Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Далалық өлкенің сауда фирмалары мен көпестері

1664
Далалық өлкенің сауда фирмалары мен көпестері - e-history.kz

Сурет: https://regnum.ru/news/2520830.html

XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Сібірде қоныс аудару және теміржол салу аймақтағы тауарлардың алмасуы мен таралуын жеделдетті, капитал айналымын екі есе және үш есе қысқартты, кәсіпкерлік тәуекелді едәуір төмендетіп, капиталды арзандатты. Бұл, өз кезегінде, далада жаңа кәсіпорындар (нан, май және мал экспорты) мен көпестердің, соның ішінде қазақтардың да арасында пайда болуына алып келді, олардың көбі қандастарымен де, келімсектермен де сауда қатынастарын сәтті жүргізді. Qazaqstan Tarihy порталы 1903 жылғы анықтамалық күнтізбеге сүйене отырып, Дала генерал-губернаторлығының ең үлкен қалалары туралы баяндайды, сондай-ақ Қазақстанда өз істерін жүргізген ірі сауда фирмалары мен көпестердің тізімін ұсынады.

Верный қаласы

Верный қаласы Жетісу облысының облыстық қаласы, сондай-ақ әскери губернатордың орналасқан және барлық облыстық мекемелер шоғырланған жері болды. Қала Кіші Алматы өзенінде орналасқан. 1897 жылғы санақ бойынша тұрғындар саны 22 982 адам болды, оның ішінде 12 448 ер адам және 10 534 әйел адам. 1935 үй, 7 шіркеу болған. Қалада 10 оқу орны болды, оның ішінде әйелдер мен ерлер гимназиясы, үш сыныпты ерлер мен екі сыныпты әйелдер қалалық училищелері, ерлердің екі қалалық приход мектебі мен әйелдердің бір приходтық қалалық мектебі және бір бау-бақша мектебі болған. 4 зауыт (2 спирт тазарту және 2 сыра қайнату) және 3 фабрика (2 темекі-гильза және 1 гильза) болған. Тұрғындар егіншілікпен, мал шаруашылығымен, бау - бақшамен, омарташылықпен айналысқан. 

18192938ec1f2a2b503b10edb7516c16.jpg

618228d030c62103a51926fcba1f3d4b.png

Лепсі қаласы

Лепсі қаласы Жетісу облысының уездік қаласы болған. Ол Лепсі мен Бөлен өзендерінің арасында орналасқан. Санаққа сәйкес, қалада 7 300 адам, оның ішінде 2 882 ер адам, 2 556 әйел және 1 912 түрлі разночинецтер тұрған. 526 үй болған. Қалада бір шіркеу болды, тағы біреуі қаламен іргелес Лепсі станицасында болды. Бір қалалық екі сыныптық және әйелдердің бір приход мектебі болған. Қала маңында 6 тері өңдеу зауыты, бір шарап шығаратын (Пугасовтың), бір сыра қайнататын (Портныхтың), Дудукаловтың ұн тартатын диірмені, одан басқа тағы 16 диірмен және үш май шайқайтын кәсіпорындар болған. Тұрғындар Алақұм көлінде егіншілікпен, ара шаруашылығымен және балық аулаумен, сондай-ақ тасымалдау кәсіпшілігімен (Семей кемежайына шикізат тасу) айналысқан. 1895 жылы тамызда қалада жеңілдетілген қалалық басқару енгізілді.

78f110a60e45e696ca7deb80aa092b2c.jpg

ca3554b0d5163f9cae1b0a6c50a95f39.png

Қапал қаласы

Қапал - Жетісу облысының уездік қаласы, Қыстау деген шағын өзеннің бойында орналасқан. Санақ бойынша тұрғындар саны 2 842 адам, оның ішінде 1 658 ер адам және 1 184 әйел адам. 367 үй, 116 дүкен мен балаган болған. Қалада бір православие шіркеуі және екі мешіт болған. 2 сыныптық ерлер училищесі және әйелдердің приход училищесі болған. Сауданың жылдық айналымы 557 000 рубльден аспаған. Қалада бір былғары өңдеу және екі сабын қайнату зауыты болған. Тұрғындар саудамен, егіншілікпен және кірешілікпен айналысқан.

