Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Түріктер туралы Қытай деректемелерінде 2-бөлім

1503
Түріктер туралы Қытай деректемелерінде 2-бөлім - e-history.kz

Қытай ежелден өткен тарихын қағазға түсіріп қалдырып отырған ел. Олар өз тарихы ғана емес, өздеріне ықпалы болған, шекаралас отырған елдердің тарихын да білгенінше толығымен хатқа түсіруді әдет қылған. Бұл өз кезегінде жауласса да, достасса да қарсы жағының жағдайын анық біліп, мәдениеті мен салт-дәстүріне дейін өздеріне толық таныс болуға мүмкіндік жасаған. Бүгінгі таңда осы тарихи жазбалар ашыққа шығып, жалпы оқырманға ұсынылған. Бұлардың ішінен «Қытай жылнамаларындағы қазаққа қатысты деректер» деген атпен қазақ тіліне көптеген мәліметтер аударылып басылған болатын. Осы деректерді негізге ала отырып, оқырман назарына ұсынылып отырған жазбамыздың екінші бөлімде Түрік қағанатының екіге бөліну кезеңі мен біршама ішкі қайшылықтарды сөз етеміз.

Түрік қағанатының екіге бөлінуі және ішкі соғыстар

«Ішбара батырлығы мен қырбаттығы үшін Абаны (Төременді) жек көрді. Сол себепті бұрынырақ қайтып, оның ел жұртына шабуылдап, тас- талқанын шығардыдаанасын өлтірді. Қайтып роалған Аба өзіне тұрақ таба алмай батыстағы Дарту қағанда паналады. Дарту есімі бойынша Темкент, әкесі жағынан Ішбараның немере ағасы бола Ол батыс ұлыстардың қағаны еді. Ол бұл іске қатты ашуланып, Абаға әскер беріп шығысқа аттандырды. Абаға бұрынғы өз ұлысынан 100 мыңдай атты әскер келіп қосылды, осылайша бұлар Ішбарамен арадағы соғысты бастап жіберді. Мұнан тыс Тамған қаған бұрыннан Абамен тату еді. Ішбара оның ұлысын тартып алып лауазымын жойғанда олда Дарту қағанға иқашып барды. Ішбараның немере інісі тегін шаджеке ұлысты басқаратын. Олда ішбарамен араздасып өз ел жұртымен Абаға барып қосылды. Осылайша тараптар ара соғыс үздіксіз жүріліп жатты.

Екі жақта сарайға елші жіберіп бітім және көмек сұраумен болды. Патша олардың екі жағыныңда тілегін қабыл алмады. Осы кезде Мыңділдә ханша патшаға дәтнеме жолдап, өзін баласы ретінде қабылдауға өтініш білдірді. Гаузу патша Ішбараға ордагер ши уй пиң хыны елші етіп жіберді. Ішбаранің елшісі әкелген дәтнамада былай делінген: "Ұлу жылының 10- қыркүйегінде тәңірден болмыш ұлы түрік әлемінің данасы мен ардақтысы мен көктің ұлы ел күлік шад баға Ішбара қаған ұлы сүй патшасына хат жолдайды. Елшіңіз ордагер Ши үй пиң хы бізге келді, оның айтқандарын естідім. Патша әйелімнің әкесі екен, демек менің атам деген сөз. Қыздың күйеуі атаға бала тұрғылас. Екі ел бөтен ел болсақта туыстық ұғым, кісілік сезім барша адамға ортақ. Арамыздағы қазыргы қат-қабат жегжаттық ұрпақтан-ұрпаққа, мың жылдарға жалғаса бермек. Тәңірге сеніңіз, мен сізге ешқашан қарсы шықпаймын. Осы қазырден бастап менің мемлекетімдегі қой мен жылқының бәрі патшаның малы, ал сіздің торғын торқаларыңыз біздің осы араныкі болсы. Арамызда айырма болмайды" деді. Гаузу патша оған мынадай жауап хат жазды: "ұлы сүй патшалығындағы көктің ұлы ұлағатты түріктің ел шад баға Ішбара қағанына хат жолдайды. Хатыңнан бізге деген зор ықыласыңды аңғардым. Ішбараның әйелінің әкесі болғандығым үшін, оның өзінде ұлым деп есептеймін.Сондықтан ежелгі туыстығымызды ескеріп, әдеттегі елшінің үстіне мәртебелі ұлығым Йүй чыңзыны жіберіп отырмын". Ішбара әскерін қатар тұрғызып, асыл заттарын тізіп, Йүй чыңзыны отырып қабылдады. Сырқаттығы себепті орынынан тұра алмайтындығын әрі "көкесінен бері ешкімге тізе бүгіп көрмегенін" қоса ескертті. Йүй чыңзы оны күстаналап, жөн- жосықты сыбырлап түсіндіріп еді. Мыңділдә ханша Йүй чыңзыға:" Қаған қасқыр мінез, көп талассаңыз талап тастайды" деп сыбырлыды. Жаңсүн чың насихаттап иландырғаннан кейін, Шату жарлықты жерге бас ұра қабылдап төбесіне көтерді. Оның маңындағылар дүбірлеп бір араға ұйлығысып дауыс шығара жылап жіберді. Йүй чыңзы оған тағыда боданбыз деп айтуды бұйырды. Ішбара маңындағылардан бодан деген не деген сөз деп сұрады. Олар " сүй патшалығына бағынып бодан болу деген сөз біздегі құл болу дегенмен бірдей" деді. Ішбара" ұлы сүйдің патшасына Йүй атарманның арқасында ғана құл бола алдым" деді. Сонан Йүй чыңзыға мың жылқы силады әрі немере қарындасын берді. (Жұңго жылнамаларындағы қазаққа қатысты деректер. 2-том. 170- бет)

