еңбегінде осы сабақтастық былайша көрсетілген:тіл қызметін іске асыратын нақты тілдік социум мүшелерінің жалқы есімдерді қабылдауы;тілдік тұлғаның санасындағы жалқы есімнің қызметі;ұжымдық санадағы жалқы есімдердің қызметі;жалқы есімдердегі ұлттық танымда бекітілуінің әдісін сипаттау;жалқы есімдердің инварианттары мен варианттылығын анықтау;тілдік санада ұлттық когнитивтік қорды құрайтын өзекті жалқыесімдерді анықтау;жалқы есімдер жүйесінің ұлттық қорының негізгі элементтерімен стереотиптерін жіктеу;жалқы есімдер мен мифтік танымның байланысы, т.б. [29, 28 б.]   Антропонимдер адамдардың өткендегі тұрмысын, қоғамдық-әлеуметтік құрлысын және материалдық әрі мәдени өмірдің құбылыстарын да көрсете алды. Біз зерттеу нысанымызда тікелей қатысы бар профессор Т.Жанұзаков зерттеулеріне ерекше назар аудардық. Профессор Т.Жанұзаков зерттеулерінен бастап, кейінгі Қ.Рысбергенова, С.Оңайбаева, Ұ.Ержанова, М.Мұсабаева, Б.Бияров, 3.Жанғабылова, А.Арысбаев, Г.Мадиева, A.Жартыбаев, Б.Тілеубердиев т.с.с. ғалымдардың зерттеулері қазақ антропонимиясына тән бір ерекшелік ретінде оның тақырыптык шеңберінің өте кең екенін көрсетті.Қазақ есімдерінің де өзіне тән тарихы, шығу пайда болу жолы бар. Кісі есімдерінің шығу, қойылу тарихы өте көне замандарға, алғашқы рулық қоғамға барып тіреледі. Әуелде ру, тайпа аттарының, содан кейін кісі атттарын шыққаны күні бүгінде ғылымда белгілі болып отыр.К.Маркс, Ф.Энгельс неке мен отбасы қалыптасуы туралы еңбегінде алғашқы қоғамдағы рулардың шығуын, олардың есімдерінің қойылу тарихын ғылыми түрде кеңінен сипаттайды: Әрбір рудың белгілі бір есімдері немесе бірнеше ұқсас есімдері болады, ол есімдермен бүкіл тайпа ішінде сол рудың өзі ғана пайдалана алады, ендеше әрбір мүшесінің есімі де оның қай рудың адамы екенін көрсетеді - дейді Ф.Энгельс [10, 47 б.]. Сонымен бірге ертедегі рулар аттарының хайуандар аттарымен байланысты болғанын көреміз. Ол туралы Ф.Энгельс: Кейбір рулардың аттары хайуандар аттарымен де аталь болған. Сенеке тайпасында қасқыр, аю, тасбақа, құндыз, бұғы, балықшы, көкқұтан, бүркіт деген сегіз ру бар екен. Халық аузындағы аңыз бойынша, басқа рулар аю мен бұғы атты рулардан тараған көрінеді [10, 49 б.]. Бұл хайуандар аттары әрі сол ру басының есімдері ретінде жұмсалған. Кейінгі  этаптарда осы ру аттары адам аттарына ауысып отырған.Кейіннен адамдарды бір-бірінен ажырату үшін арнайы ат беріледі. Ол ат бала туғаннан соң жеті күннен кейін қойылатын. Бастапқы кездегі аттардың ана тіліміздің төл сөздерінен қойылғандығы байқалады. Мысалы: Бөрібай, Қойлыбай, Жетібай, Алтын, Күміс, Күмісбек, Бектай, Барыс, Құтжан, Темірбек, Күнбек т.б. Байқап отырғанымыздай, бұл есімдердің қойылуынан этномәдени уәж анықталады. Атап айтқанда, ай мен күнге, тау мен өзен, көлге табынып сыйынуға сәйкес мифтік таным негізінде қалыптасқан есімдер мыналар еді: Айсұлу, Айхан, Айдай, Күнай, Күнбек, Айкүн, Таутай, Таубай, Көлбай, Көлтай, Бөрібай т.б. Бұл жай туралы түрікмен ономастикасын зерттеуші З.Б.Мұхаммедова:«древнейшими, на наш взгляд, следует считать имена, восходящие к названиям атмосферных осадков, солнце, луны, растений, и животных»-деп жазса, [11, 45 б.] Өзбек антропонимикасы туралы Э.Бегметов: Имена, Тангриберген, Тангриберди, Тангриқұл, Қуанышбек, Ойзада, Ойкон связаны с культом неба, солнца, и луны, являются ярким свидетельством поклонения и почитания людьми этих небесных и наземных божеств, - дейді [12, 18 б.].Қазақ ономастикасының негізін салушы ғалым-маман Т.Жанұзақовтың зерттеуінде қазақ есімдері туралы мақалалар XIX ғасырдың екінші жартысынан шыға бастағаны, ондай алғашқы мақалаларға A.Е.Алекторовтың, А.Диваевтың көлемі жағынан тым шағын мақалалары жататыны көрсетілген.Кісі аттары мен фамилиялары туралы алғашкы мақалалардың бірі академик I.Кеңесбаев қаламынан туған. Бірақ бұл мақалада қазақ есімдерінің таза лингвистикалық сипаты, атап айтқанда, дара, біріккен тұлғалары, араб-иран тілдерінен енгендер, фамилиялардың қосымшалары және олардың жазылуы, орфографиясы сөз болады. Ал қазақ антропонимдерінің этномәдени әлеуметтік мәнін ашатын тілдік деректер академик I.Кенесбаевтың  Фразеологиялық сөздігінде  молынан кездесетіні белгілі.Ол жұмыс зерттеу барысында дәйек ретінде пайдаланылды [13, 82 б.] Профессор С.