Городским старостой был Галий Валиевич Абдрашитов қаланың старостасы, ал оның көмекшісі - Никита Трофимович Терентьев болған. 

bd62fa7263029ebeba088416d0e0f3eb.jpg

Пржевальск қаласы

Пржевальск Жетісу облысының уездік қаласы болған. Өз атауын ол осы жерде 1888 жылы қайтыс болған белгілі саяхатшы Н.М. Пржевальскийдің құрметіне алған. Оған дейін қаланың аты өзі тұрған Қаракөл өзенінің атымен аттас Қаракөл болған. Қалада 5 880 адам тұрған. 840 үй, оның ішінде бір шіркеу мен үш мешіт болған. Үш училище болған: қалалық 4 сыныптық ерлер училищесі, қалалық 2 сыныптық әйелдер училищесі және ауылшаруашылық училищесі. Қалада 7 май шайқау, 3 былғары өңдеу, 2 сабын қайнату, 4 май шам, 3 ағаш аралау және 3 әк (күйдіру пештері) зауыты, сондай-ақ ұн тартатын 14 су диірмені болды. 1902 жылдан бастап қалада қоғамдық кітапхана-оқу залы ашылып, қалалық Балалар үйінің пайдасына жинақ құрылған. Тұрғындар ағаш өнеркәсібімен, саудамен, егіншілікпен, мал шаруашылығымен, бау -бақшамен (жемістер жергілікті жерде сатылатын) және омарта шаруашылығымен (Ташкент пен Ферғанаға, Қашқар мен Құлжаға бал сату), Қарқара жәрмеңкесіне астық, былғарыдан жасалған бұйымдар мен өндірістік тауарларды әкелумен айналысқан. Қала маңында 7 ауыл, тағы 2 казак селосы болды. Қаладан 12 верст қашықтықта, қала әкімшілігіне қарайтын Ақсу ыстық минералды сулары (бұлақтар) болды. Науқастар үшін 10 жеке бөлмесі бар 2 ағаш барак, ас үй мен ортақ ванна ұйымдастырылды. Қаладан 12 верст жерде жағасында кейбір қала тұрғындарының саяжайлары орналасқан, Н.М. Пржевальскийге ескерткіш қойылған балықты Ыстықкөл көлі болды. Таулы, салауатты климат, салқын жаз, жылы минералды сулардың болуы және көлде шомылу Ыстықкөлді үлкен санитарлық станцияға айналдырды. Қаланың айналасы таулы болғандықтан, ол жердегі негізгі кәсіп аңшылық болды. Қаладан 45 шақырым жерде ерлер монастырі орналасты.

a5ff7e9d1bf5d2e22a1b3585153d12ec.jpg

Жаркент қаласы

Жаркент Жетісу облысының уездік қаласы болған. Ол кеме жүрмейтін Өсек өзені бойында орналасқан. Жалпы санақ бойынша, қалада 16 372 адам, оның ішінде 9 458 ер адам және 6 914 әйел адам тұрған. 1 505 үй болды, оның ішінде біреуі әскери бөлімге тиесілі болған екі ағаш шіркеу болды. Екі училище: қалалық 2 сыныптық ерлер училищесі, әйелдердің приход училищесі, сонымен бірге шіркеу-приход мектебі болған. Қалада фабрика болмаған, бір сыра қайнату және бір былғары өңдеу зауыты болған. Тұрғындар егіншілікпен, бау-бақшамен, кірешілікпен және ішінара мал шаруашылығымен айналысқан. Қалада кедейлерге арналған жәрдемақы қоғамы жұмыс істеді және уездік балалар үйі құрылды, оны жақсарту үшін қамқоршылық ерікті қайырымдылық жинағын ашты. Сондай-ақ, қалалық қоғамдық басқарма қолөнер училищесін ашу туралы өтініш білдірді. Жәрмеңке 1 қазаннан 15 қарашаға дейін бекітілгенімен, бұл уақыт көшпелі қазақтар үшін қолайсыз болғандықтан, іс жүзінде жұмыс істемеген. Жәрмеңкедегі негізгі өнімдер ірі қара, жүн, былғары, қой терісі мен қыл болуы керек еді, бірақ қазақтар оларды көршілес Қарқара мен Аралтөбе жәрмеңкелеріне апарып саудалаған.