«Бұл кезде Ішбараны бір жағынан Дарту қыспаққа алса, екінші жағынан қидандар қауып төндірді. Сондықтан арнайы елші жіберіп өз жағыдайының күріт қиындап кеткендігін патшаға хабарлап, қарауындағы елдің Дешті құмның күнгейіне табан аударып Ақбелдеу аңғарына барып қоныстануына рұқсат сұрады, рұқсат етілгені туралы жарлық шықты. Жин ханы Яң гуаң оған әскерін бастап көмек берді. Оларды азық –түлік, киім- кешекпен қамдады, күйме, дабыл және сырнай силады. Бұдан кейін Ішбара батысқа жорық жасап Абаны күйретіп, оның өзін тұтқынға алды. Осының арасында Абаның адамдары Ішбараның ордасы бос қалған орайды пайдаланыпоның бүкіл үй ішін тұтқынға түсірді. Орда жасағымыз Абаның жасағын күйретіп соғыс олжасын бүкілдей Ішбараға силады, бұған Ішбараның бөркі қазандай болды. Осылайша келісім шартта шөлді шегара етіп белгіледі. Ол өзінің дәтнемесінде былай деді: "Ұлы түрік ел күлік шад Ішбара баға қаған боданыңыз Шату аййтады: Бас елші ,санаттың оң қол атарманы Йүй чыңзы бізге келді. Жарлығыңызды жеткізіп, шарапатты парменіңізді жеткізді... Тәңірдің қалауымен түрік қағанат құрғалы міне 50 шақты жыл болды. Сонан бері қиыр шөл даланы мекендеп, шет жәйлап қаған атанып келеміз, иелігіміз түмен шақырымды алып жатыр. Мал жанымыз 100 млн бойынша есептеледі. Барша көшпенділерді тегеурінмен бағындырып, қағанаттарыңызбен үзеңгі қағыстырған кезімізде болды. Көшпенділерде бізден құдыретті ел болған емес... Меніңше аспанға екі күннің жараспайтыны сияқты, жер бетіндеде екі билеуші болмауға тиіс. Мен ұлы сүйдің патшасы өзіңізге нағыз патшам деп табынам. Ендеше жер қиындығынан пайдаланып, жасақ жиып қағанмын деп құжырлануыма қайтып болады?... Құзырыңызға қол тапсырып барып қайтуға ит арқасы қиян шалғайда жүрмін. Сондада әрменелік салыттан айнымайақ үйлі аманатқа ұлымды жіберуді өзіме парыз санадым. Әр жылы салық ретінде сайгүліктер жіберіп тұрамын. Әміріңізді екі етпей, ертелі –кеш бас ұрып тұрамын. Сонымен бірге шапанымыздың түйме бағытын өзгертуге, бұрымды ағытуға рұхсат етуіңізді сұраймын. Ескіден келе жатқан әдетіміз болғандықтан өзгерте алмадық. 587 жылы Ішбара сарайға өзінің ұлын тарту-таралғымен жіберді... ішбара бір күнде жалғыз өзі 18 бұғы атып, оның құйыршығы мен тілін кесіп алып сарайға жіберді. Қайтар жолда Қызылсу бекінісіне соға кетті, осы арада оның шатыры өртеніп кетті. Ішбара оны жамандыққа жорыды. Содан бір айдан соң ол қайтыс болды.» (Жұңго жылнамаларындағы қазаққа қатысты деректер. 2-том.172- бет)

Ябғұ қаған қалай қаған болды?