Аманжоловтың мақаласы кісі аттарының сөздік қорға тәндігі, жеке зерттеу объектісі болатыны және оларды шығу, қойылу ретіне қарай топтастыру, жіктеу мәселелеріне арналған. Бұл мәселенің нақты дәйектелген тұжырымын ғалым мақаласында былайша түйеді: Жер мен су аттарын алсақ та, кісі аттарын алсақ та, олардың жасалуында белгілі бір заңдылықтың барын байқаймыз. Мұндағы кісі атының өзі тоғыз жол яки тоғыз мақсатқа тірелетіні көрінеді. Тоғыз жол дегендеріміздің бірі - адамзаттың жақсы өмір сүргісі келуіне байланысты. Бұл мақсатқа жету үшін ата-анаға өз баласына ең жақсы, ең белгілі, атақты адам сол діннің бастықтары, я сол дін үшін күрескендер болып көрінеді. Мысалы, ислам дінін қабылдаған жұрт үшін қадірлі, атақты адам сол дін үшін күрескендер болып көрінеді. Сондықтан мұсылман діндегілердің аты бірде таза Мұхамед, Ғали, Омар, Оспан, Ахмет, Садық болып келедіұхамедсадық, Сапарғали, Қожахмет, т.б.). Халықтық танымның ең асқан көрінісі шын мәнінде, адамдардың есімдері, олардың қойылу тарихы. Сондықтан да сәбиге атты сол әулеттегі үлкен не болмаса аса мол.Тоғыз жолдың үшіншісі - баланың мінез-құлқы жақсы болуын тілеуден туатын аттар. Мысалы, жібектей болсын десе, қыздың атын Жібек қояды. Жомарт болсын десе, баласына Жомарт я Мырза деген ат қояды…[14, 368 б.]. Профессор Қ.Жұбанов көптеген қазақ есімдерінің тек этномәдени сипатымен қоса этимологиялық төркінін де анықтайды. Осымен байланысты жуықтық  және аулақтық  деген терминдер ұсынады [19. 61 б.]. Жалқы есімдерде жуықтық тенденциясы өте аз. Ал басқа сөздер, әсіресе жалпы есімдер ондай емес. Жуықтық тенденциясы сөздің түрлі қалыпқа түсуін тұсайды. Сондықтан жалқы есімнің аз өзгеретін себебі оның сөз бен сөзді айырып, неңұрлым, ұқсатпау максатына байланысты. Ағайынды кісілердің болуы шарт емес. Бұлардың грамматикалық жағынан бірдей таңбалануы шарт емес. Өйткені сөздің жақынын таңбалау шарт. Сондықтан жалқы есімдер аулақты тенденциясымен тез үйлеседі. Соның нәтижесінде жалқы есімдерден болған сөз түбірлері өзгеріп отырады. Мысалы, әлдеқалай екі түрлі айтылып кеткен бір жалқы есім кейбір екі кісіге ат бола кетеді (Ғали, Әли, Қали, Қалима, Мұханбет, Махамбет кейде бір аттың (есімнің) кіші формасы да өз алдына дербес ат болып кетеді ұқан, Мұқаш, Шонан, Шонтық, Шонай)онымен бірге есімдердің этимологиясын анықтайды: шон түбірі оқшантай дегендерде - шон. Натуралды шаруашылық кезінде көнек, талыс сияқты теріден жасалатын ыдыстардың бір түрі шон деп аталған.Бұқар жыраудың:Сен бұзау терісі – шөншіксің,Мен өгіс терісі – талыспын,-деуі бұған дәлел (шөншік – кішкене дорба, кішкене қап, XVIII ғ.әдебиетінен)раннан кездеме алып, дорбаны матадан жасайтын болған да, олардың аты қазақта қалта болып қабылданған. Сөйтіп мес, саба, торсықтан басқалары ыдыс мағынасын жойған. Оқшантай – оқ-дәрі салатын, қошқардың ұмасынан бітеу сойып алған тері қалта. Ғалым Бәтима - Бәтіш, Гүләйім - Күләш, Мағрипа - Мағыш сияқты сөздердің әрқайсысы өз алдына дербес жалқы есімдер мен етістіктерде бола бермейді; кішірейту формасы болмағандықтан, түбірден бөлініп басқа бір сөз жасалмайды, жасалса да сирек, онда да ұзақ замандар өткеннен кейін, жаңа заман ұғымы ескі заманнан өзгеше болғанда ғана жасалады. Мысалы: парсының қоразын кішкене ата деп танығандықтан әтеш деген сөз шыққан атардан келген). Бұрын іші куыс заттың бәрін күбін деген, күпшек пен келіншекті олардың түбіріндегі сөздердің кішіреюі деп танымай, басқаша таныған. Жалпы есімнің бұлай болуы әрі ұқсастығын, әрі айырмасын білдіру қажет болған. Ал жалқы есімдерде олай емес, олардың кішірейген сыңарларытуынды сөз түрінде болады (Мырза, Мырзаш); мұндай ұқсас сөздердіңбасқалығы сол есім иелерінің әкесінің аты мен фамилиясынан айқындалды.Қазақ есімдерінің этномәдени сипаты проф. Қ.Жұбановтыңпайымдауынша, бір үйдің, ия, туыс балалардың ат қоюынан да көрінеді:Қазақта бір кісінің баласы екендігін көрсететін ұқсастық көріністері де бар. Оларды ұйқас атар дейміз (Опа - Сапа, Шамғали - Мұфтиғали). Бұл түбірлестігін көргеннен емес, лексика жағынан түбірін жақындату емес,ұйқастығын жакындату жолымен ғана жасалған (Опа-берік, Сапа-қызық)ондықтан жоғарыдағыларды ұқсас ету үшін аллитерация, ассонанстаршыққан  [19. 98 б.]. 