1a335571d5f16230c32a6092dc1bc1b0.jpg

Семей қаласы

Семей қаласы облыстық қала болды және кеме қатынайтын Ертіс өзенінің бойында орналасты. Санақ бойынша 26353 тұрғын, оның ішінде 14153 ер адам және 12200 әйел болды. Қалада 2200 үй, оның ішінде төрт шіркеу болды. Қалада тоғыз оқу орны, атап айтқанда ерлер прогимназиясы, әйелдер прогимназиясы, 5-сыныпты қалалық училище, ерлер приход училищесі, әйелдер бастауыш училищесі және төрт аралас шіркеу-приход мектебі болды. Сондай-ақ, 1884 жылы ашылған мұражай, кітапхана, бастауыш білім беру қоғамы және әртүрлі ғалымдар мен қайырымдылық қоғамдары болды. Қалада 15 қараша мен 1 қаңтар аралығында жәрмеңке өтті, онда негізінен астық пен май өнімдері сатылды. Тұрғындар саудамен және егіншілікпен айналысқан.

c89833da97e108de1db05e28daa87189.jpg

e4fc3a035d2c04d12c3d21c10dea49ef.jpg

Зайсан қаласы

Зайсан - Семей облысының уездік қаласы, кеме жүрмейтін Жеменей өзенін бойында орналасқан. Қалада 4 445 адам, оның ішінде 2 843 ер адам және 1 602 әйел адам тұрған. 412 үй, оның ішінде бір шіркеу және бір мұсылман намазханасы болған. Сонымен қатар, әскери шіркеудің құрылысы басталған. Үш мектеп болған: 3-сыныпты қалалық бастауыш әйелдер және ауылшаруашылық мектебі. Сонымен қоса, офицерлердің балаларына арнап әйелдер мектебін ашу жоспарланған. Қаладағы қалалық кітапхана жанында тегін оқу залы болған. 1901 жылдан бастап Зайсанда Никольский (мамырдың 3-нен 10-на дейін) және Филаретов (желтоқсанның 1-нен 8-не дейін) деген екі жәрмеңке болған. 1902 жылы Никольский жәрмеңкесінде 9 185 рубльге әртүрлі тауарлар сатылған (1901 жылғы айналымнан 1 535 рубльге көп) және 23 628 рубльге мал сатып алынған (1901 жылғы айналымнан 6 928 рубльге көп). 1901 жылы Филаретов жәрмеңкесі болмаған. Қалада 3 былғары зауыты, 3 диірмен, 2 тон зауыты, жүн жуу орны, ал маңайында - таскөмір кеніштері жұмыс істеген. Тұрғындар егіншілікпен, Семей, Өскемен, Нор-Зайсан көлінің Терек мүйісіне және басқа да жерлерге көмір және түрлі заттар тасымалдаумен айналысқан.

95a7d0b4f2b0a118b0c429ad6822322c.jpg

Өскемен қаласы

Өскемен Семей облысының уездік қаласы болған. Ертіс пен Үлбі өзендерінің бойында орналасқан, бұл екі өзеннің тек біріншісінде ғана кеме қатынаған. 1897 жылғы санақ бойынша тұрғындар саны 8 958 адам болған, оның ішінде 4 667 ер адам және 4 291 әйел адам. Қалада 1 349 үй, дүкендер және басқа ғимараттар, 2 шіркеу, бір часовня, бір мешіт, 8 училище (қалалық 3-сыныптық училище, Мариин әйелдер училищесі, ерлер приход училищесі, әйелдер приход училищесі, аралас приход училищесі, аралас казак училищесі, шіркеу-приход аралас мектебі және татар мектебі) болған. Қалада Халық үйі болды, онда кітапхана-оқу залы, шай бөлмесі және оқуға, концерттерге, спектакльдерге және т. б. арналған сахнасы бар зал болған. Қалада 7 былғары зауыты, 3 сабын қайнату зауыты, 1 балауыз зауыты, 13 май шайқау зауыты, 5 қой терісі, 6 кірпіш зауыты, 1 май қайнату зауыты, 1 майшам зауыты және бір диірмен болған. Қалада 24 қараша мен 9 желтоқсан аралығында Екатерина жәрмеңкесі өткен. 1900 жылы оның айналымы 27 952 рубльге тең болды, онда түрлі астық, аң терісі, балауыз, сиыр және өсімдік майлары, былғары, бал және жаңғақ сатылды. Тұрғындар егіншілікпен, ара шаруашылығымен және алтын өндірумен айналысқан.

7e0b5729fb6017c4bf9e1bd5d3e4d855.jpg

Көкпекті қаласы

Көкпекті қаласы Семей облысы Зайсан уезіндегі уезге жатпайтын қала болды. Ол суы таяз Көкпекті өзенінде орналасқан. Қалада 2 908 адам тұрды, оның ішінде 1 472 ер адам және 1 436 әйел адам. 98 үй, оның ішінде бір шіркеу, бір мешіт және бір аралас бірсыныпты училище болды. Жәрмеңкелер 9 мамырдан 9 маусымға дейін және 21 қарашадан 21 желтоқсанға дейінгі аралықта өткен, бірақ саудагерлердің аздығына байланысты олардың айналымы да өте аз болған. Қалада зауыттар мен фабрикалар болған жоқ. Тұрғындар Нор-Зайсан көлінде егін егумен және балық аулаумен айналысқан.