«Алғашында шату өзінің баласы оңғылдың мінезін тым бос деп ұнатпай, орынына өзінің інісі шорағаны таққа отыруға бұйыратынын өсиет қып айтты. Сол сөз бойынша Оңғыл Шорағаны шақырып таққа отырғызбақ болды. Шораға: "Біздің түрікте Мұқан қағаннан бері аға өлсе іні мұрагер болып келеді, ізбасары тұрғанда қарадан біреуді таққа шығару ата-баба заңына қайшы. Мұндайда ілтипатта, инабатта қалмай қалады. Таққа сіз отыруға ылайықсыз, біз қашанда қасыңыздан табыламыз" деп сәлем айтты. Оңғыл Шорағаға тағы адам жіберіп былай деді: " көкем мен әкем бір тамырдан нәр алған бір теректің екі бұтағы, мен сол бұтақтың жапырағымын. Ендеше менің жапырақ бұтақтан бұрын болды, ата тұрғылас адамға әмір жүргіземін дейтін жөнім жоқ. Оның үстіне бұл әкемнің өсиеті, оны өзгерту менің қолымнан қалай келеді? Сондықтан көкемнің бұл ретте күдікке берілмеуін сұраймын " деді. Бес- алты рет жауаптасқан соң Шораға мақұл болып, таққа отырып Ябғұ қаған атанды, Оңғыл ябғұ болды. Патша оған дабыл, сырнай және ту силады. Шораға ат жақты, дөң жауырын, өткір жанарлы, ержүрек, ойсаулы кісі еді. Ол сүй әулетінен дабыл және ту алған соң батысқа шеру тартты. Жау жақ оларды сүй патшалығынан көмек алды деп ойлап көбі бағынды. Аба тұтқынға алынды. Абаны өлтіру керек пе, әлде өлтірмеу керек пе деген мәселе жайында патшаға дәт етілді. Патша оны өз ұлықтарының қарауына берді. Сол қол атарман Гау жиюң: "Бауырлас адамдар бір- бірін бейне уліы жәндікті өлтіргендей қырып жатқанда, өзіміздің кең пейілділігімізді әйгілеу үшін оны тірі қойайық " деді. Патша қабыл алды.» (Жұңго жылнамаларындағы қазаққа қатысты деректер. 2-том. 173-174- беттер)

Толұм қаған заманы

«Осыдан кейін Шораға тағыда батысқа жорық жасады, бірақ қаңғыған оқ тиіп өлды. Халқы Оңғылды хыргас дана Толұм қаған деген атпен таққа отырғызды. Толұм сарайға елші жіберіп силыққа 3000 топ кездеме алды. Онан сарайға жыл сайын елші жіберіп салық төлеп тұрды. Осы кезде Ян Чин деген бір кезбе осы Түрік еліне келіп, Пың ел-сұлтаны Лю Чаң мен Ойуын науғылы біреу ымыраласып көтеріліс жасағалы жатыр деген қауесет жайып, Кошелi ханшаға шекараға шабуылдау туралы тілек білдірді. Толум Ян Чинды түтқындап, бұл істі сарайға дереу мәлімдеді әрі бүтба, шылым желім тарту етті. Оның інісі Кеми шадтың үлысы бүл түста өте күшті еді. Толұм күншілдік істеп шабуыл жасады да, соғыста оның басын алды. Сол жылы ол емелдес інісі нүктан тегінді сарайға жіберіп, патшаға Ұдүнның кас тасы асасын сыйлады. Сыйға сый ретінде патша оны баған әрi Кан Султаны етті. Келесі жылы Түрік үлыстарының билеушілері бірінен соң бірі елші аттандырып, сарайға көшiр ретінде он мың ЖЫЛҚЫ, Жиырма МЫҢ Қой, бес жүз түйе, бес жүз сиыр өткізді. Осының артынан олар шекарада Кіндік қағанатпен айырбас сауда жасау үшін базар ашуын сұрады. Патша мүны мақұлдады. Чын әулетін бағындырғаннан кейін патша Чын Шубаудың көсегесін Көшелі ханшаға тарту етті. Бұл істен нәyмeз ханша көсегеге арнау өлең жазып, көңіл қаяуын былай бейнеледі: “Құлдырайды әр кім-ақ дәуірлеу жоқ бір ыңғай, баяны жоқ бағыдан шыр айналған дүние-ай. Салтанатты сәттерің сақталмайды санассаң, шалқып жатқан жан едік біз де арнаға бір сыймай. Дарқандығың айда деп қарадан қарап налимын, мөлдіреген шараптан сананың сызын танимын.Тамыжыған сазды әуен селт еткізбес жады, марғауланып өмірге өңімде ылғи қалғимын. Беу, күндерім кешегі ханның кызы аталған, далалықтың үйінде түрім мынау маталған. Бар медетім жалғыз-ақ, мен емесін пәниде, Жаужүн ханша күйіне елітіп кайғы ката алған". Бүл өленді естіген патша оны жақтырмай ханшаға берілетін сыйлықтың мөлшерін азайтты.

