Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ономастика ж⁡әне о⁡ның з⁡ерттелу т⁡арихы

2809
Ономастика ж⁡әне о⁡ның з⁡ерттелу т⁡арихы - e-history.kz

Сурет: El.kz

Тәуелсіз елдің саналы әрбір азаматы өз туған жерінің тарихын, әрбір сөздің шығу тегін, олардың зерттелуін білуі өте маңызды. Сондықтан да осы мәселелерді  қарастыратын ономастика ғылымының толыққанды зерттелуі  келешек ұрпақтың еншісінде. Халқымыз ежелден келе жатқан елді мекен, жер-су атауларының мән-мағынасы мен тарихына ерекше көңіл бөлген. Себебі жер-су атаулары әр дәуірдің ескерткіші ретінде халық тарихынан дерек беретін,  атадан балаға   жалғасатын асыл мұра. Тіліміздің ғасырлар бойғы тарихы мен заңдылығын осы атаулардың бойынан табуға болады. Сол атауларды зерттеуде ономастика ғылымының атқаратын маңызы зор. Яғни лингвистика ғылымының негізгі салмағы ономастика, этнолингвистика сияқты салаларына жүктеледі.

Ономастика – тіл қызметінің ерекше бір саласы. Жалпы есімдердің жинақтық атауын лингвистикада ономастика дейді. Ал оны зерттейтін ғылым саласын ономасиология деп атайды. Ономастика – кез келген жанды не  жансыз заттарды не  құбылыстарды  зерттейді. Ономастика грек сөзі ономия (грек тілінде onoma есім, ат) onomastika- ат қою өнері, атауларды зерттейтін саласы. Ономастиканы (адам аттарын, жер, су, ру, тайпа аттары т.б ) зерттеудің теориялық – әдістанымдық негіздері мен тілмен сабақтастықта ұлттық этномәдени, әлеуметтік сипатын анықтаудың қажеттілігін І.К. Кеңесбаев, В.В.Радлов, В.В. Бартольд, Н.Катанов, А.Н.Самойлович, С.Е.Малов, Н.К.Дмитриев, А.Н.Кононов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Г.Мадиева, Ә.Абдрахманов, Е.Жанпейісов, Қ. Рысбергенова, А.Жартыбаев  т.б  ғалымдар өздерінің еңбектерінде жан-жақты көрсетті. Ономастика бірнеше салаға бөлінеді: топонимика (жер, су, қала атауларын зерттейтін ғылым), антропонимика (адам аттарын зерттейтін ғылым), этнононимика (ру, ел, халық аттарын зерттейтін ғылым), зоонимика  (хайуандар аттары), гидронимия (теңіз, өзен, көл аттарын зерттейді) т.б.

Табиғатты игерген адам екеніне талас жоқ.Алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі адамдар тіршілік жағдайында жер-суға, қоршаған ортаға, жануар, өсімдіктер жүйесімен тікелей қатынаста болды. Сол себепті, адамдар ерте замандардан бастап айналасындағы қоршаған дүниенің даласына, өзеніне, көліне, жер-суына, орманы мен өсімдік,жануарына ат бере бастады. Бірақ та бұл атаулар күрделі сипатта болмады. Тек жеке сөздерден тұрып, сол  атаулар қайталанып беріле берген. Бастапқы кезеңде тау,тас,өзен,көл,су сияқты атаулар қолданылып жүрсе,  кейін белгілі бір объектіні атау үшін оның сыр-сипатына,сапасына, түр-түсіне, басқа да қасиеттеріне назар аударған. Осы жер бетіндегі тұрмыс-тіршілік сөзбен таңбаланады. Халық тіліндегі осындай деректі, дәйекті атауларды топонимика саласы қарастырады. Топоним термині гректің topos – орын,мекен + onyma – атау деген мағынасын береді. Яғни, жер су атаулары деген ұғымға толық сай келеді.   Ұлттық топонимияның қалыптасу негіздерін, ерекшеліктерін Ә.Әбдірахманов, Ә.Қайдаров, Т.Жанұзақов, Е.Қойшыбаев, Ә.Қоңқашбаев, Ә.Нұрмағамбетов сынды ғалымдарымыздың еңбектерінде айтуға әбден болады. Және кеңестік дәуірде топонимика мәселелерін В.А.Никонов, Э.М.Мурзаев, Л.В.Суперанская, О.Т.Молчанова сияқты ономасттар зерттеген.