9cc08d07670aca2dcc121f3066cfa211.jpg

 Қарқаралы қаласы

Қарқаралы Семей облысының уездік қаласы болған. Қала да, қала маңындағы станица да Қарқаралы аталған тау бұлағы жанында орналасты. Санақ бойынша тұрғындар саны 4 455 адам, оның ішінде 2 474 ер адам және 1 981 әйел адам болған. Қалада 365 үй болды, оның ішінде бір шіркеу және үш училище: қалалық 3 сыныпты училище, әйелдер приход училищесі және бастауыш ауылшаруашылық мектебі. Қалада ресми түрде апталық жәрмеңке бекітілген (6 желтоқсаннан бастап), бірақ қаланың басқа қалалардан және сауда базарларынан алыстығына байланысты ол іс жүзінде болмаған. Алайда, жыл сайын 25 мамырдан 25 маусымға дейін қаладан 48 шақырым жерде орналасқан Қоянды пунктінде ашылатын Ботов жәрмеңкесі қала үшін маңызды болды. Бұл жәрмеңке негізінен Жетісу өңірінен жеткізілетін мал мен түрлі май өнімдерін өткізу үшін айырбастау пункті болды. Тұрғындар мал шаруашылығымен және саудамен айналысқан, ал аз ғана бөлігі – қолайсыз климаттық жағдайларға байланысты енді ғана ене бастаған егін шаруашылығымен айналысқан. Қарқаралы уезінде жалғыз ғана отырықшы қоныс - Қарқаралы қаласы болды, сол аттас казак станицасымен. Уездің қалған аумағы (184 мың шаршы верст) көшпелі қазақтардың иелігінде болды. Осы кеңістікте тау-кен өндірісінің қожайыны Поповтың мұрагерлерінің 2 балқыту зауыты болды, олардың негізгі контингенті де қазақтар болды. Иелерінің басқаруға икемсіздігі мен қабілетсіздігінің арқасында және қаражаттың болмауына байланысты бұл зауыттардың өнімділігі өте аз болды.

Қарқаралы уезінің көшпенділері арасында Тоқырау, Жәмші және Шу өзендері бойында егін шаруашылығы едәуір дамыды. Осы өзендерде, әсіресе Шуда, судың мол болуына байланысты бірнеше ондаған шаршы верст аумақтағы егістік жер суарылып отырды. ХХ ғасырдың басында онда күріш, қарбыз, қауын өсірілді, сонымен қатар беде егілген.

22928c2f81a9355c2f6443498fe5045c.jpg

 Павлодар қаласы

Павлодар Семей облысының уездік қаласы болған. Кеме қатынайтын Ертіс өзенінің бойында орналасты. Қала маңындағы станицамен бірге 1897 жылғы санақ бойынша тұрғындар саны 7 730 адамды құрады, оның ішінде 4 160 ер адам және 3 570 әйел адам болған. Қалада 710 үй, 2 тас шіркеу және 6 мектеп болды: 4 сыныпты әйелдер прогимназиясы, қалалық 3 сыныпты ерлер училищесі, әйелдер приход мектебі, аралас казак училищесі, шіркеу-приходтық училищесі және мұсылман училищесі. Қалада 2 май қайнату, 2 сабын қайнату, 14 кірпіш және бір сыра қайнату зауыты, 62 жел диірмені, 4 пароход айлағы болған. Қалада жәрмеңкелер болмаған. Тұрғындар егіншілікпен, кірешілікпен және балық аулаумен айналысқан. Ертіс өзені арқылы кеме қатынаған, соның арқасында тері, қой терісі және басқа да шикізат, сондай-ақ бидай мен тұз сатылған.

cb5f790d44c690a92908b5393637ca6a.jpg

 Омбы қаласы

Омбы қаласы Дала генерал-губернаторлығының және Ақмола облысының әкімшілік орталығы болды. Қала Сібір темір жолының желісінде және кеме жүретін Ертіс өзенінің оң жағалауында, сондай-ақ Омь өзенінің екі жағында орналасты. Қалада 42 593 адам (20 911 ер адам және 21 682 әйел адам), шамамен 3000 үй, оның ішінде 13 шіркеу болды. Қалада қалалық, мемлекеттік және Сібір сауда банктері, қалалық ломбард, сондай-ақ 21 оқу орны жұмыс істеді. Соңғылардың қатарына кадет корпусы, ерлер мен әйелдер гимназиялары, мұғалімдер семинариясы, уездік училище, әйелдер прогимназиясы, екі техникалық училище, екі дайындық пансионы және 11 приход училищесі кірді. Сондай-ақ, бастауыш білім туралы қамқорлық қоғамы, кітапхана және әртүрлі қайырымдылық және ғалымдар қоғамдары болды. Қала тұрғындары (казактар мен мещандар) тек ішінара саудамен айналысты, ал олардың негізгі кәсібі егіншілік және мал шаруашылығы болды.