Ханша Батыс түріктің Ніл қағанымен бірікті. Ханша бұлғақ бастар деген қауіптен патша оны өлтіруді ұйғарды. Дәл осы кезде ханшаның оз кызметкерінің бірімен көңілдес болғаны жария болып қалды да, патша жарлық шығарып оның ханшалық мәртебесін қуатсыз етті. Бірақ бүған Толұм нарау болар деп қауіптенген патша оның көңілін аулау үшін төрт наз наушаны қосып, Чижан сұлтаны Ню Хүңды оған елші етіп жіберді. Бұл кезде Төле қаған атанған ышбараның үлы Намған солтүстікте ел-жұртымен тұрушы еді. Ол сарайға елші жіберіп, өзіне патшалықтан қыз айттыруды талап етті. Патша Пей Жүй деген адамды жіберіп, оған “Егер Көшелі ханшаны өлтіре алса, онда патшалықтың қызын айтты - руына рұқсат" деп сәлем айтты. Толе қаған бұл шартты қабыл алып, ханшаның үстінен өсек таратты. Мұны естіп ашуланған Толұм қаған Көшелі ханшаны шатырының ішінде өлтірді. Толұм мен Тарду қаған араздаса келе өзара бірнеше рет шайқасып та калды. Ақырында патша екеуін қайта табыстырды да, әрқайсысы өз әскерлерін кері қайтарып 17 жылы (597 жылы) Төле қаған калынуығын қабылдау үшін елшісін жіберді. Патша оны жерелгі мекемесіне тапсырып (патшалықтан қыз алудың) алты жосыны бойынша жатықтырды. Содан кейін өз әулетінің бір қызын Салиқалы ханша деген атпен узатты. Патша солтүстіктегі Нұмдардың арасына іріткі салу мақсатында сыйлықты әдейі мол беріп, Нію Хүң. Су Уй, Хулүй Шяучиндерді бірінен соң бірін (Төле қағанға) елші етіп жіберді. Түріктер де сарайға қол тапсыруға ілгеріндікейінді 370 рет елші аттандырды. Төле қаған бүрын солтүстік жақта тұратын, ханшаға үйленген соң оңтүстікке қоныс аударып, ескі Түкен бекініс жайына келіп орналасты. Сарай тараптан сыйлық күйылып тұрды. Бүған Оңғыл: “Мен тай каған бола тұра Намған құрам болмағаным ба” деп бүлқанталқан болды. Осыдан кейін ол сарайға тарту-таралғы жіберуді доғарып, шекараны жиі мазалай бастады. 18 жылы патша жарлык шығарып Шу ханы (Яң) Шюға оларға шабуылдау үшін Линжоудан аттануды бұйырды. Келесі жылы тағы да осы мақсатпен Хон ханы Яц Лятуды бас сардар етіп тағайындады. Сол қол атaрман Гау Жюң бастаған сангүн Уан Ча және аға баған Жау Жүнчин өз оскерімен шожоудан, оң қол атaрман Ян Су бастаған баған Ли Чы және Хон Сыңшоулар 03 әскерімен Лиңжоудан, аға баған Яң Pүн өз оскерімен Южоудан шығып оларға шабуыл жасады. Оңғыл жоне Темкіт тізе қоса отырып, Наманға шабуылдады да, оның ағабауырларын, балаларын, немере інілерін түгел қырып тастады. Сонан кейін Сарыозеннeн orin Уйжоуға кірді. Намған бес салт атты серігі жопе Сүй патшалығының елшісі Жаңсүн Шымен түнделетін сарайға ат басын тіреді. Патша Намғанға Оңғылдың елшісі Енту тегінмен дауға түсуді бұйырды. Намғанның сөзі дәлелді болды да, патша Намғанды қамқорлығында үстады. Оңгылдың інісі Түселі бала-шағасын тастап, Төле қағанмен бірге сарайға кірімтал болды. Патша оны марапаттады орі Намганмен үтысқа түсірді. Оны өзінің қолында үстау үшін қасақана біраз бағалы бұйымдарды оған ұтқызады.