Жалқы есім – тілдік сөз. Сондықтан  қазақ тіл білімінде жалқы есімдердің  тілдіқ, лингвистикаалық қасиеттері зерттелді.  Қазақ ономастикасының қалыптасуы мен дамуын профессор Г.Б.Мәдиева үш кезеңге бөледі:

Біріңші кезеңі – 1949 - 1970-ші жылдар.

Осы кезенде қазақстандық ономастикалық мектебі  қалыптасты; қазақ топонимдері мен антропонимдері лексика-семантикалық топтары анықталды; географиялық терминдердің топонимдер жасаудағы орны мен рөлі анықталып, зерттелді;

Екінші кезені – 1970 - 1995 жылдар арасы.

Бұл кезен аймақтық топонимиялық зерттеулермен толыға түсті; ономастикалық теорияларға назар аударылды; топонимдер мен антропонимдер этнолингвистикалық болып зерттелді; ономастикалық зерттеулердің аумағы кең, оны  айтар болсақ, космонимдер, зоонимдер, Қазақстаан территориясындағы орыс топонимдері зерттелді;  топонимиялық сәйкестіктер зерттелді; ономастикалық қолданбалы аспектілерқаралды. Және  транскрипция мен транслитерация негіздері жетілді. 

Үшінші кезеңі – 1995 жылдан күні бүгінге дейінгі аралық.

Бұл кезеңде аймақтық топонимиялық зерттеулер жалғасын тауып отырды; топонимиялық,антропонимиялық сөздіктер жасалды; топонимдер мен антропонимдердің салғастырмалы зерттеулері даму жолында болды; жалқы есімдерді зерттеуде жаңа әдістер мен бағыттар қолданыла бастады.

Осы үш кезеңдегі қазақ ономастикасының зерттеулерінің басты ерекшеліктерін атат көрсетуге болады. Олар: 1) үш кезеңде негіізінен топонимдермен антропонимдер зерттелді; 2) антропонимдер мен топонимдердің  этимологиясы, құрылымдық-сөзжасамдық, лексика-семантикалық топтары қарастырылды; 3) Қазақстанның көптеген аймағындағы топонимиялық атаулар зерттелді.

Ғалымдар қазақ ономастикасы 1950 жылдан бері қарай жүйелі түрде зерттей бастады. Содан бері қарай кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғалып, кітаптар  мен сөздіктер жарық көре бастады. Ғ.Ғ.Қоңқашпаев алғашқылардың бірі болып кандидаттық диссертация қорғаса, кейін бірнеше ғалым ғылыми  мақала жазды. Содан кейін А.Әбдірахманов, В.П.Попова, Е.Қойшыбаев кандидаттық диссертация қорғаған блса, Т.Жанұзақов түркологияда алғаш Қазақ ономастикасының негізгі проблемалары аты докторлық диссертация қорғады. Бізге мәлім филология ғылымдарыынң кандидаты А.Әбдірахманов Қазақстанның жер-су аттары, «Топонимика және этимология, Қазақстан этнотопонимикасы атты еңбектері бар.  Ал  Т.Жанұзақовтың 1965 – 2001 жылдар арасында Қзақ тіліндегі жалқы есімдер, Қазақ ономастикасынң очеркі, Қазақ есімдері,  Қазақстан географиялық атаулары  атты еңбектрін жарыққа әкелді.