d572b436bfb59153c77ecf0c9b0269d0.jpg

 Петропавл қаласы

Петропавл қаласы Ақмола облысының уездік қаласы болды және бір мезгілде Сібір темір жолының желісінде және кеме жүрмейтін Есіл өзені бойында орналасты. Ол Далалық өлкедегі ең жақсы жабдықталған қалалардың бірі болып саналды: Галкин шамдарымен жарықтандырылды, су құбыры, жаңа жетілдірілген қасапхана және басқалары болды. Полиция мәліметтері бойынша, қалада шамамен 26000 адам өмір сүрген. Қалада барлығы 3 165 үй болды, оның ішінде 163-і тастан және 3 002-сі ағаштан салынған. 6-дан шіркеу мен мешіті болған. Алты мешіттің барлығының жанында ерлер мен әйелдер мектептері болған. Қалада бір еврей ғибадатханасы, үш несие мекемесі (мемлекеттік банк филиалы, қалалық қоғамдық банк және қалалық Ломбард) және сегіз оқу орны болған. Соңғыларының қатарына қалалық 5 сыныпты училище, дайындық сыныбы бар 4 сыныпты әйелдер прогимназиясы, 2 шіркеу – приход мектебі, әйелдер приход училищесі, ерлер мен әйелдердің екі станицалық мектебі, жексенбілік мектеп кірді. Қалада қоғамдық жиналыс өтіп тұрды, музыкалық-драмалық қоғам, кедейлерге арналған жәрдемақы, еркін өрт сөндіру қоғамы, халыққа арналған тегін бөлімі бар қоғамдық кітапхана, перзентханасы бар қалалық аурухана, қоныс аудару орталығы, әскери лазарет, уездік аурухана болды. бір фабрика (жүн-мақта) және 68 зауыт болды, оның ішінде: 6 былғары, 10 қой терісі, 3 ішек тазартқыш, 14 май қайнату, 4 сабын қайнату, 3 жүн жуу, 2 майшам, 3 желім қайнату, 21 кірпіш, 2 сыра-бал қайнату зауыттары. 1 су диірмені, 12 жел диірмені, 25 темір ұстасы, 4 жасанды минералды су мекемелері болған. Қалада Петров (25 маусымнан 25 шілдеге дейін) және Андреев (20 қарашадан 20 желтоқсанға дейін) жәрмеңкелері жұмыс істеген. Петров жәрмеңкесінде негізінен кенеп, шаруа бұйымдары, қарасора, талшық, сиыр майы, Воткинский мен Кыштым зауыттарының экипаждары, доңғалақтар, өрімдер, ыдыс-аяқ, қыш және ішінара өндіріс тауарлары сатылды. Андреев жәрмеңкесінде өндіріс, галантерея, аң терісі мен май өнімдері, темір бұйымдар, Вена жиһазы, айналар, иконалар және басқа да тауарлар, әсіресе шетелге, сондай-ақ Санкт-Петербург пен Мәскеуге жіберілетін ет пен құс саудаланды. Тұрғындар егіншілікпен және саудамен айналысқан. Азиялық тауарлар мен малдың шикі өнімдерін сатуға арналған айырбас ауласы болған.

940acacbdfbc30dab66540ee99b9c5de.jpg

 Көкшетау қаласы

Көкшетау Қопа көлінің жанында орналасқан, Ақмола облысының уездік қаласы болған. Қалада 4 000 жуық адам өмір сүрген. 477 үй, оның ішінде бір шіркеу, бір мешіт және екі училище болған. Олар: қалалық 3 сыныптық училище (жанында қоғамдық кітапханасы бар) және бастауыш білім беру училищесі. Қалада фабрикалар болған жоқ, бірақ былғары өңдеу және сабын қайнату зауыттары болған. 1901 жылдың көктемінде қонақ үй алаңында қазыналық шарап-тазарту қоймасының құрылысы басталған. Тұрғындар егіншілікпен және саудамен айналысқан. Қалада 1895 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген қарапайым өзін-өзі басқару болған.

b5393e15357105ec902ec7ac150f4972.jpg

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?