Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Сюцай – психологияны зерттейтін сандық ғылым

5138
Сюцай – психологияны зерттейтін сандық ғылым - e-history.kz

Сурет: siyanie-severa.ru

Қазір қазақ қоғамында әр түрлі әлеуметтік топтар қызығатын тың дүниелер өте көп. Оған себеп цифрлық технологиялардың келуі мен жаһанда болып жатқан ғылыми, психологиялық, әлеуметтік процесстер болуы әбден мүмкін. Осыған байланысты  бүгінгі таңда біздің қоғамда көпшіліктің қызығушылығын тудырып келе жатқан Сюцай ілімі туралы Сюцай ғылымының кәсіби шебері, коучер Дарьяна Сейіловамен тілдесіп, аталмыш бағыт жайлы бірқатар сауалға жауап алған едік… 

- Сюцай ілімі дегеніміз не, оның қазіргі таңда өте танымал саналатын нумерологиядан айырмашылығы неде? 

- «Сюцай» дегеніміз – 21 ғасырдағы психологияны зерттейтін сандық ғылым. Оның нумерологиядан айырмашылығы да сол, Сюцайда, негізінен, басымдық адам өмірінің философиялық денгейіне беріледі. Сонымен қатар адамдардың күнделікті өмірі, қарым-қатынасы, алға қойған мақсаты, т.б. дүниелер айналамыздағы сандардың мәніне, энергиясына терең үңілу арқылы болжанады. Бірақ Сюцайды ғылым ретінде қарастырғандықтан, оны бақсылық не балгерлікпен шатастырмаған жөн.

 

- Сюцай ілімінің негізін кім салды және оның Қазақстанға келуі қалай жүзеге асты? 

- Сюцай ғылымының негізі қалаушысы – Жанат Қожамжаров, ұлты қазақ, Семей өңірінің тумасы. Жанат Қожамжаров Қытайда жүрген кезінде  ұстазы Бақыт Нәсіпбековты(қазақ) кездестірген. Сөйтіп сол кісі Ж.Қожамжаровқа ғылымды және бойындағы энергияны сіңірген. Кейін Жанат ағамыз біздің  Ұстазымызға айналды. Сюцай ілімін 10 жыл зерттеп және оны ғылым ретінде тіркеді. Жанат Қожамжаров – жай ғана ұстаз емес, Сюцай мектебінің негізін қалаушы, денсаулық сақтау саласындағы халықаралық деңгейдегі білікті маман, комплементарлық медицина профессоры.

 

- Жалпы цифрлық психологияның қоғамда көбеюі рационал ойлау жүйесін тежеп тастамай ма? 

- Жоқ, жалпы Сюцай ғылымы цифрлық психология болған соң, ол – адамның өз-өзін танып, бойындағы қабілетін ашуға мүмкіндік беретін, бағыт беретін ғылым. Былайша айтқанда, әрбір адамның жан қалауын іске асыратын ғылым. Сондықтан оны біздің рационал ойлау жүйемізді шектейді деп айтпас едім, керісінше иррационал да, рационал да ойлау жүйемізді алға жылжытады.

- Мәселен, адамның туған күні, айы, жылы арқылы тағдырын болжау, өмірдегі миссиясын анықтау қаншалықты ақылға сыйымды? Демек бұл «адамның тағдыры өз қолында» деген танымды жоққа шығара ма? 

- Жоғарыда атап өткенімдей, Сюцай ғылымы өмірлік базаға, өмірлік философияға құрылған. Сондықтан ол адам тағдырын түпкілікті болжамайды. Адамның тған күнін, айын, жылын біліп, оның осы өмірдегі миссиясын зерттейді. Яғни әрбір адам тек қана жан қалауын қалай іске асыратынына жол көрсетеді.

- Қазақ тарихында белгілі сандарды киелі деп санау, оған сакральді мән жүктеу сияқты құбылыстар болған. Бірақ оның қазіргі өмір сүру кезеңінде қажеті бар ма? 

Сюцайдың мәні философия болғандықтан, оның тарихы да қазақ тарихымен тығыз байланыста. Өйткені әрбір санның өз киесі, энергиясы, мәні болады. Жалпы адамның туған күніндегі цифрлар – өмірлік миссияға әсер ететін сандар. Ал біз сандарды «біздің САНАмыз» деп атаймыз.

 

- Елімізде тек осы саламен айналысып қана жақсы қаражат табу мүмкін бе? Мысалы, белгілі бір кәсіппен айналысу үшін білім мен тәжірибе керек дейміз. Сюцаймен айналысқысы келген адамға ең қажет дүние не? 

- Әрине, мүмкін. Сюцай нақты ғылым болған соң, оны оқып шыққан әрбір адам диплом алып, Сюцай ғылымының шебері, психологы деген лауазымдарға ие бола алады. Және бұл салаға қазір қызығушылық артып келе жатқандықтан, Сюцаймен қаражат табу мүмкіндігі де зор. Сюцаймен айналысқысы келген адамға ең бастысы – өз-өзін тануы және санасын дамытуды тоқтаппау маңызды.

- Қазақ халқының байырғы танымында сөздің энергиясы, қуаты бар деп есептелген. Бірақ қазіргі әлемдік трендтерге қарасақ, санның да өз энергиясы бары айтылады. Сонда санның, цифрдың энергиясы бар екенін қалай дәлелдейсіздер? Мысал келтіре аласыз ба? 

- Әрине,  сөздің әнергиясы, қуаты бар екені анық қой. Бір қызығы, Сюцай ғылымында тек қана сөздің энергиясы емес, әрбір әріптің өзінің сандық кодтары бар. Мысалы, дәлел ретінде әрбір адам есімінің әріптері сандарман есептеледі. Және сол цифрлық код бойынша адамның сапалық, сандық қасиеті айқындалады.

- Әлемді сандар билей ме, сөздер билей ме?

 - Әлемді сандар мен сөздер арқылы Адамзат билейді.

 

- Уақыт бөліп, сұрақтарыма жауап бергеніңізге көп Рақмет!

- Сізге де рақмет!

Фотосуреттер автордан

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?