Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай «Мен қазақтың баласы» жас ақындар арасында айтыс өтті

2894
Мемлекеттік рәміздердің  30 жылдығына орай «Мен қазақтың баласы» жас ақындар арасында айтыс өтті - e-history.kz

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Геральдикалық зерттеулер орталығының ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханасында мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай «Мен қазақтың баласы» жас ақындар арасында айтыс өтті.

Халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын жеткізетін құнды белгі мемлекеттік рәміздерді ұлықтауға арналған айтысқа республикалық жастар айтысының бас жүлдегері Аян Ниязбек, республикалық студентер айтысының жүлдегері Ердәулет Ыбыраев, республикалық жас ақындар айтысының арнайы жүлдегері Нұртілеу Төленбек, республикалық жастар айтысының 3 орын иегері Нұрдәулет Өмірбеков, республикалық студенттер айтысының арнайы жүлдегері Ердәулет Ыбыраев, Қосшы қаласы жастар арасында өткен «Алтын домбыра» айтысының бірінші орын иегері Ақбота Манарбекқызы сынды жас ақындар қатысты.

WhatsApp Image 2022-07-29 at 16.51.50 (1).jpeg


Айтысты халықаралық және республикалық ақындар айтысының жүлдегері, белгілі айтыскер Еркебұлан Қайназар жүргізді. Залда отырып айтысты тамашалаған ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Қаһарманұлы:

«Айтысты ұйымдастыруымыздың басты мақсаты жастар арасындағы айтыс түрінде өткізіп, орақ тілді ақындарымыз арқылы рәміздеріміздің қасиеті мен құндылығын дәріптеу, мақтаныш сезімін ояту болып отыр. Айтыс қазақтың киелі өнері. Осындай шараларды жастар арасында жиы ұйымдастыру арқылы, елдікті, бірлікті жырлауымыз керек. Тартымды да, тәрбиелі айтыс жасаған жастарға рахмет!» деп ақындарға алғысын білдірді.

 WhatsApp Image 2022-07-29 at 16.51.45.jpeg


Геральдикалық зерттеулер орталығының директоры Асылбек Байжұмаұлы:

«Қанша айтқанмен айтыс десе елең етпейтін қазақ жоқ. Сондықтан біз жас ақындарымыз арқылы жаңа өсіп келе жатқан жастарға мемлекеттік рәміздеріміздің құндылығын жырмен жеткізгіміз келді. Яғни енді 30 жыл бойы жиналыстар, семинарлар өткізіп келдік. Меніңше, енді ол форматтан кеткен дұрыс. Мемлекеттік рәміздерді өнер арқылы, басқа да насихаттау жолдарын қолға алып отырмыз. Жалпы жүлде қорларына 1 млн теңгеден астам қаражат бөлдік.»

 WhatsApp Image 2022-07-29 at 16.51.46.jpeg


Ел ішіндегі аламан айтыстарда бақ сынап, өнері өрге жүзген жас ақындар мемлекеттік рәміздердің қадір-қасиетін, ұлттық мақтаныш, отансүйгіштік сананы жырға қосты. Әділ қазылар алқасы ақылдаса келе, жыр жүйіріктерін бөле-жармай бәріне бірдей алғыс хаттар мен 100 мың теңгелік сертификаттар табысады.

Іс-шараға Ұлттық құрылтай мүшесі, қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадам, Филология ғылымдарының кандидаты, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ кафедра меңгерушісі, айтыскер ақын, Серікзат Дүйсенғазы, белгілі диктор, радио ардагері Күләш Молдахметова, ҚР Ұлттық архивінің директоры Сағила Нұрланова, т.б зиялы қауым өкілдері, жастар, журналистер қатысты.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?