Маусымда Гау Жюн, Ян Сулар Темкітке шабуылдап, оны ойсырата жеңді. Намғанға Етынды Кымын каған деген атақ берілді. Бұл Кытайша жыжян (ақылды да ержүрек) деген мағынаны береді. Кымын датнама жазып патшаның қамқорлығына алғыс айтты. Ол былай деді: "Пақырыңыз мен өзіңіздің шапағатаңыз аркасында такка отырдым. Лауазымым да көтерілді. Өткен күні азғындықтың бәрінен арылдым. Кай жүмыска болса да құрметпен қараймын. Заңға қайшылық жасауға ендігәрі батылым бармайды". Патша оның келіп қоныстануына арнап Шокоу дуанында Дали қаласын салғызды. Осы кезде Салиқалы ханша кайтыс болды да өз әулетінің тағы бір қызын Мейірлі ханша деген атпен Намғанға қосты. Сонан үлысының адамдары оған көптеп кайтып келе бастады. Оңғыл оған тағы да шабуыл жасады. Осыған байланысты патша Намганға шекараның ішіне кіріп тұруға рұқсат етті. Оңғыл шапқыншылығын тоқтатпады. Сондықтан Қымынға Сарыөзеннің оңтүстігіне қоныс аударып, Шяжоу. Шынжоу дуандарының аралығына келіп орналасуға да ерік берілді. Бірнеше жүз ли жерге созылған ор казу үшін жұмысшылар жіберілді. Осылайша Сарыозенге дейінгі шығыстан батысқа қарайты кең алқап Қымынның мал өрісіне айналды. Толүмға шабуыл жасау үшін Юе ел сұлтаны. Линжоудан, жорык төбенайы Хан Сыңшоу Чинжоудан, Тойиң сұлтаны Шы Уәнсүй Янжоудан, тай санғүн Яy Бян Хыжоун аттандырылды. Қосын шекара шенінен шықпай, то лумды өзінің қол астындағылар өлтірді де Тарду озін Бүка қаған деп жариялады. Олар дың елі обден былықты. Соған байланысты Тойпиң сұлтаны Шы Уәнсүй оларға ШоЖоудан шабуылдауға жіберілді. Бұлар Тардумен Тарғын тауында кездесті. Бірақ Лулар соғыспай тайып тұрды. Соңынан қуа соққан бөлім олардың екі мындай адамын шығындады. Жин ханы Яң Гуаң Лиңжоудан аттанғанда Тарду тіпті шығандап қашты. Ұзамай Тарду өзінің інісінің үлы Елтеберді Кымынға шөлдің шығысынан соққы беру үшін жіберді. Патша Қымынға маңызды қатынас жолдарын үстай тұруы үшін қол үшін беріп эскер жіберді. Сонан Елтебер амалсыз шегініп шөлге қайта кірді. Қымын осыған орай патшаға: "Ұлы Сүй әулетінің әулие затты ағызамы Бағуар қаған халыкка бүкіл жер бетін көмкерген аспандан барлық ауырлықты көтерген қара жерден камкор бола білді. Барлық ұлыстар айбаты ңыздан именiп, шапағатыңызға алғыс айты шын жүрегімен берілді. Әулие затты қат деп бүкіл үлысымызбен қолтығыңызға отырмыз. Кейіміз Ұлы қорғанның күнге көшіп бардык, кейіміз Акбелдеу шеніе көшіп бардық, кейіміз Ақбелдеу шеніне коныстандык. Басымыз өсіп, малымыз мыңғырып келеді. Ал мен Намған қурап қалған ағаш едім, бүршік жарып қайта көктедім семіп қалған сүйек едім, қайта жанданып пен терім жетілді. Сондықтан ұрпақтанұрпаққа Ұлы сүй әулетінің қойы мен жыл қысына мәңгі бас-көз боламыз" деп алғыс айтты.