Қазақ ономастикасы өз кезеңінде әлемдік еңбектерге, соның ішінде орыс, түркі ономастикасының еңбектеріне сүйеніп Ғ.К.Қоңақашпаев, Е.Қойшыбаев, Т.Жанұзақов, А.Әбдірахманов, Ә.Т.Қайдаров, В.Н.Попова, О.А.Сұлтаньяевтың арқасында дамыды. Ономастикалық материалдарды апеллятив лексикамен бірге қолданып, қазақ тілін айқындау ХХ ғ. 30–50 жж. белгілі қазақ лингвистері А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.А.Аманжолов, А.Ысқақов, еңбектерінде жасалған. 1981 жылы Қазақстан Ғылым академиясының А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында Т.Жанұзақовтың ізденуімен ономастика бөлімі ашылып, қазіргі кезге дейін қызмет етіп келеді. Ашылған кезінен бастап бөлім аймағындағы географиялық атаулар негізін құрайтын ономастикалық бірліктер картотекасын жасады. Тіл білімі институтының жүргізген есебіне қарағанда, 1949-2004 жж. аралығында Қазақстанда 40-тан аса докторлық және кандидаттық диссертация қорғалған. Қазақ ономастикасының соның ішіндегі топонимика саласының ғылыми бағыт ретінде қалыптаса бастауына белгілі географ – ғалым Ғ.Қоңқашпаевтың 1948 жылы Қазақтың халықтық географиялық терминдері атты тақырыпқа қорғаған кандидаттық диссертациясы мен осы тақырып аясында жазылған мақалалары себеп блған.

Ономастиканы зерттеудің теориялық-әдіснтанымдық тілмен сабақтастықта қарастырылатын этномәдени, әлеуметтік сипатын анықтаудың  керектігін В.В.Радлов, В.В.Бартольд, А.Н.Смайлович, С.Е.Малов, Н.К.Дмитриев, А.Н.Кононов, Н.А.Баскаков, Қ.Жұбанов, І.Кеңесбаев, С.Аманжолов, Ә.Қайдар, Т.Жанұзақов, Ә.Абдрахманов, Е.Жанпейісов, Қ.Рысбергенова, Г.Мәдиева  т.б. сынды ғалымдар өздерінің еңбектерінде жан-жақты көрсетті.

Қазір қазақ тіл білімінде ономастика дербес пән ретінде қалыптасу жолында деуімізге болады. Өйткені бізде антропонимика, топонимика, этнонимика, астронимика, зоонимика, космонимика, фитонимия, теонимия т.б. бөлімдері толық зерттелген жоқ. Оларды зерттеу обьектілері ұшан-теңіз,бір емес,бірнеше ұрпаққа жетері сөзсіз. Соңғы жылдары кеңестік ТМД елдері тіл білімі көлемінде поэтикалық антропонимия немесе ономопоэтика – әдеби көркем поэтонимдер зерттейтін ономастиканың бір трамағы пайда болды. Соңғы жылдары қазақ тіл білімінде ономастикаға қатысты қорғалған Г.Б.Мәдиеваның Имя собственное в контексте познания(2005), Б.М.Тілеубердиевтің Қазақ ономастикасының лингвоконцептологиялық негіздері (2006) атты докторлық диссертацияларын айтуға болады.

Қазақстан ономастикалық ғылымында қалыптасып қалған ғылыми-теориялық пайымадрды зерттеп, жүйелеп, реттестіріп жан-жақты тоқталған – Г.Б.Мәдиева. Ол ономастикалық жүйенің концептуальды-терминологиялық аппараты мен метадиалектісін тереңдетіп қарастырды. Ал Б.Тілеубердиев жалқы есімдердің номинатив қызметіндегі лингвомәденитанымдық аспектілерді және жалқы есімдердің семиотикалық қырларын қарастырған.

Жалғасы бар…

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?