 

 

Пайдаланған Әдебиеттер:

 

1. Абаев В.И. О происхождении фонемы в славянском // Проблемы индоевропейского языкознания.  М., 1964, С. 115-120.

2. Әбдірахманов Ә. Қазақстанның жер-су аттары. Алматы: ғылым, 1959.

3. Әбдірахманов Ә. Қазақстан этнотопонимикасы. Алматы: ғылым, 1979, 126 б.

4. Әбдірахманов Ә. Ә. Топонимика және этимология. Алматы: ғылым, 1975, 207 б.

5⁡.... Әбдірахманов Ә. Кейбір топонимдердің этимологиясы жайында // Қазақ ономастикасының мәселелері. Алматы: ғылым, 1986, 16-30-б.

6. Батыс Қазақстан облысының энциклопедиясы. 1996 ж.

7. Батырлар жыры.инақ) 1996ж.

8. Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы: Мектеп, 1979, 176 б.

9.ес ғасыр жырлайды" 1990-2000 ж.

10. Джанузаков Т.Очерк казакхской ономастики. Алма-Ата: Наука, 1982, 176 с.

11. Дульзон А.П. Вопросы этимологического анализа русских топонимов субстратного происхождения. 1959, ВЯ. С.37-45.

12. Ержанова Ұ.атыс Қазақстан облысы жер – су атауларының сөздігі" 2001ж.

13. Ержанова Ұ. Ақжайық өңірінің топонимиясы" 1998 ж."

14.  Джанузаков Т. Основные проблемы ономастики казахского языка:Автореф. Дисс. Доктора филол. Наук. Алма-Ата, 1976.

15. Жубанов Х. Исследования по казахскому языку. Алма-Ата, 1966, 360 с.

16. История Каз ССР. Т. 3., Алма-Ата, 544 с.

17. История Каз ССР. Т. 2., Алма-Ата, 1979, 423 с.

18. Копыленко М.М. Основы этнолингвистики. Алматы: ғылым, 1995, 178 б.

19. Конкашбаев Г.К. Казахские народные географические термины// Известия АН Каз ССР. 99. Серия географическая, вып. 3., Алма-Ата, 1951, С. 3-47.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?