Рыншоудың 1 жылы (601 жылы) Дәйжоудын төбенайы Xән Хүң Хың-ән деген жерде Лулардан жеңілді де мансабынан алынып жай бүқара болды. Патша Яң Суға Юнжоу бүлығының жорық сардары ретінде Хымынды бастап солтүстікке жорық жасауды бұйырды. Сол тұста Қымынға таяуда ғана берілген Қоқсыр сияқты арыстар қайта жалт берді. Яң Су Сары өзеннің солтүстік бетіне келіп жайғасты. Осы кезде Түріктен Емселік Іркін деген адамдар Сарыөзен оңтүстігіне өтіп Қымынның ер-әйел болып алты мыңдай адамын тұтқындап, екі жүз мындай малын барымталап кетті. Яң су аға тай санғүн Лян Момен бірге онымен алпыс лидей жерде айнала ұрыс салып Іркінді күйрете жеңіп, адамы мен малын Қымынның өзіне тартып алып берді. Яң су әскер беріп аттандырған баған Жаң Диңхы, колаға тай санғұн Лю Шың басқа жолмен барып, тұтқиыл шабуыл жасады да, оларды ауыр Шығындап, көп олжамен кері қайтты. Косын Сарыөзеннен өткен орайда қарақшылар Қымынның ұлысын қайта шапты. Алайда Яң Су шығауыл Фон Гүйды ертіп, Құрқыт аңғарының Шығыс оңтүстігінде оларды тосқауылдап тағы талқандады. Сонан сексен лидей жерге дейін қуа соққылады. Осы жылы Ніл қаған мен Ябғү Телектерден жеңіліс тапты. Ұзамай Бұқалардың да берекесі қашты. Ғи, Сеп сияқты бес ұлыс iшкергі жаққа ауды. Бұқаның өзі Тұйғұндарға барып бас сауғалады. Оның халқын өз қарауына қосып алған Қымын нағыз билеуші ретінде тартутаралғымен сарайға елші аттандырды. Да-йeның 3 жылы (607 жылы) сәуірде Яңди патша Юйлинге келді. Қымын мен Мейірлі ханша патшаның уақытша сарайына келіп оған амандасты. Ілгерінді кейінді үш мың жылқы сыйға тартты. Бұған айрықша риза болған патша оларға он екі мың топ торғынторқа бергізді. Қымын мынадай датнама тапсырды: “Марқұм болған әулие затты патша Бағуар қаған көзі тірісінде мені мейіріміне бөлеп Салиқалы ханшаны маған қосты. Мені ешнәрседен тарықтырмады. Әулие затты ағызам бүкіл әулетіме де сондай Әулие затты ағызам бүкіл әулетіме де сондай қайырымдылық жасап қамқор болды. Аға-бауырларым мұны көре алмай, бірігіп мені өлтірмекші болды. Сол кезде менің барар тау, басар жерім қалмады, басымды көтерсем аспан, түқырсам жер ғана көрінді. Әулие затты ағызамның “Жан сауғаласаң панаңмын” деген бір ауыз сөзі әлі есімнен шықпайды. Әулие затты ағызам мені көріп аяп үлкен шапағат етті, жанымды алып қалды, сонан бұрынғыдан да күшейе түстім. Мені тай қаған етіп таққа отырғызды. Түріктердің өлгендерінен басқасы түгел менің төңірегіме топтасып бұқарам болды. Шектен тыс құдірет иесі сіз де әулие затты сол ағызамдай сегіз қиыр шар тарапты билігіңізде ұстап, мені және Түрік халқын асырап отырсыз. Шынында да ештемеден Шолпы тартып отырған жоқпыз. Шексіз мәртебелі тақсырдың маған тағы да қайырыМДЫЛЫҚ етіп, ұлы патшалықтың барша жосыны бойынша киім-салым, шаш қою, заң-ереже сияқты істердің бәрінде Хуа шямен ұқсас болуға мүмкіндік беруіңізді жалына өтінемін". Патша олардың бұл өтінішін қол астындағылардың қарауына берді. Абыздар мен уәзірлер келісім беруге болады деп шешті. Бірақ патша былай істеуге болмайды деп мынадай жарлық Шығарды: “Қағанат құрған патша бабаларымыздан бері Рейлер мен Хуашяның салты екі басқа болып келді. Дегдарлар басқаларды тәрбиелегенде, олардан әдетғұрпын өзгертуді талап етпейді. Халықтар өз табиғатына қарай бірі шашын қияды, бірі денесіне өрнек салады, бірі үстіне киізден паналдырық кисе, бірі шөптен лыпа жамылады. Олар өзінің таңдаған салтын малдана берсін. Мұндай жағдайда дұрыс жетелеудің өзі әділеттің өрге басуына мүмкіндік береді. Тәрбиелейміз деп етегін кесіп ұзын бау таққызудың қажеті не, осының өзі кісілік дейтін жөншілікке жанаса ма? Өз аясында алуандыққа орын беретін керқана кегеншіктің де тәсілі емес қой. Киім-салымның түрліше болуы ежелгі тарихи деректерде ұлықтарды бір-бірінен айырудың айқын белгісі деп жазылған, ол он сегіз мың ғаламДы аясына сыйғызған әлем ұлағатының да кемел айғағы есепті”. Осыдан кейін Қымынға да жауап хат жазып: “Шөлдің солтүстігінде өлі тыныштық орнаған жоқ. Әлі де жорық жасауымызға тура келеді. Ізгі көңілмен шындап берілсеңдер, соның өзі – жеткілікті, киім-кешекті өзгертудің қажеті не?" деді.

Патша мың адамдық үлкен шатыр тіккізіп, Қымын қағанды үш мың бес жүз атақты адамымен сонда күтті. Бұларға екі жүз мың топ торғын-торқа бөліп, дәрежелеріне қарай сыйлықтар берді. Сосын мынадай жарлық шығарды: “Ақылағы озат патша аялы аспан мен зүриятты жер секілді құзыры жеткен алқапты алаламай барлығын көмкереді, ауырлығы болса көтереді. Әлем патшасына жете қабыл қызмет атқарып, өз беделі және тәлімі арқылы барша дәркерлікке көмек атайды. Сондықтан баспаның жәрдемімен өрмелеп шығатын таудағылар болсын, не кеменің көмегімен аяғы жететін телегей теңіздің шеніндегілер болсын сарайдың біртұтас календарлық есебін қабылдасын, бастарына Хуашя үлгісіндегі жыға-бөріктер киіп, бұрымдарын ағытып шаш түйсін, сөйтіп Ұлы сүй патшалығының қарашасы бейнесінде көрінсін. Сондықтан ежелгі дестірлердің бірі “Шахналық алмандар” деген кітапта бодан елдердің салық төлеу міндеті айқын жазылған. (Деректе) Қағания тәңірқұттың сарайға әрмене болып қол тапсырганы Хан әулетінің оған аса жоғары құрмет көрсеткені де айтылады. Түрікте Елтынды Кымын қаған аса ойламдылық танытып, табанды түрде әрменелік борышын талай жылдар адал атқарды. Бұрынның өзінде азғындарға қарсы көтеріліп, жамандықтан аяғын ерте тартып, ізгілікке талпынды. Алдымыздағы әулет оған осы адалдығы үшін үлықтап қаған деген лауазым берді, құдіретті жасақ құрауына, Торғайдай тозған үлысының қайтадан ел болып бірігуіне көмек қолын созды. Жойылып шаңырағы ортасына түскен елдің отының қайта маздауына, өмір сүрудің өзі қиындаған өлкеден жаңа мұрагер билеушінің шығуына жағдай жасады. Бұл әділетке Қормал болғандықтың, ізгілік шапағатының кәусарымен жапандағы сусаған жандарды сусындатқандықтың даусыз айғағы. Мен де шарапатты патша ретінде бабалар ұлағатына үлкен ізетпен қарап, ата әруағына даңқ әперу жолында патшалығымыздың атақ абыройын алыс аймақтарға тарату ісін ықтияттай толғанумен келемін. Сондықтан солтүстіктегі далалық аймақтарды көзбен көріп, әрмене жұрттың көңілін аулауға ден қойып отырмын. Қымын қаған патшалығымызға деген адалдығын көрсетіп сарайыма қол тапсырды, Тіпті бүкіл ұлысымен келіп құзырыма бас қойып тағзым жасады. Оның осынау ізгі көңіліне бек ризамын. Оны құрмет тұтуымызға әбден болады. Соның үшін оған сыйлық ретінде күйме, мініс ат, дабыл, сырнай және байрақ берілсін. Қол тапсыру салты кезінде оның аты төте аталмасын, мәртебесі барша хан-бектерден жоғары қойылсын". Патша Юнжұңға жасаған саяхаты кезінде Алтынғол өзенін өрлеп шығысқа қарай жүріп, солтүстікте отырған Қымынның ауылына соқты.

Қымын патша ағзамның денсаулығы үшін тост көтеріп, аса зор құрметпен тізесін бүгіп тағзым етті. Бұған патша қатты риза болып мынадай өлең шығарды: "Ұлы қорған үстінде желбіреп ту етті дүр, зырлап күймем көтерілді шаң үлдір. Айқарыла қақпасы күнге қарап күмбез түр, табынып ед қол қусырып Қағания, дөкей ханы бағына, бұрымдылар әкеліп ет тағамын сабыла, тондылар да шарабын көтереді! табына. Көк үлы қандай Хән әулеті кешегі, ие болған иен қалған Тәңірқұттың тағына". Сосын патша Қымын мен ханшаға бір-бірден алтын құмыра, киім-кешек, жамылғы көрпе, жамбас көрпе және жібек кездемелер сыйлады. Тегіннен төмендегілер де дәрежесіне қарай сыйлықтар алды. Осының алдында Кымынның ордасына Корейлерден жасырын елші келді. Қымын шет жұртпен байланысын жасырып калуға батпай оны сарайға алып келді. Ню Хүнға Мына жарлықнаманы оларға жариялауға бүйрық берілді: "Қымын патшалығымызға баянды түрде адал болып, шынайы ықылас танытқандықтан оның ордасына өзім ат басын тіредім. Келер жылы Жожүн аймағына баруға тиіспін. Қайтып барған соң билеушілеріңе айтарсың, ол сарайымызға әлдеқашан зиярат етіп келуге тиіс еді. Өз-өзінен қуыстанып қаймығуының жөні жоқ. Оған да Қымынға қалай қарассам солай қарасамын. Егер зияратқа келмесе, онда Қымынды бастап сендердің жерлеріңе де із салатын боламын". Корей елшісі қатты састы. Осылайша Қымын патшаны шығарып сала шекаралық бекініс шенінен өтіп Диң яңға келді. Осы арада оған өз иелігіне қайту туралы нүсқау берілді.

Келесі жылы ол Шығыс астанадағы сарайға қол тапсырып, мол сыйлықтар алды. Сол жылы ол аурудан қайтыс болды. Оның орнына баласы Түркіт шад Шібір қаған деген лауазыммен таққа отырды. Ол бұрынғы ханшаны өзіне қарату туралы рұқсат сұрады. Осылайша елдің әдетғұрпымен санасу керектігі жөнінде жарлық шықты. 11 жылы (615) қаған Шығыс астанадағы сарайға келді. Бұл жылы патша ыстықтан қашып Фыняң сарайына кеткен еді. Тамыз айында Шібір өзінің жасақтарымен шабуыл жасап, патшаны Янмыңға қамады. Аймақтардың Янмынға қарай жаппай әскер аттандыруы туралы жарлық шықты. Жетiт бөлімдер келгенде Шібір кері қайтып кетті. Осыдан кейін ол сарайға көпшір жіберуін доғарды. Келесі жылы Маиға тағы да шабуыл жасады. Бірақ Таң сүлтаны оларды қайта қуып тастады.

Сүй әулетінің соңғы кезінде ел іші қатты былықты. Кіндік қағанаттың елжүртынан Түрікке бағынғандар қисапсыз көп болды. Осылайша олар мықтап күшейді. Оның үстіне бұлар Шяу патшаЙымды қабылдап, Диңшяңға орналастырды. Шө Жүй, Доу Жянды, Уаң Шычүн, Лю У-жоу, Ляң Шыду, Ли Гүй, Гау Кәйдаулар биліктерін асыра пайдаланып, мәрте белерін өз төтелерінен көтергенімен штор қағанға кірімтал ретінде оның билігін қабылдады. Елшілер бірінен соң бірі толассыз қайшыласып тұрды. (сүйшу. 84-баян. Түрік баяны. 1863-1876 беттер)

(Жалғасы бар)

Пайдаланған әдебиет: «Қытай жылнамаларындағы қазаққа қатысты деректер» 2-том

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?